Сайтқа кіру Тіркелу

Табиғатқа қамқорлық

Мақсаты: Балалардың “табиғат”, “қамқорлық” құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту
Міндеттері:
- Табиғат пен адам үйлесімділігі, оның адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;
- Табиғатқа қамқор бола білу іскерліктерін дамыту;
- Табиғаттың аң - құстарына қамқор болуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: электронды оқулық, слайд шоу, бейне үзінді, түрлі - түсті кеспе қағаздар
Шаттық шеңбері
Мен де балғын гүлмін!
Арасында гүлдің,
Ойнап бүгін жүрдім.
Қызыл, көкшіл, сары
Әп - әдемі бәрі.
Бірі сондай ірі,
Ал нәп - нәзік бірі.
Дейтін көкем: - Күнім,
Дейтін апам: - гүлім.
Енді ғана білдім –
Мен де балғын гүлмін!
Мәтінмен жұмыс
“Табиғат - ана” әңгімесі
А. Мырзағұлова
Әңгімелесу
1. Табиғаттың адамға жасаған қамқорлығы дегенді қалай түсінесіңдер?
2. Табиғат - ананың көріктеніп, сұлулығының артуының сыры неде деп ойлайсыңдар?
3. Сендер Табиғат - ананың көріктене түсуіне өз үлестеріңді қалай қосар едіңдер?
Тапсырма
- Табиғаттағы жарқыраған нелер? (күн, ай, жұлдыз)
- Табиғаттағы көгілдір нелер? (аспан, өзен, көл, теңіз, мұхит)
- Табиғаттағы жайқалған нелер? (ағаштар, гүлдер)
- Табиғатта ән салған нелер? (құстар)
- Сыбырлаған нелер? (жапырақтар)
- Сыңғырлаған нелер? (сулар)
- Осының бәрін бір сөзбен не дейді екенбіз? (Табиғат - ана)
Дәйексөз
Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр,
Ізіңді қалдыр – істен мұра шаша жүр,
Өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр
Халық даналығы
Жаңа ақпарат
Табиғат дегеніміз – аң, құс, өсімдік, тау, тас, өзен, көл, ауа, жер. Біздің
тіршілік ортамыз. Олардың барлығы табиғаттың бізге берген сыйы.
Табиғаттың тарту еткен сыйын аялау, оған қамқорлық жасау әрбір
адамның міндеті.
Тыныштық сәті
Балаларға табиғат құдіреттілігін сезіндіру мақсатында тыныштық сәті ұйымдастырылады. Балалар денелерін түзу ұстап, бастарын жоғары көтеріп, ыңғайланып отырады. Қазақстанның әсем табиаты жөнінде бейнебаян тамашалайды. Кейін алған әсерлерімен бөліседі.
Тапсырма
- Табиғатқа қамқорлық керек, өйткені...
Қорытынды
- Балалар, табиғат - ана барлығына ортақ. Ол адамдарды, айналасындағыларды жаман - жақсы деп талғамайды. Өзінің сыйын бәріне бірдей береді. Мысалы, Күнді алып қарайықшы, ешкімді алаламайды, нұрін, жылуын барлығына теңдей ұсынады, бәріне бірдей бақыт, қуаныш сыйлайды. Күннің атынан сөйлеп көрейікші:
Жүректен жүрекке
Даламдай кең пейілім. (Құшақтарын ашады)
Жүрегім толы мейірім.(жүрек тұсын қолдарымен ұстайды)
Мен үшін жоқ уағың (қолдарымен кіші дегенді көрсетеді)
Бәріңе ортақ шуағым. (екі қолдарын көтереді)
Кері қайту
Ілмек сөздер: өзін-өзі тану
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×