Абайламай айрылдым,
Ар жақтағы елімнен -
Анау Нарын деген жерімнен.
Тірі кеттім демеймін,
Кем болмады өлімнен.
Теңім үлгі алмады,
Аузымдағы желімнен.
Істеген ісім кетті далаға,
Қашан өтіп шығам деп
Қайғырамын мен - дағы
Жайықтан арғы далаға.
Басқа қысым түскен соң,
Қайырылмастай күн болды
Қатын менен балаға.
Барсаң, сәлем айта бар
Ата менен анаға.
Жаудан аман жан қалса,
Қара орман - малым садаға.
Өлең айтып толғадым,
Көкірегімді басарға.
Қарадай отын жармадым
Тас қазанды асарға.
Махамбеттей мұңдыға
Енді келер күн қайда,
Ханға құрған шатырды
Сүңгіменен түртіп ашарға?
Алтын жақса жарасар
Жылтыраған күміске.
Он екі ата Байұлы
Жиылып келсе бұл іске,
Алты сан алаш ат бөліп
Тізгінін берсе қолыма,
Заулар едім бір көшке..
Нарын
- ramuk_b
- 8 қазан 2018
- 1510
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Нарын өлеңі, Махабет Өтемісұлының Нарын өлеңі
Ұқсас жаңалықтар:
Кім күшті
Күресе де білетін, Тіресе де білетін Алтай бала бәрінен Күштімін деп жүретін....Жан жарымды бір сүйейін түсімде
Тұтқын болып, тысқа шығып жүре алмай, Зарықтым ғой, жан жарымды көре алмай, Осы күнде алтын сәулем нағып жүр, Қандай күйде, қайда екенін біле алмай....Туған жер
Шықшы тауға, қарашы кең далаға Мәз боласың, ұқсайсың жас балаға Ол шеті мен бұл шетіне жүгірсең Шаршайсың ба, құмарың бір қана ма?...Толғау
Еменнің түбі сары бал, Еріскен көңіл бәрі бал. Жоғарыдан төмен төгейін, Керегіңді теріп ал....Уа, Нарын
Абайламай айрылдым Аржақтағы елімнен - Анау Нарын деген жерімнен. Тірі кеттім демеймін - Кем болмады өлімнен....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.