Тренинг: «Еңбектің наны тәтті»
1 Кіріспе
Адам жанын түсіне білу оны зерттей білу - үлкен өнер. З. Фрейд «Армансыз адам қанатсыз құспен тең» дегендей адам баласы мектеп бітіргеннен кейін, өзі армандаған мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым мақтанышым» дей отыра сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына жете білуі керек.
Мамандық жай күнелту ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып еңбектің рақатын көреді. Адам атақ абыройға кенеледі. Кез келген адамнан шеберлікті, қажымас қайратты, еңбектенуді керек етеді.
«Ұялмаған өлеңші болады ерінбеген етікші болады» деген халқымыздың даналық сөзі бар.
Адам баласы қалай болса солай сүйреуге көне беретін тулақ та емес, қалай қақса солай домалайтын «алланың» добы да емес. Адам өзінің ыңғайымен, еркімен қызмет ететін жан. Кісі іштен туғаннан ақ белгілі бір өнерге, қызметке икем болып туады. Басқаша айтқанда, әр адамда бір нәрсеге талап ыңғай қабілет немесе зеректік болады. Біреу бала оқытуға, біреу мал бағуға, біреу әскерлікке, біреу жазушылыққа, біреу дәрігерлікке, біреу саудаға, біреу сөзге, біреу дауға ыңғайланып жаралады. Әрбір адам өз жұмысын бар ықыласымен атқарса еңбегінің жемісі де тәтті болады. Ол аз тапсын көп тапсын шын ниетімен тапқан наны әрқашан да берекелі болмақ.
1. «Танысу»
Бүгінгі жұмысымызды танысудан бастайық.
2. «Арт терапия»
Енді келесі жұмысымызға келетін болсақ ол - арт терапия, яғни шеңбер бойынша сурет саламыз. Біз бір ұжымда еңбек етіп жүргендіктен жұмысымыз байланысты болғандықтан ойымыз бір жерден шығатыны сөзсіз. Қолдарыңызға алдарыңызға берілген ақ парақпен қарындашты алып сурет саласыздар, жаймен музыка ойнап тұрады, музыка тоқтаған кезде сіздер өздеріңіз салған суретті келесі адамға жалғастырасыз. Осылайша өз суретіңіз қайта оралғанша шеңбер бойымен жалғаса береді. Өзінің бастаған суреті өзіне келгенде, өз суреттеріне қарай тақырып беріп талдау жұмысы жүргізіледі.
3. «Ой толғау»
Сұрақ жауап.
Педагогикалық әдеп дегенді қалай түсінесіз?
Жауап: Педагогикалық үрдісте әрбір тәрбие мәселесін шешуде жеке адамдармен не ұжыммен қарым қатынас жасауда көрінетін сапа.
Педагогикалық қабілет дегенді қалай түсінесіз?
Жауап: Жеке адамның педагог ретінде балаларды тәрбиелеуде жоғарғы көрсеткіштерге жету шарты болып табылатын психологиялық ерекшелік.
Дарындылық дегеніміз не?
Жауап: Қабілеттердің өте жоғарғы деңгейі, адам мүмкіншіліктерінің әр түрлі сапада ерекше сипатқа ие болуы.
Жаңашыл педагог дегенді қалай түсінесіз?
Жауап: Өзіндік ерекшелігі бар, шығармашылық зертханасын жетілдіре түсетін, оқу тәрбие жұмысын жүргізудің әдістемелік ерекшеліктерін дамыта алатын педагог.
Педагогикалық шеберлікті қалай жетілдіруге болады?
Жауап: ашық сабақтарға қатынасу, әдістемелік басылымдар арқылы іздеу, білім жетілдіру курсына қатысу, тәжірибе алмасу, қалалық, облыстық семинарларға қатысу.
Мақалды жалғастыр.
Жас кезімде бейнет бер
Қартайғанда дәулет бер
Еңбек ерлікке жеткізер
Ерлік елдікке жеткізер
Еңбек ширатады
Өмір үйретеді
Еңбекте қорлық жоқ
Шындықта зорлық жоқ
Халық қазы
Еңбек таразы
Еңбек түбі қуаныш
Сауда түбі реніш
Жұмысы жемістінің
Өмірі келісті
Еңбексіз тапқан мал
Есепсіз кетер
Еңбектен қашпа
Ырысыңды шашпа
Көп еңбегі көңілді
Еңбек ет те міндет ет.
4. «Сиқырлы орындық»
Құрметті ұстаздар қазір біз мына сиқырлы орындыққа кім лайықты сол адамды анықтаймыз ол үшін мен мынадай сұрақ қоямын. Осы жанар балабақша ұжымындағы білімді, ақылды, шебер, төзімді ұқыпты, белсенді, еңбекқор, алғыр, тиянақты өз ісіне жауапты, берілген тапсырманы дер кезінде орындайтын сөзі өткір тұлға ретінде кімді ұсынасыз?
Ойын шарты: мен сіздерге кішкене парақша тарқатамын сол жерге сіздер жауабын жазасыздар. Кім көп дауыс жинайды, сол адам сиқырлы орындыққа отырады. Бәріміз сол адамға жағымды комплимент айтамыз.
5. «Релаксация»
Көзімізді жұмып, терең демалып, еркін тыныстайық. Жайма шуақ көктем мезгілі, күн жып жылы, нұрын шашып тұр. Жылуын шашқан күн нұры аяғыңызға түсіп, бүкіл тұла бойыңызды жылулық кернеп алды. Барлығымыз далаға шығамыз. Далада ағаштар жапырағын жайқалтып, гулдеп жасыл желекке айналған. Әрбір ағаштың жанынан өткен сайын жасыл жапырақтың иісін сезінесіз, қызғалдақтардың арасында келе жатырсыз. Екі қабатты автобус күтіп тұр, автобусқа мінесіз де саяхатқа қала аралауға шығасыз. Әсем қаланы аралап келесіз. Қаланың әдемілігіне көзің тоймайтын керемет сезімдесіз. Әсем қаланың орталығында орналасқан әмбебап дүкенге кірдіңіз, дүкеннен өзіңізге ұнаған бір нәрсені сатып алыңыз. Кері автобусқа мініп әсем әуенмен тұла бойыңызды сергітіп, көкірегіңіз шаттыққа толы жүзіңізбен оралыңыз. «Мен салмақтымын, төзімдімін, қиындықты жеңіп келемін, келешекте мені жақсы күндер күтіп тұрғанына сенімдімін» деп өзіңізге айтыңыз. Терең демалып көзімізді ашайық.
6. Ағаштағы адамдардың көңіл - күйі әртүрлі және әрқайсысының өзіне ғана тән орны бар. Ең алдымен, өзіңізге қайсысы көбірек ұқсайтынын анықтаңыз. Артынша ұқсағыңыз келетін адамды таңдаңыз.
Тест жауабы:
1) Ешнәрседен қорықпайтын, батыл мінезді адамдар №1, 3, 6, 7 позицияларды таңдайды.
2) Қандай жағдай болмасын достарынан қолұшын аямайтын, ақкөңіл адамдар №2, 11, 12, 18 және 19 позицияларды таңдайды.
3) Кез келген қиындықты оңай өткеріп отыратын адамдар №4 позицияны таңдайды.
4) Шаршаңқы, көңілсіз жүретін адамдар №5 позицияны таңдайды.
5) Көңіл көтеруді ұнатып, той - томалақтан қалмайтын адамдар №9 позицияны таңдайды.
6) Іштей қапаланып, үнемі уайымдап жүретін, көпшіліктің ортасында жүруді ұнатпайтын адамдар № 13, 21 позицияны таңдайды.
7) Өзімен сырласып, өзі ғана білетін әлемде өмір сүретін жандар №8 позицияны таңдайды.
8) Өмірдің әр сәтін бағалап, жан тыныштығын қалайтын адамдар №10, 15 позицияларды таңдайды.
9) Бақытсыз, тағдырына лағнет айтып жүретін жандар №14 позицияны таңдайды.
10) Айналасындағыларды өзіне бағындырып, мүмкіндіктерін асыра сілтейтін адам №20 позицияны таңдайды.
11) Көпшіліктің ықыласына бөленгенді ұнататын, өзгелердің пікіріне толықтай тәуелді жандар №16 позицияны таңдайды. Көп жағдайда №17 позициядағы адамнан қолдау күтеді.
6. «Жылы лебіз» бір бірлеріңізге жылы лебіздерімізді білдіреміз.
Тренинг: Еңбектің наны тәтті
- Lazzat1985
- 8 қазан 2015
- 5810
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тренинг еңбектің наны тәтті, мамандық таңдау жайлы
Ұқсас жаңалықтар:
Менің болашақ мамандығым
Сабақтың мақсаты: 1. Жаңа сөздерді меңгерту, мәтінді оқып, әңгімелеу, тапсырмаларды орындату. 2. ойлау қабілеттерін дамыту, сөйлеу тілдерін жетілдіру....Біз-бір командамыз (тренинг)
Мақсаты: 1. Педагогтар арасында қарым - қатынасты нығайту, жағымсыз көңіл - күйден арылу, күш - қуат жинау, өзін - өзі тану, құрметтеу, өзін еркін...Мамандық таңдауда қателесуге болмайды!
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы №182 мектептің педагог-психологы Әбіл Гүлназ Базаралықызы...Мамандығым мақтанышым
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің орыс тілі пәнінің мұғалімі Рсалина Жанаргуль Хайроллаевна...Мамандықтың бәрі жақсы
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Сапақкөл орта мектебінің мектепалды даярлық сыныбының тәрбиешісі Бисенгалиева Шаттық Жумаевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.