Сайтқа кіру Тіркелу

Туған жер ғажаптары

Тақырыбы: Туған жер ғажаптары
Өзiн - өзiтану сабағының жоспары 3 класс
Құндылық: Қиянат жасамау. Қасиеттер: ізгілік, қамқорлық, жанашырлық.
Сабақ мақсаты: Оқушыларға туған жер ғажаптары ұғымын түсіндіре отырып, жалпыадамзаттық Қиянат жасамау құндылығының мәнін ашу.
Міндеттері:
- оқушыларға ізгіліктің маңызды екенін ұғындыру;
- оқушылардың қамқорлық қасиетін дамыту;
- оқушыларды жанашырлыққа тәрбиелеу; Ресурстар:

Сабақ барысы:
1. Ұйымдастыру кезеңi. – 5 «Т»
1. Тәртіп + Сүйіспеншілік
2. Талап
3. Тыныштық
4. Тазалық
5. Татулық
2. Жағымды жағдай жасау.
Күннен нұрды алайық,
Бір - бірімізге қарайық.
Құшақ толы нұрды біз,
Айналаға шашайық.
Мен Нұрлымын!
Сен Нұрлы!
Әлемге түгел Нұр толды!
Сабақ барысын талқылау:

3. Үй тапсырмасын тексеру.
№29 - сабақ. 112 - бет Қ. Толыбаев «Күн мен гүлдер» әңгімесін оқу.
- Шұғынықты кім оятты?
- Сауле кімге барды?
- Күн гүлдерді, шөптерді қалай оятты?
- Қандай әрекетке адам гүлдей жайнайды?
- Мейірімді жүрек не сыйлайды?
- Жақсылық жасаудан біздің жүрегіміз неге бөленеді?
4. Дәйексөз.
«Жақсылық жасау - әр адамның жүрегінде...»
Мұғалім сөзі
- Дәйексөздің мағынасын қалай түсінесіздер? 2 рет қыздар
2 рет ұлдар
1 рет бәріміз
Дәптерге жазу.

5. Әңгіме (сұхбат) Мұғалім сыйы.
Аңыз әңгіме:
«Тату ағайындылар»
Өте ертеде бір патшалықта екі ағайынды өмір сүріпті. Екеуінің үйі таудың екі жағында болса да, олар бір - біріне көмектесіп, тату - тәтті өмір сүреді.
Бір күні ағайындылар егінді жинап алып, теңдей бөліп алады. Сол күні түнде үлкен ағасы ойлайды: «Біз егінді бірдей етіп бөліп алдық, бұл дұрыс емес. Інім жаңа ғана шаруашылығын бастап жатыр. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Ағасы тұрып, түнде інісіне бір қап бидайды апарып тастайды.
Ал бұл кезде інісі жатып, олда ойлап жатады: «Жоқ, біз егінді дұрыс бөліскен жоқпыз. Ағамның отбасы үлкен, жасы да менен үлкен. Оған маған қарағанда көбірек керек».
Таңға жақын інісі де білдіртпей бір қап бидайды ағасына апарып тастайды.
Таңертең ағайындылар өз қамбаларына қарап, таң қалады: «Бұл қалай? Кеше бір қап бидайды ағама апарып беріп едім ғой, ал бидай азаймапты». Олар қаптарды қайта - қайта санайды да, таң қалады: «Бұл не ғажайып?!»
Түн болысымен ағасы мен інісі бір бидай қапты арқалап, үйлерінен шығады.
Толық ай туады, түн жарықтандырып тұрған. Осы жерде қарағайдың түбінде екі ағайынды кездесіп қалады. Ағасы сұрай бастайды:
- А, бұл сен бе? Кештетіп қайда бара жатырсың?
Інісі айтады:
- А, бұл сен бе едің? Ал сен қайда бара жатырсың?
Екеуі де үндемей қалды, бір - бірін түсіне қояды да, қарқылдап күліп жіберді. Осыдан кейін екеуі бір - бірін одан да қатты жақсы көріп кетеді.
Сұрақтар:
1. Екі ағайындылар қалай өмір сүрді?
2. Үлкен ағасы қандай ойға келді?
3. Кіші інісі қандай ойға келді?
4. Жақсы іс - әрекетке қандай күш итермелейді?
5. Жүрегі таза адам қандай?
6. Қандай іс адамды қуанышқа бөлейді?
7. Өздеріңіздің жақсы әрекеттеріңізбен бөлісіңіз?
6. Сергіту сәті.
Ал балалар, тұрайық,
Алақанды ұрайық.
Оңға қарай бұрылып,
Солға қарай бұрылып,
Бір отырып, бір тұрып,
Бой сергітіп алайық.

7. Шығармашылық жұмыс. Жеке жұмыс.
«Жақсылық тамшысы»
Тамшы үлгісінде қиылған көк қағаздарды қоржынға салып қоямын.
Тапсырма: Оқушылар біздің дариямыз тамшыларға шашырап кетіпті. Біз дариямызды құрау үшін мына тамшыларды алып, жасаған жақсылықтарымыз бен игі істерімізді жазып, тақтадағы шығармашылық бұрышымызда орналасқан ақ қағазға тамшыны кезекпен ілеміз. Жасаған жақсылықтарымызды жария етеміз.

8. Топпен ән айту.
әні мен сөзі: А. Оралов
«Балдырған әні»
Сөзі Н. Жанаевтікі
Әні Б. Дәлденбаевтікі
1. Біз балдырған баламыз,
Шырқап әнге саламыз.
Туған жердің төрінде,
Алау болып жанамыз.
Алау болып жанамыз,
Құлыншақ боп шабамыз.
Балапандай талпынып,
Көкке қанат қағамыз.
2. Болсын кіші бойымыз,
Биікке ұшу – ойымыз.
Біз бақытты балдырған,
Тойға ұласқан тойымыз.

9. Үй тапсырмасы.
№28 – сабақ, 115 - бет Қ. Толыбаев «Армысың, Алатау» әңгімесін оқып келу.
10. Сабақтың қорытынды минуты.
- Балалар, сендер менің күнімсіңдер! Жүректерің мейіріміге толы. Мен сендерге ризамын!

Мектеп: №18 ОМ
Мұғалiмі: Жантас Л.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жақсылық жасай білейік

Жақсылық жасай білейік

Мақсаты: Оқушыларға адам өміріндегі жақсылықтың маңыздылығын жеткізу арқылы дұрыс әрекет, сүйіспеншілік құндылықтарының мәнін ашу....
Жақсылық жолымен жүреміз

Жақсылық жолымен жүреміз

Жүрек әр түрлі сезімдерге толы. Олардың арасында жанашырлық, қамқорлық, аяушылық сезімдері басым екенін сезініңдер. Сездіңдер ме, сезген болсаңдар,...
Жақсылық жан жадыратады

Жақсылық жан жадыратады

Міндеттері:  Оқушыларға жақсылық жасаудың адам өміріндегі мәнін ашу, жақсылық жасау туралы білімдерін кеңейту;  Оқушылардың мейірімділік, ізгілік...
Тіл табыса білейік

Тіл табыса білейік

Міндеттері: • Оқушыларға бірлік туралы түсінік беру. • Оқушылардың айналасындағыларға түсіністікпен қарап, олардың әрқашан көмектесу, ешкімді...
Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен

Құндылық: сүйіспеншілік, дұрыс әрекет, қиянат жасамау. Қасиеттер: сыйластық, адамгершілік, кішіпейілділік, мейірімділік, ізгілік...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×