Сұрайтыным
Қайырылма, құйындаған күндерім,
Түнере бер, тыншу берме түндерім.
Жылдарым да, іздеп келме жоғалған,
Оралмай - ақ қойшы жастық – тым керім.
Керек емес, қажет емес бұрынғым,
Бұрынғымнан жеріндім бе, бұрылдым.
Надандық қып жастық жапқан жаулықтан,
Әрең - әрең, жаңа ғана құтылдым.
Осы төрге жетпеген көп, жеткен аз,
Өкіндірмек емес мені өткен жаз.
Сұрамайын кейінгіден сауға - сый,
Өмірге бұл өтпейді екен өкпе - наз.
Құласам да төрде отырып құлайын,
Төрден төмен түсірмесін лайым.
Төрде отырып үміттенсем төменнен,
Алпыс жылдың неге кештім лайын?!
Кештім талай лайын да, тар жолын,
Шүкір, бармын, аяқ түгел, бар қолым.
Сұрамаймын жүз жыл ғұмыр сенен, Хақ,
Сұрайтыным – саналы өмір – бар - жоғы...
Биғали Шоман
Сұрайтыным
- ramuk_b
- 10 қараша 2019
- 1242
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сұрайтыным, Сұрайтыным өлеңі, Биғали Шоман өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Қасірет
Әнау әже неменеге жылап жүр, Шашын жұлып, бетін неге тырнап жүр? Өкпеліме келгеніне өмірге, Не жазыпты жазғырардай мына өмір?!...Дұғалар, мені сүйер қорғанымсың
Дұғалар, мені сүйер қорғанымсың, Сүрелер, ықтасынсың, орманымсың. Аяттың тиіп жатыр көп көмегі, Басында солқылдақ күй болғаны шын....Тұлпарларыммен біргемін
Іздесең мені кімде-кім, Қаладан іздеп жүрмегін! Үйіме де іздеп кірмегін! Аязды боран, ақ таудың...Сен шақырсаң, мен бармай
Сен шақырсаң, мен бармай, Мен шақырсам, сен келмей, Төбелескен жандардай, Ерегескен елдердей, He көрінді біздерге?...Жаным пәк, аппақ едім
Жаным пәк, аппақ едім балауыз балапандай, күлімкөз, мақпал ерін, күлкімнен таң атардай....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.