Жүрегiмде қандай мұңым жатты екен?
Деме менi тұрақсыз.
Болар едiм, әттең, саған тәттi өлең,
Махаббатта болмайды екен сынақсыз.
Өмiр өтед өзендейiн тасып мың,
Кедергiсiн келтiрмесiн бiзге бiр.
Сенесiң бе, ғашықпын,
Айта алмайды қыз - көңiл.
Менiң нәркес жанарымнан сез ендi,
Қыз сезiмiм iштей ғана көсiлед,
Сезем сен де ұнатасың, өзендi
Жiгiт болсаң, кешiп өт.
Орнасыншы арамызда теңдiк мың,
Адалдықтың жолы нық.
Иә, иә! Мен сендiкпiн гой, сендiкпiн!
Соны ұқ!
Сенiң маған болмысың ұнап тұрды.
Бiрақ, әттең, көңiлде сұрақ тұрды.
Өйткенi сен өтiрiк айтқан сайын,
Қыз - жүрегiм қайғыдан жылап тұрды.
Деп едiм - ау сезiмге айналар бақ,
Қыз көңiлi, айтшы ендi, қайда қалад?
"Неге?" дедiм аспаннан, бұлттан сұрап,
"Неге?" дедiм жұлдызға, айға қарап.
Жүрегiмде мөлтiлдеп қалды жаңбыр,
Алдамашы, шын сенген жанды нандыр.
Өтiрiкпен мың рет өлтiргенше,
"Сүймеймiн" деп көңiлдi мәңгi қалдыр.
Қыз мұңы
- ramuk_b
- 26 ақпан 2019
- 1422
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Қыз мұңы, 8 наурыз арналған өлең, қыз сөзi, тақпақ, өлең, жыр
Ұқсас жаңалықтар:
Жарты нан
Айтатын құран сөзiн молда қайда? Дүние үшiн ойлағаны амал, хайла. Айтайын бұрынғының нақыл сөзiн Қайырдан аз да болса көрген пайда....Отырар қаһармандығы немесе жеңiлген жеңiмпаз туралы дастан
– Даңқың қайда төске өрлеген? Екi жүз мың әскерменен Алты ай бойы кiп-кiшкентай Отырарды ала алмау, Алты ай бойы Отырардың осал тұсын таба алмау –...Биге неге шақырмадың?
Бірінші рет сені тойда көріп ем, Күлімсіреп маған сәлем беріп ең. Неге екенін мен өзім де білмеймін, Орын алдың жүрегімнің төрінен, сәулетай....Махаббатты қорғау
Бiз екеумiз жолықтық, Бipaқ тым кеш жолықтық, Достасудан от тұтап, қоштасуға қорықтық. Маған құйды жарығын сенiң көңiл-терезең, Арқамызда - құзар...Неге жыламасын?!
Неге жыламасын?! Бәрісі де жылаған. Жылай жүріп, жылай жүріп шыдаған. Түнек болып келе жатқан тажалға, Аттануда, аттануда тірі адам....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.