Сайтқа кіру Тіркелу

Құрманғазы Сағырбайұлы

Сабақтың тақырыбы: Құрманғазы Сағырбайұлы
Сабақтың мақсаты: Ұлы күйшінің өмірі және шығармашылығымен танысу ойларын еркін жеткізуге үйрету.
Сабақ міндеті:
1. Құрманғазы өмірі мен шығармашылығы жайлы ақпарат алады, жаңа сөздермен танысады;
2. Өз пікірлерін еркін, жүйелі жеткізе алады, ауызекі сөйлеу тілдерін дамытады;
3. Бірлесіп жұмыс істеу арқылы ұйымдастырушылыққа, жауапкершілікке, бірін - бірі тыңдауға, сыйлауға және тұлғалық қабілеттерін дамытуға талпынады.
Сабақ түрі: Жаңа білімді меңгерту сабағы.
Сабақ технологиясы: СТО
Сабақ құрал - жабдығы: компьютер слайды, әр түрлі қағаздар, маркерлер.
Стратегиялары:
1.«Блумның сұрақ қою өлшемі» стратегиясы;
2.«Ой қозғау» стратегиясы;
3.«Кері байланыс» стратегиясы;
4.«Еркін жазу» стратегиясы;
5.«Ассоциациялық карта» стратегиясы;
6.«5 жолды өлең» стратегиясы;
7.«Психологиялық тест» стратегиясы;
Сабақ барысы:
I. Мағынаны тану.
1. Үй тапсырмасын сұрау
«Блумның сұрақ қою өлшемі» стратегиясы
I топ - II топқа, II - топ III топқа, III топ - 1 топқа сұрақ қояды:
І топ Күй деген не?
Күйде не туралы айтылады?
ІІ топ Күйлер осы заманға дейін қалай сақталған?
ІІІ топ Күйді шығарған кімдер?
Қандай күйшілерді білесіңдер?
Жаңа сабақ: ҚҰРМАНҒАЗЫ САҒЫРБАЙҰЛЫ (1818 - 1889 )
Ұлы сазгердің өмірімен танысу. Қазіргі Орал облысы, Жанғалы ауданының Жиделі елді мекенінде дүниеге келген. Күй атасы. Құрманғазыны күй өнеріне баулыған және оның ұстазы болған Ұзақ күйші еді. Құрманғазы жастайынан домбыра шертіп, көпшіліктің ілтапатына бөленді. Күйшінің шығармашылық табыстарға қол жеткізіп, өрлеуіне Бөкей ордасының Байжұма, Баламайсан, Байбақты, Соқыр Есжан сынды атақты күйшілері үлкен ықпал еткен. Олардан тәлім алып өскен Құрманғазы қазақ халқының ұлы сазгері атанды.
Құрманғазының күйлері қазақ елі өмірінің әлеуметтік жыр - сыры, азаткерлік рух ұраншысы іспетті, Ұлттық тарихымыздың әуен тілінде жазылған ұлы эпопеясы деуге болатындай. Күйші шығармашылығындағы өзекті мәселелер - халықтың азатгығы мен жеке тұлға бостандығы. Өз туындыларында XIX ғасырдың 30 - жылдары Исатай Тайманұлы бастаған ұлт - азаттық көтеріліске ерекше назар аударған. Құрманғазы бұл көтеріліске өзінің алғашқы туындыларының бірі "Кішкентай" күйін арнаған. Одан кейінгі "Ақбай", "Ақсақ киік", "Түрмеден кдшкдн", "Адай" күйлерінде ол халықтың азаттықты көксеген арманын, әділетсіздікке қарсылықты, қоғамдық мүдделердің өзара қақтығысын білдіреді. Құрманғазы туындыларында қоғам мен адамның арақатынасындағы айрықша әлеуметтік - психологиялық жағдайлар бейнеленеді. Оның "Аман бол, шешем, аман бол", "Қайран шешем", "Ертең кетем", "Бұқтым - бұқтым" деген күйлерінде адам даусының ырғағы айқын берілген. Құрманғазының ойнақы, мерекелік көңіл күйді білдіретін би ырғағымен жазылған күйлері ("Балбырауын", "Әсем") де бар. Құрманғазы Сағырбайұлы бірнеше мәрте түрмеге де қамалған, алайда халықтың азаттығы жолындағы күрескер сазгердің рухы ешқашан түспеген. Ол Орал, Орынборда, Үркіт түрмелерінде де отырған. Куғын - сүргін мен сергелдеңге түскен күйші халықтың тәуелсіздік пен бостандық туралы терең ой - толғамын бейнелеген. "Алатау" және " Сарыарқа" күйлерін дүниеге келтірген.
1880 жылы Астрахан түбіндегі Сақмар елді мекеніне қоныс аударады. Қауым арасында ерекше құрметке бөленген Құрманғазы Дина Нүрпейісова, Е. Есжанов, М. Сүлейменов сынды мирасқорларын жинайды. Сол дәуірде әйгілі болған Көкбала, Менегай, Менкдра, Сүгүрәлі, Торғайбай, Шора сынды домбыра тарту шеберлері де Құрманғазыны ұстаз тұтқан.
"Байжұма", "Бозқаңғыр" туындылары да Сағырбайұлының асқан өнерпаз күйші екенін білдіреді. Құрманғазы өз күйлері арқылы орындаушылық өнердің ерекше дарыны мен бірегей әуен тілін паш етті. "Итог" атты күйінде күйші ауыр да азапты өмір жолының қорытындысын айқын бейнелейді. Сазгер шығармашылығында әуендік жанрдың лирика, халық тарихын баяндау, адамның табиғаттан, қоршаған ортадан алған әсері сияқты арналары да айрықшіа орын алады.
Құрманғазының күйлері қазақ хатады шығармашылығында аса маңызды тарихи орын алады. Ол өз туындылары арқылы халқымыздың мәдени дамуына қомақты үлес қосты.
“Ой қозғау” стратегиясы.
Құрманғазы Сағырбай ұлы кім?
Халық оны кім ретінде таниды?
Күйші -
Сазгер -
Домбырашы -
Классик -
Мәтінмен жұмыс. Суретке қарап ұлы сазгер туралы эссе құрастыр.
Құрманғазы Сағырбайұлының ескерткіші
Ойтолғау (Бекіту)
І топ. «Ассоциациялық карта» стратегиясы Құрманғазы тақырыбын топтастырады.
ІI топ. «Еркін жазу» стратегиясы бойынша бүгінгі сабақтан алған әсерін,
ұққанын жазады.
ІII топ. «5 жолды өлең» стратегиясы бойынша Құрманғазы тақырыбына өлең
жазады.
Ортақ тапсырма - «Психологиялық тест» стратегиясы бойынша сөйлеу.
Құрманғазы дегенде домбыра ойға келеді. Домбыра – қазақтың ұлттық аспабы екені білеміз. Домбыра неден тұратынын білесіңдер ме? Домбыраны бүгінгі сабақпен байланыстырар едіңдер? Айталық, домбыраның екі шегі, құлақ күйі, пернелері, тиегі болады. Сонда жалпы сабақ қалай байланыстыруға болады? Жалпы макеті, домбыраның өзі - білім мен тәрбие беріп отырған мектеп. Екі ішегі - бір - бірімен тығыз байланысты пән - қазақ тілі мен әдебиеті.
Тиегі – оқушы. Құлақ күйі - бағыт беруші, жол сілтеуші, «құлақ күйін бұраушы» мұғалім. Пернелері - 7 пернеден тұратыны секілді бүгінгі сабақ жеті тапсырмадан тұрады.
Үйге тапсырма - мазмұндау
Бағалау - жұмыс топпен өтеді, бірақ бағалау әр оқушының білімі мен белсенділігіне байланысты қойылады.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Қазақ халқының күйшілері

Қазақ халқының күйшілері

Сабақтың мақсаты: Білімділік: Ұлы күйшілердің өмірі және шығармашылығымен таныстыру, тақырып аясында еркін сөйлей білуге жағдай жасау, білімдерін...
Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Нағыз қазақ, қазақ емес. Нағыз қазақ – домбыра!

Жезқазған қаласы, «№21 Жалпы білім беретін орта мектебі» КММ Ғылыми - зерттеу жұмысымен айналысушы: 1«В» сынып оқушысы Әшір Балжан Жамбылқызы Ғылыми...
Құрманғазы, Дина-қазақтың ұлы күйшілері

Құрманғазы, Дина-қазақтың ұлы күйшілері

Атырау қаласының Мектептен тыс жұмыс орталығы Домбыра мұғалімі Сарсенғалиева Айзада Хайратқызы...
Құрманғазы

Құрманғазы

Павлодар облысы, Екібастұз қаласы №26 - мектеп гимназиясының бастауыш сынып мұғалімі Батаева Үміткен Еркінқызы...
Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»

Ә.Сәрсенбаев «Халыққа жеткіз күйімді»

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы Тасшағыл орта мектебінің 3 сынып мұғалімі, бастауыш әдіс бірлестігінің жетекшісі Молдағалиева Бақтыгүл Тыныштыққызы ...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×