Ақсу қаласы,
Үштерек ауылының орта мектебінің 9-қазақ сынып оқушысы
Төлеуқызы Мадина
Өзімнің жүрегімнен жарып шыққан бұл өлеңді өзімнің туған жерім - Ақсуыма арнаймын!
Ақсуым-әсем қалам, шұрайлымсың,
Сен туралы талай әсем жыр айтылсын!
Туған елім, туған жерім, алтын бесік,
Сен әрқашан мақтауға лайықсың!
Сарыарқа даласының мақтанышы,
Павлодар облысының асқар күші.
Ынтымағы жарасқан халқыменен,
Көркейген қалалардың асқарлысы!
Қарт Ертістің жағасында орналасқан,
Жасыл желек ауылдары көрік қосқан.
Арман қала, ару қала Астанадай,
Болашақтың қаласы құрақ ұшқан.
Мәдениеті өркендеген әр күн сайын,
Тамырын тереңге жайған жас ақ қайың.
Сол тамырдан таралған ұрпақтарың,
Мақтап өтер мәңгілік әр кез дайын.
4-ықшам аудан гүлденгелі,
Жаңа мектеп салынып басты ілгері.
Балабақша бүлдіршіндер ордасымен,
Халықтың денсаулығы спорт кешені.
Ферроқортпа зауытыңмен даңқтысың,
Марганец пен хромың байлық күшің.
Сенсің ғой қазба байлық бұлақ көзі?!
ГРЕС-пенен тоқ-өндіріс шынарысың.
Елді мекен өркендеген көкеніспен,
Әр жыл сайын өнім беріп, бітік піскен.
Солтүстіктің алтын қазық мақтанышы,
Ас адамның арқауы-көкеністен!
Ақсуым ару қалам асқақтаған,
Өзіңді мақтан етем асқақ қалам.
Жыл сайын гүлдене бер, нұрлана бер,
Кір жуып, кіндік кескен туған қалам.
Бақыттысың еңбекшіл халқыңменен,
Асқақтаған атағыңмен, даңқыңменен.
Сол арқылы көркейе бер, өсе бер,
Айналайын, туған жерім, халқым сенен.
Ақсуым – ару қалам, асқақтаған
- Madina Toleu
- 23 қараша 2012
- 5100
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Өлең, Ақсу
Ұқсас жаңалықтар:
Менің туған өлкем
Туған жерімді қатты жақсы көремін. Осындай өлкеде туғаныма мақтан етемін. Туған жерім күннен күнге көркейіп келеді....Менің Отаным - Қазақстан
Менің Отаным Қазақстан. Қазақстан тәуелсіз ел....Шілдебаева Айзере Сұлтанқызының өлеңдері
Қызылорда қаласы, № 211 А. Байтұрсынов атындағы орта мектептің 1 "Б" сынып оқушысы Шілдебаева Айзере Сұлтанқызы Мұғалімі Еспенбетова Зағира...Алматы - бас қалам, Жас қала - Астанам!
Пәні: әдебиеттік оқу Тақырыбы: Жарасқан Әбдірашев. Алматы – бас қалам, Жас қала - Астанам Қолданылған модульдер: Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер....Алтын төрім - Астана
Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, «Сымбат» жеке мектебі бастауыш сыныбының мұғалімі Макуова Нуршат Аманкосовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.