Хақ - тағалам, маған қатты ұнайсың!
Сұқ көзіңді менен сыртқа бұрмайсың.
Басқаларға батпай қойды бармағың,
Мені ғана, мені ғана сынайсың.
Сынбағанды үсті - үстіне «сабайсың»,
Кәпірлерді кәріңе де алмайсың.
Қадірлі ұл болғысы кеп тырысқан
Құлыңның сен қыр соңынан қалмайсың.
Сына мені, сына тағы, сынап бақ,
Қиын - қиын жұмбағы көп сұрақ тап.
Жалғанда бұл кәпір болсын сыналмас –
Ал, жәннатта – мен болайын, бірақта!
Жаңа жұма келді тағы жайраңдап –
Мен барайын, кәпір жүрсін тайраңдап.
Жұма менен құлшылығым арқылы
Жәннат - бақта маған орын сайланбақ!
Сына мені, шыдайыншы,
Төзбесем,
Ана өмірде табылады қайдан бақ?!
Биғали Шоман
Сына мені, сына тағы, сынап бақ
- ramuk_b
- 27 қазан 2019
- 1351
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Сына мені, сына тағы, сынап бақ, бақ туралы өлең, тақпақ
Ұқсас жаңалықтар:

Жанашыр дос
Бұрмаса да бір мойнын маған несіп, Әр таңда үйдің сыртынан жабам есік. Ақ қарды айырып келатсам көше кезіп, Ала күшік қалмайды маған ілесіп....
Достарға сый
Жапалақтап жауып тұр ұлпа тағы, Сиреп қапты көшеде жұрт қатары. Бірдеңесін жатқандай үлестіріп, Мені бір күш барады сыртқа тартып....
Дұғалар, мені сүйер қорғанымсың
Дұғалар, мені сүйер қорғанымсың, Сүрелер, ықтасынсың, орманымсың. Аяттың тиіп жатыр көп көмегі, Басында солқылдақ күй болғаны шын....
Тағы бір жұма
Елемей кеткен елең сезімге, Тәкаппар көңіл төмендесін бе?! Сауықтың суық көлеңкесінде, Сыраға мәз боп жүрген кезімде Қолын сілтеді тағы бір жұма......
Тұлпарларыммен біргемін
Іздесең мені кімде-кім, Қаладан іздеп жүрмегін! Үйіме де іздеп кірмегін! Аязды боран, ақ таудың...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.