Сайтқа кіру Тіркелу

Пирназарова Дананың өлеңдері

Пирназарова Дананың өлеңдері
Жинақтаған: Полатова Айгуль Жамантаевна - бастауыш сынып мұғалімі
ОҚО, Мақтаарал ауданы, Игілік ауылы, Т. Аубакиров жалпы орта мектебі.

"Ғылымның сырын ұғына,
Шығамыз білім шыңына"

Оқушылардың тырнақалды өлеңдеріне көз жүгірте отырып, қазақ поэзиясының құлагері І. Жансүгіров, қазақтың қара өлеңіне шекпен жауып қайтарған абыз М. Мақатаев сынды жыр - маржанын төгіп, қазақ поэзиясының көшін ілгері бастайтын ақындар қатарынан көрінетіндігіне сенім арттым.

Ұсынылып отырған «Ғылымның сырын ұғына, Шығамыз білім шыңына» атты өлеңдер жинағы бастауыш сынып оқушыларының өз шығармаларынан жасалған. (суреттері тақырыбына сай келтірілген)
Бұл құралда: түрлі тақырыпта шығарылған өлеңдер оқушыларды әдептілікке, мейірімділікке, тазалыққа, адамгершілікке, елін, жерін сүюге баулиды.

Пирназарова Дананың өлеңдері
«Т. Аубакиров атындағы жалпы орта мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушысы
Пирназарова Дана Камалқызы

ҰСТАЗ
Ұстаз деген, ұстаз деген,
Даналардың данасы.
Ұстаз деген, ұстаз деген,
Бабалардың бабасы
Ұстаз деген, ұстаз деген,
Балалардың анасы.

ҚЫС
Алақай! Қыс келді!
Қыс келді де, қар келді.
Айнала аппақ қар,
Жапалақтап қар жауар.

АНА
Мәпелеген анамыз,
Бізді аялап өсірген.
Мейірімді анамыз,
Мейірімге үйреткен.
Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған.
Еркелетіп күнде бізді,
Құлыншағым, айым дейді.
Көрмесек анамызды,
Сағынып, сарғаямыз.
Анамыз келген кезде,
Құшақтап, табысамыз.
Мауқымызды басқан соң,
Еркелеуді бастаймыз.
Маңдайымыздан иіскеп бізді,
Қасынан біз қашпаймыз.

КҮЗ
Қарбыз пісті егісте,
Қауын жатыр тегісте.
Қып - қызыл боп шиесі,
Бәрін тасып иесі.

КӨКТЕМ
Құлпырған даласы,
Жасарған анасы.
Дала қандай керемет!
Айнала толған ересек.

ҚЫС
Қыс та келіп қалыпты,
Қолына қар алыпты.
Қыс қызықты болыпты,
Гүлдің бәрі солыпты.

ЖАЗ
Жаз да міне келіпті,
Ел де мұны елепті.
Жаздың ыстық күні,
Құстардың сайраған үні.

ҒАЖАЙЫП КІЛЕМ
Ертеде бір шал өмір сүріпті. Оның үш ұлы болыпты. Шал дүние салғалы жатыр екен. Ол балаларына мұра ретінде бір ғажайып кілем қалдырмақ болады. Сөйтіп, олардың қайсысы ақылды екенін байқамақ болып үлкен ұлына сұрақ қояды: - Ұлым, екеумізді қарақшылар ұрлап алып кетті делік. Қарақшы саған бір шарт қояды. «Әкеңді өлтірсем сен аман қаласың, сені өлтірсем әкең аман қалады»- деді. Сонда сен не істер едің?- дейді шал. Үлкен ұлы:- Әке, қартайдыңыз, әліңіз қалмады, қалжырадыңыз, төріңізден көріңіз жақын, бәрібір ертелі кеш өлесіз ғой. Өзімді аман сақтап қалар едім - деді. Әкесі оған ызасы келіп, сол сұрақты екінші ұлына қояды.
Екінші ұлы да үлкен ұлы сияқты жауап береді. Әкесі түңіліп, сол сұрақты үшінші ұлына қояды. Сонда үшінші ұлы: - Әке, сіз бізді еш баладан, қатардан кем қылмай бақтыңыз, қақтыңыз. Еркелігімізді де көтердіңіз. Енді біз сізге қарызбыз. Өзім өлсем өлейін, бірақ әкем тірі қалсын дер едім - дейді. Әкесі кенже ұлына қатты риза болып, көңілі босап, ғажайып кілемді кенже ұлына мұра етіп қалдырыпты. Ғажайып кілеммен бүкіл жер шарын аралап, құс сияқты қалықтап, бақытты өмір сүріпті.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×