Тақырыбы:
«М. ӘУЕЗОВТЫҢ «АБАЙ ЖОЛЫ» РОМАН – ЭПОПЕЯСЫНДАҒЫ ЖЕР - СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТІЛДІК - ТАНЫМДЫҚ СИПАТЫ»
І БӨЛІМ. РОМАН ТІЛІНДЕГІ ЖЕР - СУ АТАУЛАРЫНЫҢ ТАРИХИ - ЛИНГВИСТИКАЛЫҚ СИПАТТАМАСЫ.
Түр - түске байланысты жер - су атаулары
Қоғам дамуының кез келген кезеңінде ономастикалық атаулардың тарихи маңызы зор болды. Адам қоғамдастығының бір де бірі, яғни бір де бір мемлекет өзінің даму үдерісінде өзінің антропонимдері мен топонимдерінің жинағынсыз өмір сүрген емес. Сондай - ақ, Қазақстандық қоғамдастықтың да ежелгі тарихи дәуірде қалыптасқан ұлттық ономастикалық жүйесі бар.
Қазақстанның көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық ономастика жүйесі ХІХ ғасырдың екінші жартысынан бастап түбегейлі өзгерістерге ұшырады және патша үкіметінің отаршылдық мүдделеріне, кейіннен кеңес жүйесінің тоталитарлық саясатына қызмет етуге мәжбүр болды. Отаршылдық пен тоталитарлық режимдердің идеологтары ономастиканы қоғамның тарихи - мәдени санасына әсер етудің саяси құралына айналдырды. Нәтижесінде қазақ ономастикасының өзіндік болмысына, ұлттық ерекшелігіне, әсіресе оның топонимикалық және антропонимикалық жүйелеріне орасан зиян келтірілді. Қазақстан картасы едәуір бұрмалауларға ұшырады.
Қазақстан Республикасының тәуелсіздік алуымен және халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қалыптасуымен ұлттық ономастика әлемдік кеңістікке белсене араласа бастады. Роман бойынан кезінде проф. Е. Жанпейісов адам атауларын қарастыра келе, жалпы саны - 500 атау бар екенін дәлелдеп, ру аттарын жинастырған. Мысалы, Найман, Ноғай, Оразбай, Керей, Бөкенші, Ақтомар, Жуан, Жуантаяқ, Жігітек, Тобық, Сыбан, Уақ, Көтібақ, т. б.
Қазіргі кезде ономастикалық бірліктер халықаралық ресми құжаттарда белсенді түрде көрініс тауып келеді. Қазақстанның ономастикалық кеңістігінде қамтылған Түркістан, Астана, Байқоңыр, Қарашығанақ және басқалары тәрізді атаулар Қазақстанның экономикасымен, тарихымен, мәдениетімен өзара тығыз байланыста бола отырып, атаулы функцияны алып қана қоймай, сонымен қатар өзіне күшті ұлттық әлеуетті шоғырландырған жоғары ассоциациялық семиотикалық белгілер де болып табылады. Ұлттық ономастиканы дамытудың өзекті міндеттерін іске асыру жөніндегі шаралардың өнімділігі олардың нормативтік құқықтық қамтамасыз етілуімен тікелей байланысты.
Қазіргі кезде ономастикалық жұмыстың нормативтік құқықтық базасы Қазақстан Республикасы Конституциясының тиісті ережелеріне, «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шілдедегі Заңына, Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 өкімімен мақұлданған Қазақстан Республикасының тіл саясаты тұжырымдамасына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік ономастика комиссиясы туралы ережеге сәйкес және т. б. ережелерде бекітілген ұйымдарды, темір жол станцияларын, әуежайларды, сондай - ақ Қазақстан Республикасындағы физикалық - географиялық нысандарды атау мен қайта атаудың және олардың атауларының транскипциясын өзгертудің тәртібіне негізделеді.
Еліміздегі демократиялық қайта құруларға сәйкес келетін ономастика саласындағы жұмысты жүйелендіруді және үйлестіруді одан әрі дамыту мақсатында Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік ономастикалық жұмыстың тұжырымдамасын әзірлеу қажеттігі туындады.
Кез келген халық тілі – сол халықтың шынайы этникалық болмысының айнасы. Тілді жаңа ғасыр баспалдағына да теориялық - танымдық үрдісте зерттеудің қажеттігі туып отыр.
Толық нұсқасын жүктеу
Презентациясын жүктеу
Жоба авторының аты - жөні: Алмасханұлы Мағжан
Мектеп: №175 гимназия
Сынып: 9 М сынып оқушысы
Ғылыми жетекшісі:
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ж. Н Қойгельдинова
М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясындағы жер-су атауларының тілдік-танымдық сипаты
- sungatsultan
- 17 қазан 2019
- 7269
- 0
- 100
Ілмек сөздер: ғылыми жұмыс оқушының әдебиеттен, М.Әуезовтың «Абай жолы» роман-эпопеясы
Ұқсас жаңалықтар:
Әдістемелік нұсқау хат 2019 - 2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы...Әдістемелік нұсқау хат 2019-2020 оқу жылы
2019 - 2020 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін мектептерінде оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы:...Зайырлы мемлекет – қоғам дамуының кепілі
2019 жылы маусым айында "Қазақстан Республикасындағы лаңкестік және экстремизм мәселелерін зерттеу орталығының" ұйымдастыруымен Алматы қаласында...Тәрбие туралы түсінік
КІРІСПЕ Қазіргі заманғы қоғамда адамнан тек политехникалық білімді болуын талап етіп қана қоймай, жоғары деңгейдегі мәдениет пен ғылым мен техниканың...Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)
Ағылшын тілін дамыту (бастауыш сыныптарға арналған таңдау курс бағдарлама)...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.