Адамның кейбір кездері
Көңілде алаң басылса;
Тәңірінің берген өнері
Көк бұлыттан ашылса.
Сылдырлап өңкей келісім
Тас бұлақтың суындай,
Кірлеген жүрек өз ішін
Тұра алмас әсте жуынбай.
Тәңірінің күні жарқырап,
Ұйқыдан көңіл ашар көз.
Қуатты ойдан бас құрап,
Еркеленіп шығар сөз.
Сонда ақын белін буынып,
Алды-артына қаранар.
Дүние кірін жуынып,
Көрініп ойға сөз салар.
Қыранша қарап қырымға,
Мұң мен зарды қолға алар.
Кектеніп надан, зұлымға,
Шиыршық атар, толғанар.
Әділет пен ақылға
Сынатып көрген-білгенін,
Білдірсе алыс, жақынға
Солардың сөйле дегенін.
Ызалы жүрек, долы қол,
Улы сыя, ащы тіл
Не жазып кетсе, жайы сол,
Жек көрсеңдер, өзің біл.
Адамның кейбір кездері
- ramuk_b
- 13 желтоқсан 2018
- 1989
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Адамның кейбір кездері, Адамның кейбір кездері өлеңі, Абай Құнанбайұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Әділет туралы ұлағатты сөздер
Заманның көз сал халіне. Халқыңның ойла пайдасын, Өзің үшін налыма... Басыңды тік бәйгеге,...Би Темірді хаж сапарынан тоқтатуға айтқаны
Қара бас күспен шалдырып, Көк теңіздің үстінде Көтеріп желкен аштырып, Жүк тиедің кемеге, Ниет еттің Тәңірінің үйі Кебеге!...Құлақтан кіріп, бойды алар
Құлақтан кіріп, бойды алар Жақсы ән мен тәтті күй. Көңілге түрлі ой салар, Әнді сүйсең, менше сүй....Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын
Қайқы құйрық, шұбар қыз, істік мұрын, Кім білсін, қандай екен ішкі сырын. Әдепсіз, молда алдында тасыраят, Біле алмай отыруды әнтек қырын....Көңілді көндіретін тағдыр
Жас көңілім өз еркінше жүрмек еді, Дүниеде солай өмір сүрмек еді. Бір алладан басқаға бас имеген, Қалпынша қара жерге кірмек еді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.