Тамырда қан, бойымда жылуым бар,
Құшағыма тоңсаңдар тығылыңдар.
Тыңдаңыздар, дүрсілін жүрегімнің,
Сол дүрсілден жанымды ұғыныңдар!
Көзімде от, жүректе қызуым бар,
Ерітеді көңілдің мұзын ызғар.
Дүние мен малға емес, жүрегімнің,
Соққанына дүрсілдеп қызығыңдар!
Үйреніңдер мінездің ұстамдығын,
Өмір үшін адамның құштарлығын.
Отымды ал жүректен, жылуымды ал,
Оянбайды бәрібір іштарлығым!
Оянбайды бәрібір іштарлығым!
- ramuk_b
- 6 желтоқсан 2018
- 937
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Оянбайды бәрібір іштарлығым, өлең, тақпақ, жыр, өлең шумақтары
Ұқсас жаңалықтар:
Жүректе жатыр бар кінәм...
Шағала құстай, теңізді аңсап, шарқ ұрам. Сағыныш емес, Жанымды өрті шарпыған., Өкініш емес, өрт болып бойда өрілген, Өлеңді сүйген жүректе жатыр бар...Сәби болғым келеді
Құс та болғым келмейді! Қанатым бар.. Қанатым бар күмістен жаратылған. Сәби болғым келеді, сәби болғым, Мына өмірден хабарсыз, жаңа туған....Әке
Әке, сенің жасыңнан асып барам. Кезі-кезі келгенде тасып та алам, Кезі-кезі келгенде жасып қалам, Мына өмірге, бәрібір, ғашық балаң....Биге неге шақырмадың?
Бірінші рет сені тойда көріп ем, Күлімсіреп маған сәлем беріп ең. Неге екенін мен өзім де білмеймін, Орын алдың жүрегімнің төрінен, сәулетай....Бекмуратова Ұлмекен Боташқызының өлеңдері
Тіршілік көзі Су деген - өмір көзі, Тіршіліктің нәрі бұл. Су болмаса оянбайды, Табиғаттың барлығы....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.