«Ең әуел керек нәрсе иман»-деген,
«Ақырет iстерiне (ишларына) инан!»- деген!
«Құдай кешiрер!»-дегенмен, iс бiтпейдi,
«ИМан шартын бiлмесе, есен(ибан)»- деген.
«Екiншi керек нәрсе- ғақыл» –деген.
«Ғақылсызда таупық жағы (шағы) тақыр!»-деген.
«Аз iске ашуланып , дiнiн бұзар,
Иманын кәпiрлiкке сатар!ң-деген.
«Үшiншi қымбат нәрсе- сабыр!»-деген,
«Сабырлысы Мұратын табар!»-деген.
«Әр iсте сабырсыздың тәубе-зорлық,
Сабырсыздық басқа пәле салар!»-деген.
«Төртiншi, қымбат нәрсе шүкiр»-деген,
«Нығыметке шүкiрсiздiк-күпiр!»-деген.
Жатқан жерден: «Құдай кешiр!»- деген-қорлық,
«Себеп iздеп тура жолмен жүгiр!»-деген.
«Бесiншi, қымбат нәрсе-әдеп»- деген,
Әдепсiзде иман тұру ғажап!»-деген.
«Кәпiрлiк- әдептiде тұрмағандай,
Әдеп деген Махаббатқа себеп!»-деген.
Бес қымбат
- ramuk_b
- 8 желтоқсан 2018
- 2734
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бес қымбат, Бес қымбат өлеңі, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:

Қызыма
Туған күнің құтты болсын, жан қызым, Айшам менің еркелеген сəн қызым. Ата - анасын жетелейтін жұмаққа, Алтыннан да қымбат маған əр қызым....
Дін туралы
Иман - қой, ақыл - қойшы, нәпсі - бөрі. Бөріге қой алдырмас ердің ері. Таяқты қатты ұстап қойшы тұрса, Ала алмас ешбір нәрсе: шайтан, пері....
Қара сөздер. Абайдың он үшінші қара сөзі
Иман деген - алла табарака уа тағаланың шәриксиз, ғайыпсыз бірлігіне, барлығына уа әр түрлі бізге пайғамбарымыз саллалаһу ғалайһи уәссәлләм арқылы...
Ей, айтайын арнап Ешенге
Ей, айтайын арнап Ешенге, Кетіп еді есем де. Айтатұғын жөнім бар Ешенге не десем де....
Иман туралы ұлағатты сөздер
Имансыздың сыртын қанша жусаң да, іші оңбайды. Абай Құнанбайұлы...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.