Сеніменен атаң-әжең нәрленді,
Әр қылығың ана жүзге әр берді.
Сен арқылы бесік жақтан әкеңнің
Құлағына шырылдаған ән келді.
Әдемі ән еді, бәрі бірге тыңдады,
Қуанысты, жүрек шат боп жырлады.
Сенің әнің ал анаңның талай түн
Тыныштығын төрт бөлгізіп ұрлады.
Анаң әр кез сені жақсы көретін,
Әлдиімен саған ән сап беретін.
Қаз-қаз тұрды сосын оның бөбегі
Бесігінде түн ұйқысын бөлетін.
Барлығы да сені көрді, сені ұқты,
Өйткені олар болашаққа сеніпті.
Міне, сенің шаттығыңның бірі боп
Күнтізбеде туған күнің келіпті.
Қуанып жүр енді соған барлығы,
Жақсы сөзді айтпақ саған ал бірі.
Ал онсыз да саған тілеп жақсылық
Барлығының өтпеуші ме еді әр күні.
Сенің үнің боп естіліп көркем үн,
Таусылмасын солар айтар ертегің.
Болашағың жарық, нұрлы болсын да,
Ертегі боп келсін тағы ертеңің.
Сенің үнің күллі әлемді қаратсын,
Жолыңа әр кез жақсылықты жолатсын.
Келешектің соқпағынан сәулелі
Сенің сәби жаныңдай ақ таң атсын.
Әрбір күнің қуанышпен түрленсін,
Азаматтық күнді тойлар күн келсін.
Соны тілер барлық жүрек, өйткені
Сен соларға шаттық болып сіңгенсің.
Сенің сәби үнің болып тағылым,
Жүрегінде қалып қойған бәрінің.
Ертеңіңе есік қағар әр күнде
Биік болсын талабың мен танымың.
Бөбекке тілек
- ramuk_b
- 14 қазан 2018
- 2668
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Бөбекке тілек өлеңі, Ғабиден Қожахмет өлеңдері
Ұқсас жаңалықтар:
Ұстаз
Заводта болсаң, күнбе-күн көрінер еді табысың. Дәрігер болсаң, түрлі емің – сырқаулы жанның бағы шын....Құлыншағым, сөйледің! Шықты-ау тілің
Құлыншағым, сөйледің! Шықты-ау тілің! Жарығым, құйттай күнім! Тіліңдегі "ападан" басқасын мен, айым – ау, ұқпай тұрым!...Бақытты бол
Өр көңілім саған қарай сүйреген, Әнім едің шырқай салған кештерде. Тұрып-тұрып қайтушы едім үйге мен, Терезеден сенің шамың өшкенде....Ұжымдас әріптес тілегі
Шаттық күнді талай бірге жырластық, Қырға ассақ та ұжым болып қырға астық. Замдарымыз болса-дағы бірнешеу, Бастығымыз - бәрімізге бір бастық....Достар тілегі
Сен туған күн жүзге нұр боп бірге енді, Шаттық күнді тойлайтұғын күн келді. Сол үшін де барлығымыз қуанып, Достығымыз жаңарған бір түрге енді....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.