Сайтқа кіру Тіркелу

Бақыт қонып ақ отау түндігіне

(Үйлену тойына тілектер)

Жалғастырып кеше мен бүгінгіні,
Еске сап ата дәстүр - бұрынғыны.
Міне, тағы бас қосты ортамызда
Екі жас ұнатқан соң бірін-бірі.

Бақыт қонып ақ отау түндігіне,
Тағы да сезім нұры күлді, міне.
Қол ұстасты жұбайлар салтанатпен
Жарастығы сай келіп бір-біріне.

Бергеннен соң қос жүрек сенімге ерік,
Той жасады тағы да елің болып.
Түсіп жатыр, мінеки, ақ отауға
Іргелі елдің бір қызы келін болып.

Ақ жол болсын үлкеннен бата алғаның,
Құтты болсын шаңырақ-отандарың!
Жайнай берсін қашанда гүлге оранып
Бүгінгі сендер тіккен отауларың!

Ұрпақ ерсін ізетті іздеріңнен,
Бақ күлкісі кетпесін жүздеріңнен!
Өмірлерің болашақ арылтпасын
Әрдайым бақытты осы кездеріңнен!

Тілейміз ырысты отау қаланғанын,
Қос жүрек сезім отын жаға алғанын.
Қол ұстасқан жұбайлар, құтты болсын
Жасаған болашаққа қадамдарың!

Үлкендер көрсін ізет ойлы жастан,
Сендерге нұрын төксін айлы аспан!
Үнемі тек осындай шаттықпенен
Көрейік тойларыңды тойға ұласқан!

***

Жар сүйіп, болуға отау қам қылыпсың,
Қолыңа бақыт құсын қондырыпсың.
Осылай дос-жаранды шаттандырып,
Думанмен айналаны ән қылыпсың.
Ақ неке қиылған соң жұбайыңмен,
Біріңе-бірің үшін мәңгіліксің!

Жақсы жар жаннан әр кез табылады,
Кетсе алыс бірін-бірі сағынады.
Бүгінгі көтерілген отауыңның
Әр кезде биік болсын шаңырағы!

Отаудың іргетасы босамасын,
Берік қып қойсын тәңір босағасын!
Жарыңмен қол ұстасып қалап алған
Ел мен ел, дос пен достың қос арасын.

Тілейміз татулықтың сезілгенін,
Таусылмай қиындықта төзімдерің.
Біріңді-бірің сүйген жүректегі
Сөнбесін, лауласын ақ сезімдерің!

Үйреніп жақсылықтың жастан бәрін,
Тойларға жайылсын тек дастарқаның!
Ағайын, міне, тағы ортамызда
Көрдіңіз қуаныштың басталғанын.

Бәрі де тоймен өтіп жыл, айлардың,
Көбейсін қуанышы мұңайғанның.
Жақсылық алып келіп болашағы,
Бағы ассын ақ некелі жұбайлардың!

Сөнбесін сенім-сәуле жүректегі,
Болады әр нәрсенің бір өткелі.
Бүгінгі тойда айтылған ел мен жұрттың
Қабыл боп қалсын бата-тілектері!

***

Екі жасқа бақ жолына ұмтылған
Бақыт тілеп әрдайым да күлсін таң.
Оларға әне ақ отаудың есігі
Қол бұлғап-ақ өмір атты тұр шыңнан.

Сол ақ отау ырыс баққа кенелсін,
Іші, сырты арай нұрға бөленсін.
Ақ батаның шапағаты әрдайым
Дари берер, ниет етсе, деген шын.

Екі жасқа сол бата кеп дарысын,
Ақ отауы - болашақтың бағы шын.
Келешегі нұрлы жарық болсын деп
Ашылып-ақ тұр оларға жолы шын.

Сол жолының қадірін шын ұға алсын,
Сол ақ жолға лайық боп тұра алсын.
Сол баянды бақ күніне куә боп
Екі жастың жақындары қуансын!

***
Сезiм жолы сан мәрте сыналғанда
Өмiр сыйын ұсынды бұларға да.
Бүгiн, мiне, қос ғашық қос аққу боп
Сапар шектi бақытқа бiр арнада.

Шымылдығы шаттықтың түрілді де,
Естіртті ән ғып өмірдің үнін күле.
Қол ұстасқан қос ғашық сол әнді айтып
Жарасыммен ортада бүгін, міне.

Оларға өмір той гүлін тақты мына,
Бағыт алды жұбайлар бақ қырына.
Кел, ендеше, ортақтас, ағайын, дос,
Екi жастың бас қосқан шаттығына.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Гүлі едің аялаған ата-ананың

Гүлі едің аялаған ата-ананың

Отбасы - адалдық пен алғыс бағы, Қос жүректің сүюі, жан құштары. Балапандай көруші еді сені өмірде, Ұядан тұрсың ба енді сен де ұшқалы....
Жас жұбайларға жақындарының тілегі

Жас жұбайларға жақындарының тілегі

Өмірдің сыры махаббатпенен астасып, Қосылды жастар, бойдақ күн қалды қоштасып. Осынау күнге куә боп отыр ағайын, Мінеки, бүгін бақытын тапты қос...
Әпкенің сіңліге тілегі

Әпкенің сіңліге тілегі

Өмірге сыйлағандай көктем гүлін, Той болып қуаныш күн жеткен бүгін. Көтерген құтты болсын шаңырағың, Тілектес шаттығыңа әпкең бүгін....
Жездеге тілек

Жездеге тілек

Жарқырап осы күнмен айдын бағы, Тағы да қуанышта ой туғаны. Жездеміз мерей жасқа толып отыр, Шаттықтың сезіледі той-думаны....
Үйлену тойына керемет тілектер

Үйлену тойына керемет тілектер

Қырларда қызғалдақтай дірілдеген, Қуаныш келе берсін күлімдеген. Біз сендерге бақыт тілеп құттықтаймыз, Бүгінгі заңды некелесулеріңмен!!!...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×