Пәні: Өзін - өзі тану
Сабақтың тақырыбы: Еңбекқорлық пен еріншектік
Сабақтың мақсаты: Білімділік: оқушылардың “еңбек” құндылығы туралы түсініктерін кеңейту, еңбекқор мен еріншек туралы түсінік беру;
Дамытушылық: еңбекке қызығушылықтарын арттыру;
Тәрбиелік: еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: саяхат сабақ
Сабақтың кезеңдері:
І арал: “Көңілді шаттық шеңбері”
ІІ арал: “Ой - жүйрік ”
ІІІ арал: Кел, балалар оқылық!
ІІІ арал. Кел досым, би биле
V арал. Бабалар сөзі – даналық көзі
VI арал. Шығармашылығыңды шыңда
VIII арал. Біліп ал!
IX арал. Қалам ұстап, ой қозғайық
Х арал Ертегілер әлемінде
ХІ арал Жүректен шыққан жылы сөз
Сабақтың барысы:
Сынып оқушылары 2 топқа бөлініп, 2 кемемен «Еңбексүйгіштер еліне» саяхатқа шығады. ТРЕНИНГ
Кеменің сапарға дайындығын тексерейік. Әркім кемедегі өз орнына отырып, әрбір айтылған бұйрықтан кейін иә деп, қимылды қайталап отыру қажет.
1. Саяхатқа дайындалыңыздар. (иә!)
2. Контакт. (қолды созу)
3. Педальді тексер. (аяқты тарсылдату)
4. Локаторды тексер. (құлақты уқалау)
5. Желкенді тексер. (екі қолды көтеру)
6. Дүрбіні тексер. (көзді уқалау)
7. Экипаж мүшелерін тексер. (бірін - бірі құшақтау)
8. 1 - ден, 5 - ке дейін санағанда у - у - у деңдер. 6 - дан 10 - ға дейін санағанда «ура!» деңдер.
І арал: “Көңілді шаттық шеңбері”
Жақсы бала еңбекшіл
Ер азамат болады.
Қиындықты жеңіп кіл,
Құшағы гүл толады.
Қайырмасы:
Еңбекшіл осындай,
Болайықшы досым - ай.
ІІ арал: “Ой - жүйрік ”
Еңбектену адамға не үшін қажет?
Еңбекқорлық адамды қандай қасиеттерге баулиды?
Өзіңді еңбекқормын деп санайсың ба?
ІІІ арал: Кел, балалар оқылық!
“Еңбексүйгіштік пен еріншектік” ертегі В. А. Сухомлинскийдің ертегісін оқу.
- Еңбексүйгіш пен Еріншектің әрекеттерін салыстырып, ерекшеліктерін айтып беріңдер.
-«Нағыз адамның өткен жолдары өшпейді» дегенді қалай түсінесіңдер?
Еңбексүйгіштің бойында қандай жақсы қасиеттер бар?
ІІІ арал. Кел досым, би биле
Қырға шықсаң өрлеп (қолдарын кезек - кезек жолға көтереді)
Мұның аты - еңбек. (екі қолын жаяды)
Кесте тіксең зерлеп, (оң қолымен ине ұстап, тіккен қимылды көрсетеді)
Мұның аты – еңбек. (екі қолын жаяды)
Сабағыңа жөндеп (жанындағы көршісіне қарап сол қолын жаяды)
Әзірленсең еңбек. (екі қолын жаяды)
Қиындықтың бәрін (құшағын ашады)
Еңбек қана жеңбек. (екі қолын жаяды)
V арал. Бабалар сөзі – даналық көзі
Шатасқан әріптерден Абай атамыздың нақыл сөзін табу.
Лмнжеңбектісқұнқуанышлмрнужалқаулықпраустынайырылмастақолкеазаптир
ҚКИТАБАЙДТМ
«Еңбек – қуаныш, жалқаулық – айырылмас азап» Абай
VI арал. Шығармашылығыңды шыңда
“Еңбек пен бақыт – егіз” Көзқарас – себеп – мысал – қорытынды әдісімен талқылайды.
І топқа
М. Әлімбаев “Ұмытшақ па әлде еріншек пе?”
ІІ топқа
М. Әлімбаев “Менің оған нем кетті”
VIII арал. Біліп ал!
Адам ерінбей еңбек ету арқылы қуанышқа, шаттыққа бөленеді.
IX арал. Қалам ұстап, ой қозғайық
І топ Еріншек пен Еңбекқорға тән мінездерді бөліп жазу.
ІІ топ Еңбекке байланысты мақал - мәтелдер жазу.
Х арал Ертегілер әлемінде
І топ “Балтаның сабы” ертегісі бойынша сурет салып, ертегіні әңгімелейді.
ІІ топ “Алтын балта” ертегісі бойынша сурет салып, ертегіні мазмұндайды.
ХІ арал Жүректен шыққан жылы сөз
Балалар шеңбер құрып тұрады. Бір - біріне жақсы тілектерін білдіреді.
Еңбекқорлық пен еріншектік
- Jazira
- 18 ақпан 2015
- 6799
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Еңбекқорлық пен еріншектік, өзін-өзі тану сабағы
Ұқсас жаңалықтар:
Ы. Алтынсарин «Бір уыс мақта»
Мақсаты: оқыған шығарма мазмұнын әңгімелеуге, таныс ертегіні суреттерге қарай отырып айтып білуге талпындыру. Балалардың тілдерін жетілдіру, тіл...Көлдер және бөгендер. Каспий теңізі, Арал теңізі, Балқаш көлі.
Мақсаты: Білімділік: Қазақстандағы көлдер мен бөгендердің республика аумағында орналасуы және пайда болуы жөнінде оқушылардың білімін кеңейту....Қазақстан көлдері
Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, №35 Иса Тоқтыбаев атындағы мектеп - лицейінің география пәнінің мұғалімі Әбдреева Ажар...Матниязова Гульнар Кадиржановна
Қызылорда облысы, Арал қаласы, Арал көпсалалы колледжінің орыс тілі мен әдебиеті пәні оқытушысы Матниязова Гульнар Кадиржановна...Физикадан тректік шолу
Аты-жөні: Айнакуз Сагынбаева Туған жылы: 20 мамыр 1954 жыл Білімі: жоғары Бітірген оқу орны: Қызылорда қаласындағы Н.В.Гоголь атындағы педагогикалық...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.