Сайтқа кіру Тіркелу

Күй тартыстағы әзіл-ойын. Қыз әзілі

Сабақтың мақсаты:
1. Оқушыларға күй тартыстағы әзіл - ойын туралы айтып беру, әзіл туралы түсінік беру.
2. Оқушылардың ой - қабілетін, шығармашылығын, есте сақтау қабілетін дамыту.
3. Халық күйлері арқылы туған еліне, өз халқының салт - дәстүрін құрметтеп, қорғауға тәрбиелеу.

Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Көрнекіліктер: интерактивті тақта, күй жазылған дисктер.

І. Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру
а) амандасу
ә) Психологиялық дайындық.
Өлең айтып, күй тыңдап,
Өнермен өссін санамыз.
Оқу оқып, сусындап,
Білімнен бақыт табамыз
б) Үй жұмысын сұрау.
Ынталандыру сұрақтар
- Күй дегеніміз не?
- Күйді кім орындайды?
- Күй қандай аспапта орындалады?
- Күй тартыс дегеніміз не?
- Күй тартыстың неше түрі бар?
ІІ Жаңа сабақ
Мағынаны ашу. (тақырыпты түсіндіру)
Қыз әзілі
Күй тартысқа қыз түседі.
“Жігіт пен шешесінің тартқан күйлерін зер сала тыңдап отырған қыз, шешесі күйін аяқтай бергенде:
- Маған беріңізші домбыраңызды. Бұл жігіттің сазайын мен берейін, - деп домбыраны қолына алады:
- Ей, құрбым, құлағыңды сал! Сен сияқты бір нашарлау құрдасым, астында торы жорға аты бар, күнде кешкісін келе беретін болған соң, өзін қайта келмейтіндей етіп қояйын деген оймен астындағы атының жүрісін келеке етіп, “Торы жорға ат” күйін шығарып едім. Сол күйді тартқаннан кейін, жұрттың “ойпырым - ай, атының жүрісін айнытпай салдың - ау” деген сөзінен қысылып, әлгі құрдасым қарасын көрсетпей кетіп еді. Сол “Торы жорға ат ” күйін тартайын”.
Күй тыңдату. «Торы жорға ат» халық күйін тыңдату.
Болжау. (сұрақтар қою)
1. Күйді тыңдағанда көз алдыңа не елестеді?
2. Күйдің екпіні қандай болды?
Сұрақтар
1. Нота сызығы неше сызықтан тұрады?
2. Нота таңбалауда қандай кілт белгісі қойылады?
3. Музыкада неше дыбыс бар?
4. Бірінші сызықтың астында қосымша сызықтың бойында қандай нота орналасады?
5. Бірінші сызықтың астында қандай нота орналасады?
6. Бірінші сызықта қандай нота орналасады?
7. Бірінші сызықпен екінші сызықтың ортасында қандай нота орналасады?
8. Екінші сызықта қай нота орналасады?
9. Екінші сызықпен үшінші сызықтың ортасында қандай нота орналасады?
10. Үшінші сызықта қандай нота орналасады?
11. Қандай нота ұзақтықтарын білесің?
12. Бұл ноталар нешеге саналады?
Ойын «Әуенді тап»
/Әртүрлі әндер ойналады, сол қандай ән екенін табу/
Ән тыңдату «Әлі оқып жүр ақылдың»
Дауысқа жаттығу.

Ән орындау «Әлі оқып жүр ақылдың»
1. Біріншіні бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Екіншіні бітірдім,
Бала болдым ақылды.
2. Үшіншіні бітірдім,
Әлі оқып жүр ақылдың.
Тек нүкте мен үтірдің,
Орнын таппай шатылдым.
Сабақты қорыту:
Жүректен - жүрекке
Бағалау: смайлик арқылы
Үйге: Ән «Әлі оқып жүр ақылдың» жаттау
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×