Сайтқа кіру Тіркелу

Туған жер, мен де сенің перзентіңмін

Жұмыстың мақсаты:
- Өз өлкемнің ақыны жайлы, шығармашылығы туралы мәлімет беру
- Еңбектеріне талдау жасау
- Халыққа көп танымал емес бай мұраны жинастыру,
- Перзенттік еңбегін өнеге етуге жас ұрпақты шақыру
- Бүгінгі жас ұрпаққа Самат Мұсабеков өмірін, шығармашылығын паш ету, биік тұлға ретінде таныту

Жұмыстың міндеттері:
- Ақын шығармашылығына байланысты деректер жинау, танысу
- Бақылау, зерттеу, сауалнамалар жүргізу
- Туған өлкеге деген бойымызда сүйіспеншілікті арттыру

Зерттеу обьектісі. Шет өңірінің ақыны, перзенті

Зерттеу гипотезасы. Егер біз туған жеріміздің ақынының өміріне, шығармаларына, өнегелі сөздеріне назар аударсақ, онда өз ұлтымыздың, ата - бабаларымыздың тарихын сақтай отырып, «басқалардан кем болмаспыз».

Зерттеу жаңалығы: Ақын өмірін анықтағанда мынадай ойға келдім:
Ата - бабаларымның жолын қуып, халқыма, еліме еңбек сіңірген адам болам.

Кіріспе
Бұл жұмысымда Самат Мұсабекұлының өміріндегі елеулі кезеңдері, шығармашылығындағы жарқын белестері, айтыстағы жетістіктері сөз етіледі. Көздеген мақсатым осы ғылыми жұмысым барысында толығымен айқындалды десем артық болмас. Өмірін зерттеу мен үшін әрі қызық, әрі үйретері мол болды. Себебі осындай ірі тұлғаның бар екенін, ұрпақтары мирас етіп қалдырған ізін жалғап жүргенін білмеген едім. Осыларды танып білу арқылы өзім де осы ақынымызды баршаға танып, үлгі тұтар азамат болғанын дәлелдесем деймін.
Өмірінің қиын кезеңдері болса да мойынсынбағаны, өнер жолын қуып өшпес із қалдырған ақын өмірі сыр мен жұмбаққа толы. Қарапайым отбасынан шықса да өнерімен, өлеңдерімен жүрек тебірентер жырларымен ел қалаулысы, ардақтысы болды. Біреуге ұстаз, біреуге үлгілі азамат Самат Мұсабекұлының берер тағылымы, өзі өмірден өтсе де артындағы зор мұрасы атын өшірмей, әлі де асқақтатары анық. Тек шығармалары жайлы емес, айтыскер екендігін де сөз етемін.
Айтыс - ежелден бері мұра болып келе жатқан қазақ халқының мәдениетінің жарқын үлгісі. Айтысу арқылы тұрмыс - тіршілікті, халық жайын сипаттаған. Айтыскер ақындар белгілі тақырыпты ғана қамтымай, қазақ халқының мән - жайын түбегейлі жырлаған. Айтысу арқылы әрбір айтыскер ақын сөйлеу шеберлігімен, тапқырлығымен және шапшаңдығымен көзге түседі. Ата - бабаларымыздың осы өнерін жалғап келе жатқан көптеген дүбірлі айтыскерлеріміз бар. Айтыс біздің қазақ халқына тән болғандықтан, осы өзгерістің бәрі игі іске бастайды деген ниетпен әлі де қазақ халқы бар ынтасымен айтысты қолдап, жоғары дәрежеде көрсетіп жүр.
Осындай суырыпсалма ақындарымыз көптеп шығуда, ал бұл болса мәдениетіміздің дамуына үлкен үлес қосады. Ақындар халықтың жағдайын еш бүкпесіз ашық айтады, бұл сөз бостандығының біздің елде де бар екенін дәлелдейді. «Айтылмаған сөз жетім»,- дегендей ақындар сөйлеу арқылы елге үндеу тастайды. Ақындардың көпшілігі сөйлеу шеберлігімен, дербестігімен бағалы, қазір де осындай сипаттарға ие болған көптеген ақындар бар. Олардың бәрі ақындық өнерде өзіндік ізін қалдырып жүр. Шаршы топ алдында сөйлеу қиын, ал елді өзіне қарата білу екі есе қиын. Бұл да болса зор еңбек пен талпыныс және ең жоғары бағаланатын дарын. Айтыскер ақынның өмірі – халық өмірі, мәдениетіміздің сәні.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш

Бүгін менің туған күнім, ой пәлі - ай әдеби – композициялық кеш

Мұқағали Мақатаевтың өмірі мен шығармашылығына шолу жасау, әндері мен поэмаларымен танысу. Ақынның өлеңдері мен поэмалары арқылы жасөспірімдерді...
Үздік әдебиетші

Үздік әдебиетші

Жаңақорған ауданы, Сунақата ауылы №194 орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Аяпова Динара...
Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Жамбылдың өмірі, шығармашылығы

Оңтүстік Қазақстан облысы, Ордабасы ауданы, «Н. Нысанбайұлы атындағы жалпы орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі қазақ тілі және әдебиеті...
Аралап жердің жүзін жүрер сөзім...

Аралап жердің жүзін жүрер сөзім...

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Жалаңтөс ауылы, №103 орта мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі Оралова Зульфира...
Айтыс

Айтыс

қазіргі кездегі ақындар айтысын, олардың шығармашылық ерекшеліктерін айқындау. Оқушылардың айтыс ақындары жайлы білімдерін толықтыру....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×