Пайдалы кеңес
МӘНІ ӨЗГЕРГЕН МАҚАЛ
«Көршің соқыр болса бір көзіңді қысып жүр». Сонымен қатар бұл мақал «Жолдасың соқыр болса, сен де бір көзіңді қысып қой» деп те айтылады. Жалпы екеуінің де айтар ойы бір.
«Өз артықшылығыңды пайдаланып, көршіңнің не жолдасыңның алдына түспе» деген мағынада қолданылады. Алайда осы ойды айту үшін көршіні соқыр ету онша қисынға келмейтін тәрізді. Енді «Кембағал деп кемсітпей, көршіңнің көңіліне қарап жүр» десе де болады ғой. Демек, гәп – соқырлықта. Яғни, айтылар ойға соқырлықтың қатысы бар. Әрине, тура мағынасында емес. Соқырдың қасында көзді қысу... Бұл енді көңіл аулау емес, таза мазақ. Солай бола тұра әлгі мақалды арқалансақ, бір көзімізді қысып жүруге тура келеді. Болмаса соқыр қаперге алынбас еді.
Соқыр демекші, мақалда тек бір көзді қысу қажеттілігі ескертіледі. Ал көршің мен жолдасыңның қай деңгейде соқыр екендігінен толық ақпарат жоқ. Оның үстіне ауызекі тілде бір көзі жоқ адам да соқыр санатына қосыла береді. Ең бастысы – көрші көңілін аулауы тиіс адам тек бір көзін ғана қысуы тиіс. Демек...
Жә, шіли тәптіштендіріп кетті. Шынтуайтына келгенде, негізгі мән – рухани көз соқырлығында. Ол көзді бір «көкірек көзі» деп те атаймыз. Жалпы тек материалды көзқараста ойлайтын адам рухани мәселелерге онша бас қатыра қоймайды. Біз айтып отырған рухани мәселе, ол енді өз алдына бір әлем. Ол әлемге көкірек көзі ашылған адамдар ғана назар салады. Ал көрші болса ол әлемді бар деп білмейді. Сондықтан онымен көршілік қарым - қатынаста мәміле жасау үшін бір көзіңді қысып жүруге тура келеді де. Мақалдың да негізгі айтпақ ойы сол.
әзірлеген
Бегімхан КЕРІМХАНҰЛЫ
М. Әуезов атындағы ЖОББ мектептің қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімі
Павлодар қаласы
Қазақстан Журналистер Одағының мүшесі
Мәні өзгерген мақал
- ramuk_b
- 26 шілде 2020
- 5147
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Пайдалы кеңес, Мәні өзгерген мақал
Ұқсас жаңалықтар:
Қожанасыр мен хан
Бір күні Қожанасыр бір баймен жанжалдасып ханның алдына жүгініске бармақшы болады. Бай сыйлық беріп, хан байдың сөзін сөйлейтінін сезген Қожа хан...Қыс
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды, Соқыр, мылқау, танымас тірі жанды. Үсті-басы ақ қырау, түсі суық, Басқан жері сықырлап, келіп қалды....Жылау, көз жасы туралы мақал-мәтелдер
Жыламаған балаға, Емшек бермейді. Жылайын деген баланың Үш күн бұрын көзі қышиды....Көз туралы мақал-мәтелдер
Көзі жоқ, құлағы саудың Ақылы толады. Құлағы жоқ, көзі саудың Ақылы солады....Тазалықшының кеңестері
Мақсаты: Балаларға дене тәрбиесінің маңызымен таныстыру. Дене тәрбиесі және емдік дене шынықтырудың пайдасын түсіндіру беру. Көзді күтуге, қажет...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.