Мақсаты:
Оқушылардың таным жолында жеткен өзіндік ізденістерінің жемісін шығармашылықпен қолдана алу және өзін - өзі танудың жалпыадамзаттық ғұмырындағы, жеке өмірдегі маңызы мен қажеттілігі туралы түсініктерін бекіту.
Міндеттері
- оқушылардың өзін - өзі тану сабақтарында жыл бойы алған білімдерінің нәтижесін тексеру;
- оқушылардың рухани адамгершілік құндылықтар туралы алған білімдерін шығармашылықпен пайдалана алу қабілеттерін дамытуға ықпал ету.
- оқушыларды өз еңбегінің жемісін шаттықпен тани алып, өзгелердің еңбегін орынды бағалай алуға тәрбиелеу
Көрнекілігі: слайд - презентация, шарлар кеспе қағаздар
Шаттық шеңбері: «Өз елім» әні
Әңгімелесу
- өзін - өзі тану сабақтарының маңыздылығы неде?
- өзіңді және өзгелерді тани отырып, сендер қандай игіліктің, құндылықтың бар екендігіне көз жеткізіңдер?
- жақсы адам болу үшін қандай қасиеттер керек екен?
- жасампаздық жарасымы дегенді қалай түсінуге болады?
Мәтінмен жұмыс
Бұл мәтінді адам қолымен жасаған игілікті істің жасампаздық күші туралы айтылады. Еңбекпен тапқан адал тиынның адамды зор бақытқа кенелтіп, өмірлік азық болатынына назар аудару қарастарылады. Мұғалім сүйіспеншілікпен қосылған екі жастың ата - анаға деген мейірімін алғысын олардың барша халық үшін орнатқан ғажайып бағынан көруге болатынын «Ғажайып бақ» мәтіні арқылы дәйектейді.
1. Асан мен Қасеннің адалдығын неден көруге болады?
2. Қариялардың сыйлығын балалары неліктен қабылдамады?
3. Әділ шешім айтқан шәкірттің әрекетін қалай бағалар едіңдер?
4. “Жасаған жақсылығың, қайырымың зая кетпейді,” – дегенді қалай түсінуге болады?
5. Шын ниетпен жасалған жақсылық адамды қандай сезімге бөлейді?
Дәйексөз
Өзін - өзі тану – рухани өркендеудің түп тамыры және адамгершілік құндылықтардың негізі.
Сара Алпысқызы.
Ойын «Күн көзін бұлттан ашу.»
1 бұлттың тапсырмасы: Тренинг «Жүрек жылуы»
- Қазір оқушылар, бәріміз көзімізді жұмып, әдемі ішімізден жақындарымызға, достарымызға, жанымызға жақын адамдарға жақсы тілек тілейік.
- Көзімізді ашамыз. Енді бұл тілекті жасырын ұстаймыз. Бұл тілектің орындалуын тілейміз.
- Қазір бір - бірімізге мақтау сөз айтып, жақсы тілек жолдаймыз.
Мысалы мен: «Сіз бүгін сондай сүйкімді болып тұрсыз. Жүзіңнен күлкі кетпесін. Достарың көп болсын....»
2 бұлт тапсырмасы:
«Мен» деген сөзге әркім өзі туралы мына сұрақтарға жауап беріп толтырады.
Жақсылық көрсең біреуден,
Мен қандаймын деп ойла.
Жамандық көрсең біреуден
Мен қандаймын деп ойла
3 бұлт тапсырмасы
Жақсы жетектесе - тартына көрме
Жаман жетектесе – артынан ерме
Мінеки балалар сендердің қайырымдылық көмек көрсетулеріңнің арқасында күніміз жарқырап шыға келді.
Ашылған бұлттың соңынан әсем кемпірқосақ пайда болды.
Кемпірқосақ жеті түстен тұрады.
Осы түстердің әрқайсысында жақсы ақыл кеңес бар екен.
1 Әр күнді жақсы ойлар ойлаумен бастап, бос өткізбе
2 Күні бойы өзіңді қоршаған адамдардың бәрі туралы тек сүйіспеншілікпен және ізгілікпен ойлай жүр
3 Ұйықтар алдында бүгін қанша адамды қуанттым, жұбатқаныңды, қайырым жасағаныңды есіңе түсірг.
4 Басқалардың қажетіне жарай білуге талпын.
5 Ата - анаңның мейірім шуағын сезініп, қадірлей біл..
6 Тыныштық сақтай білуге үйрен, Нәзік үнмен биязы, мәдениетті сөйлеуге үйрен
7 «Жақсылыққа жақсылық - әр кісінің ісі, Жамандыққа жақсылық ер кісінің ісі» деген мақалды түсініп жадыңа ұста.
Жүректен - жүрекке
Оқушылар өз болашақтарына байланысты кеспе қағаздарға тілек жазады да, шарларға жабыстырады.
Қорытынды.
Бекіту.
Шығармашылық шаттығы
- Жанар М
- 21 ақпан 2014
- 18286
- 0
- 0
Ілмек сөздер: өзін-өзі тану, шығармашылық шаттығы
Ұқсас жаңалықтар:
Жақсылық туралы мақал-мәтелдер
Жақсылық қылсаң өзіңе, Жамандық қылсаң өзіңе, Аспанға қарай оқ атсаң Қайтып тиер көзіңе....Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен
Құндылық: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау. Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, кішіпейілділік, мейірімділік, ізгілік...Жақсылық жасау да - бақыт
Маңғыстау облысы, Түпқараған ауданы, С. Шапағатов селосы, №1 мектеп - лицейі жанындағы "Балдәурен" шағын орталығында педагог - психолог Ерекешова...Мейірімділіктің жолы- жарық күн
Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...Адамгершілік-асыл қасиет
Ақтөбе облысы, Ойыл ауданы, Қараой мектеп-бала бақшасы Мырзагалиева Сандигул Сандигалиевна Адамгершілік-асыл қасиет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.