Сайтқа кіру Тіркелу

Гималай жолбарыстары немесе малдық сана туралы мұң

Біздер қашан арыламыз дүлей-шампа күдіктен?
Ең дұрысы, адамдығы еңкейгеннен қорыққан.
Көп жыл бұрын Гималайдың баурайында жүріп мен
Бір жолбарыс аулаушыға жолыққам...
Соның айтқан әңгімесі қалып қойды есімде:
Қалың орман арасында, не құзар шың төсінде,
Не асқақ тау баурайымен сапар тартсаң жолға алыс,
Қайтпек керек, қарсы алдыңнан шыға келсе жолбарыс?
Ең бастысы, сабыр сақтап, еңкейместен тік тұру,
Аңға, малға жақындамас болмысыңды ұқтыру.
Осы шартты орындасаң, одан қауіп күтпегін,
Ал, еңкейіп, төрт аяқты малға ұқсасаң - біткенің.
Сол сәтінде-ақ тарғыл мысық қан толтырып көзіне,
Серіппедей тартыла кеп атылады өзіңе.
Бұл сұраққа ғылым әлі толық жауап таппаған:
Адам кейпін сақтағанды жыртқыш неге жақтаған?
Бәлкім, тәңір пенделерін ойға тарту үшін де,
Жаратты ма жолбарысты осындай өр пішінде?
Іңкәр тірлік жолындасың.
Қимылыңа мән бер сен,
Қай кезде де еңсе бүкпеу - ердің басты құралы.
...Мен де кейде адамдығы аласарған жан көрсем,
Ыза буған жолбарыстай атылғым кеп тұрады...
Бір белгілі бизнесменнің нақсүйері, сыңары,
Талай дарын ағып өткен,
Менің жастық шағым өткен
Алматыда, алма пейіл, сауда зейін қалада,
Жалт-жұлт еткен әсем тонын сары ала,
Гималайдың ең соңғы, ең атбалды,
Мекен еткен өр құзар шың шатқалды
Барысының терісі деп мақтанды,
Жанарында бір дарақы от жанды.
Бірақ менің бұл жел сөзге тіпті сенгім келмеді,
Жолбарысын жоғалтса егер - таулардың да өлгені.
Жоқ, Гималай, қасиеттім, сен тұра бер тағыңда,
Ізгілігін күдік басып,
Тағдырынан рух қашып,
Ұқсап әрі жойқын, ессіз ағынға,
Адамдарды малдық сана жетекке алған шағында
Және олардың қалуы үшін өз міндеті сабында,
Тәңір ойын жолбарыстың көзі арқылы қабылда...
. . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . . .
Ой түзелсе, өрлер сенің бағың да!
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Залым түлкі

Залым түлкі

Арыстан аға, сонау қарлы таудың ар жағында балбырап тұрған бау бар. Бұдан шыға берісте, көкорай шалғын сай бар. Сол сайдың бойында мыңғырып жайылып...
Қара сөздер. Абайдың отызыншы қара сөзі

Қара сөздер. Абайдың отызыншы қара сөзі

Қырқын мінсе қыр артылмайтұғын осы бір «қырт мақтан» деген бір мақтан бар, сол неге керек, неге жарайды? Ол ар, есті білмейді, намысты білмейді, кең...
Көңілді көндіретін тағдыр

Көңілді көндіретін тағдыр

Жас көңілім өз еркінше жүрмек еді, Дүниеде солай өмір сүрмек еді. Бір алладан басқаға бас имеген, Қалпынша қара жерге кірмек еді....
Жабайы жануарлардың тіршілігі

Жабайы жануарлардың тіршілігі

Атырау қаласы, №20 «Алтын балық» мүмкіншілігі шектелген балаларға арналған балабақшасының тәрбешісі Жайлығалиева Сандуғаш Жайлығалиқызы...
Жыртқыш аңдар отряды

Жыртқыш аңдар отряды

Екібастұз қаласы, Павлодар облысы, № 19 арнаулы түзеу мектебінің биология пәні мұғалімі Төлегенова Назида Қабдрахмановна...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×