Ей, махаббат! Ей, достық!
Алдама, сендер жалғансың.
Құр мазақтап, мәз болып,
Бойды аулаққа салғансың!
Дүние рахат, достық бар,
Тұрмыста жоқ суық қар.
Дүниені жауыз дегендер
Бәрі жынды, ақмақтар.
Көрсе қызар, құмарпаз
Байламап па еді бағыңды?
Адасасың сен, Махмұт,
Алданып қума сағымды.
Бес-он жылдар шыдашы,
Аларсың сонда тағыңды.
Сондай бола тұрып та,
Шыдамай саған не қылды?
Тәубе, уәдеңді жаңылып,
Мінезің неге қағынды?
Сен алданып жүргенде,
Сындырар тұрмыс жағыңды.
Ей, махаббат! Ей, достық!
- ramuk_b
- 29 қазан 2018
- 2537
- 0
- 0
Ілмек сөздер:
Ұқсас жаңалықтар:
Достық туралы ұлағатты сөздер
Шынайы достықсыз өмірдің мәні жоқ. Цицерон Достық - бұл екі денеде өмір сүретін бір жан Аристотель...Алғыс айтып өтем саған
О бастан-ақ Мен Сен болғам, Сен, әрине, Мен едің, Екеуміз қос желкені едік достық атты кеменің....Достық пен махаббат
Өзендер мен көлдердің, Көлден шалғай шөлдердің, Биіктер мен алыптардың, Жылулар мен жарықтардың арасын Жалғап келген бір ән бар....Алматы ауасындай мінезің бар
Алматы ауасындай мінезің бар, Жауасың бір кез жаңбыр, бір кезде қар. Балқытып аласың да ыстығыңмен, Артынан тоңдырасың төгіп ызғар....Досыма арнау
Достық, шіркін, ғасыр бойы өлмеген, Әлемді аса мейіріммен тербеген. Жан беруге дайын тұрар дос-сезім, Өлсе бірге жалғыз өлер Жерменен....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.