Адамдардың қажетіне жарай біл!
Бәрі де адам бойындағы асыл қасиеттер мен мінезден басталады. Жақсы қасиеттерге қайырымдылық, мейірімділік, достық жатады.
Адам дүниеге келгенде бойына жақсы қасиеттерді сіңіріп, өзінің Отанына, айналасына бақ пен қуаныш сыйлағысы келеді.
Қайырымдылық дегеніміз - көмекті қажет етушіге деген сүйіспеншілік пен нақты көмек. Қайырымдылық - асыл қасиеттердің бірі. Жақсылық жасау, қол үшін беру, табиғатты аялау - қайырымдылықтың көрінісі. Қайырымды адам рақымды, мейірімді болады.
Мейірімділік деп басқаларға деген жылылықты, ізгі ниет пен ыстық лебізді айтады. Мейірімді адам әрқашан басқаларға көмекке келіп, әр кез жақсылық жасауға асық. Мейірімділік адамның жоғары адамгершілік белгісі ретінде адамның жан - дүниесін жандандырып, ләззат береді.
Достық – адамдардың бір - біріне адал, ортақ көзқараста, риясыз сүйіспеншілік пен қарауы. Нағыз дос серігіне шабыт беріп, өмірге деген құштарлығын оятып, басына түскен қайғы мен қиыншылықты бірге көтеруге көмектеседі. Қазіргі кезде жақын, адал да дос табу оңай емес. Нағыз дос сенің сыртқы бейнеңе емес, ішкі жан - жылуыңа қарайды.
Осы қасиеттердің бәрі бір адам бойында болса жақсы ғой! Біреуі болса, екіншісі жоқ. Осының бәрін бала кезден бастап үйренген дұрыс. Мысалы, бағдаршамнан қолында сөмкесі бар әжей өтіп барады. Маңында үш - төрт жас бала өтіп барады. Тек соның біреуі ғана әжейге көмектеседі. Ал қалғандары жай өтіп барады.
«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деп бекер айтылмаған. Адам баласы үйінде не көрсе, айналасына да солай жасайды. Мысалы: отбасында әке - шешесі жиі ренжісетін болса, баласы да жан - жағында солай жүреді. Ал ата - анасы отбасымен тату болып, әрдайым жадырап жүреді. Сонда ғана бала жан - жағына жадырап, мейірлене қарайды.
Міне, осының бәрін біріктіріп қарасақ тәрбие мен мінез бала кезден басталады.
Қарағанды облысы,
«Балқаш қаласы Абай атындағы №2 лицей» КММ
7 «Ә» сынып оқушысы Ныгметолла Аяна
Пән мұғалімі: Байкулова К. М.
Адамдардың қажетіне жарай біл!
- aiboll
- 14 қаңтар 2017
- 4690
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Адамдар, қажеттілік, қайырымдылық, мейірімділік, достық
Ұқсас жаңалықтар:
Мейірімділік – асыл қасиет
Мейірімді адам өзге адамға, тума - туысқандарына, табиғатқа деген жанашырлық сезімін, қамқорлығын көрсетуге дайын тұрады. “Табиғаттағы барлық жылу –...Әлемді өзгерткің келсе өзіңнен баста
Адам - әлемнің бір бөлігі. Оның түп негізі де болмыстан, жан мен тәннен құралады. Өмір атты ұзақ жолда барлығымыз да жолаушымыз. Аз ғана ғұмырымызда...Жүрек жылуы
Қайырымды іс жасау оған мұқтаж адамның жанына жұбаныш болады. Ал өзің біреуге қайырымдылық жасағанда көңілің көтеріліп, жаның жай тауып, қуанасың,...Мейірімділіктің жолы- жарық күн
Атырау қаласының мектептен тыс жұмыс орталығы педагог психологы Нұрбекова Салтанат Темірғалықызы...Тәрбие сағаты "Балаға жылулық сыйла"
Мақсаты: Балалардың «мейірімділік», «қайырымдылық» құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.