Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы,
Ортасы – өмiр, жоқтық қой екi басы.
Сағымдай екi жоқтық арасында
Тiршiлiк деп аталар бiраз жасы.
Жоқтық, барлық, жоғалмақ – араласы,
Үш ерiксiз болады мағынасы.
Нажағайдай жарқ етiп өшпек болса,
Өмiрдiң он тиындық жоқ бағасы.
Патса, батыр, бай, бағлан, ел ағасы,
Өнерпаз, ойшыл, бiлгiш, ғұламасы.
Мақтанып жердiң жүзiн жалмаса да,
Кәрiлiк пен өлiмге жоқ дауасы.
Ендi өмiрдiң қызықты қай арасы,
Өлiмдi ойлап сiңе ме iшкен асы?
Оны ұмытып, өлместей өзеленер,
Әлi тiрi жүргендей түп атасы.
Адамзат – айуанның арам, насы‚
Жанның да, ақылдың да дұспандасы.
Жанды сурет сияқты қуыршақ боп,
Жаралыстың ойнаған тамашасы.
Менменсiнген кердеңнiң керген қасы,
Iшiмдi күйдiредi сол ызасы.
Жер тәңiрсiп, кiсiмсiп желiксе де,
Төбесiнен бiр түсер жайдың тасы.
Өмiрдiң өкiнбейтiн бар айласы,
Ол айла – қиянатсыз ой тазасы.
Мейiрiм, ынсап, әдiлет, адал еңбек,
Таза жүрек‚ тату дос – сол шарасы.
Тумақ, өлмек – тағдырдың шын қазасы
- ramuk_b
- 16 қазан 2018
- 2071
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Тумақ, өлмек тағдырдың шын қазасы өлеңі, Шәкәрім Құдайбердіұлының өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Махаббат пен құмарлық
Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей, Миға хабар бермей ме түсi өзгермей. Әдейiлеп көрейiн демесең де, Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей?...Пейіл, ынсап, мейірім туралы ұлағатты сөздер
Пейілі кедей байдан сақта. Абай Құнанбайұлы Адамның ең асылы - қиянатсыз, ақ пейіл адам. Шәкәрім Құдайбердіұлы...Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек
Қартайдық, қайғы ойладық, ұйқы сергек, Ашуың – ашыған у, ойың – кермек. Мұңдасарға кісі жоқ сөзді ұғарлық, Кім көңілді көтеріп, болады ермек?...Қызық қандай адамды қыздыратын
Қызық қандай адамды қыздыратын, Қайғы қандай қаныңды бұздыратын. Қанды кек, намысты өштік неден тумақ, Жібітпей жүрегіңді мұз қылатын....Өзіңменен жүрегім егіз менің
Өзіңменен жүрегім егіз менің, түндер бойы қарманып сені іздедім - жоқсың. Сонда еске алдым қимастықты тағдырдың желі үзгенін....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.