Сайтқа кіру Тіркелу

Әсемдікке ұмтылайық

Ақтөбе қаласы,
№55 орта мектептің мұғалімі
Р. Шауменова

Тақырыбы: Әсемдікке ұмтылайық
(6 сынып оқушыларына арналған «Өзін – өзі тану» сабағының жоспары)
Сабақтың мақсаты:
Әсемдікке ұмтылу мен адамның жан сұлулығы дұрыс әрекет жасау құндылығынан туындайтыны туралы түсінік беру.
Міндеттері:
1. Оқушыларға жамандық ойламау арқылы дұрыс әрекеттің мәнін ұғындыру.
2. Оқушыларда сенімділік қасиеттерін дамыту;
3. Оқушыларды әдепті болуға тәрбиелеу.
Ресурстар:(құралдар, мәліметтер) Оқулық, дәптер, күнделік, қалам, түрлі - түсті қарандаштар,
бейджик, аудиокасета.

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңі. (амандасу, түгелдеу) 5 «Т» ны сақтау.
Тыныштық сәті. «Күннің нұры»
Баяу әуенмен.
Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ - қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

2. Үй тапсырмасын тексеру.
Тапсырма: М. Жұмабаев «Сұлулық сезімдері» атты мәтінді оқу, 33 - бет.
Мәтін мазмұнын тыңдау.
Мазмұны бойынша сұрақтар:
*Табиғаттың сұлулығы неде?
*Адамның «Жан сұлулығы» дегенді қалай түсінесіңдер?
*Сұлулықты неден іздеуіміз керек?
1. Адамдарға әдептілік не үшін қажет?
2. Сенімділік пен жамандық ойламауды қалай түсінесің?
3. Сұлулық сезімдері адамдарды неге үйретеді?

3. Дәйексөз
«Сырты сұлуға көз қызығады, іші сұлуға жүрек қызығады»

(Ғабиден Мұстафин Қазақстан халық жазушысы, қоғам қайраткері, 1902 - 1984)

Бәріміз қосылып айту. 2 - рет ұлдарға, 2 - рет қыздарға айтқызу.

*«сырты сұлу», «іші сұлу» деген сөздердің мағынасын қалай түсінесіздер?

4. Әңгімелеу. Мұғалімнің сыйы.
«Екі дос» (аңыз).
Баяғыда екі дос шөл далада келе жатады. Олар бір нәрсеге дауласып қалады. Біреуі екіншісін ашуланып шапалақпен ұрып жібереді. Оның досы ауырғанын сезгенімен ештеңе айтпады. Ол үндеместен құмға «Бүгін менің ең жақын досым мені шапалақпен ұрды» деп жазды.
Екі дос айырылмастан жүруді жалғастыра берді.
Арада біраз күн өткен соң олар көлді жерге келеді. Екеуі суға түседі. Таяқ жегені суға ағып кете жаздайды, оны досы құтқарып қалады. Ол есін жиып өз – өзіне келгеннен кейін «Бүгін менің ең жақын досым менің өмірімді құтқарып қалды» деп тасқа қашап жазады. Біріншісі түсінбей досынан сұрайды:

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×