Тақырыбы: «Ән - көңілдің ажары» Музыка әлемінде саяхат
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың музыкалық мәдениетін қалыптастыру, музыка арқылы рухани бай, адамгершілігі мол шығармашыл тұлғаны қалыптастыру
Сабақтың міндеттері:
1. Оқушылардың ақпараттық – технология арқылы музыкалық қабілеттерін дамыту.
2. Оқушыларды ұлттық музыка өнеріне, мәдениетіне деген сүйіспеншілікке тәрбиелеу.
3. Балалардың музыкалық әсерін кеңейту, шығармашылық белсенділіген арттыру.
Оқушыларды топтық жұмыста өзара ынтымақтастыққа:
топ ішінде бірлесіп жұмыс жасау арқылы, бір - бірінен үйренеді;
ортада ойларын саралап жеткізуіне мүмкіндік болады;
жұмыс әрекетінде бір - бірін тыңдау, қолдау арқылы білім мазмұнын игеруге қол жеткізеді;
музыка тыңдау және ән айту ережелерін еске түсіреді;
Сабақтың түрі: сыныптан тыс ертеңгілік.
Сабақтың әдістері: кіріспе сұрақтары, музыкалық - дидактикалық ойындар;
Сабаққа қажетті құралдар мен көрнекіліктер:
1. Құралдар: мультимедия, интерактивті тақта, компьютер, ән – күй маркер, музыкалық аспаптар;
2. Көрнекіліктер: Суреттер, слайдтар,
1. Жүру барысы:
Мұғалім: Қайырлы күн, құрметті ән сүйер қауым! «көкірегі кең, көзі ашық, көңілі ояу» ұстаздар, оқушылар және кішкентай бүлдіршіндер! Баршаңыз да бүгінгі кешімізге қош келдіңіздер.
Әнші, жыршыларымызды өз көрермендерімен жақын таныстырып, табыстыратын бірден бір орта ол - сахна. Мектебімізде бастауыш сыныптар оқушылары «Ән - көңілдің ажары» ән кешін өткізгелі отыр.
Менің ойымша оған бірінші дарын, икемділік, жұртшылықты өзіне қарату, ерекше сезім иесі және терең білім мен шеберлікті қажет етеді.
Ендеше біздің мектебімізде осындай өнерлі балалар бар ма? Олай болса тұрмайық кешімізді бастайық.
Талаптының айтқанын мен қостайын,
Бәріңізге жақсы бір ой тастайын.
"Ән көңілдің ажары" деген бар ғой.
Бұрынғының жолымен ән бастайын,- дей келе ортаға «Бала тілегі» әнімен Ақанды ортаға шақырамын.
Мұғалім: Бүгін сіздер «Музыка патшалығына» саяхат жасайтын боласыздар! Сіздер қарсы болмассыздар деп ойлаймын.
Сахнаға Музыка патшайымы шығады. Жан - жағына таңдана қарайды.
Музыка патшайымы: Сендер кімсіңдер, қайдан келдіңдер?
Жүргізуші: Біз Ж. Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінен келдік, сіздердің патшалыққа саяхат жасауға болады ма?
Музыка патшайымы: Әрине болады, білгім келеді, көргім келеді, үйренгім келеді дегендерге әрдайым есігіміз ашық. Қош келіпсіңдер!
Музыка патшайымы: Музыка патшалығына келгендер міндетті түрде, менің тапсырмамды орындайды. Дайынсыңдар ма балалар?! Менің нөкерлерім қайдасыңдар?
Сахнаға жеті нота шығып, би билеп ән салады. «Көңілді ән»
Музыка патшайымы: Менің мына нөкерлерімді танисыңдар ма? Онда қане бәріміз бірге - до, ре, ми, фа, соль, ля, си. Енді осы жеті нотаның тапсырмасын орындайсыңдар. Кімнің жеңгенін менің уәзірлерім анықтап отырады.
- Дайын болсаңдар, бірінші тапсырманы алып келіңдер!
До нотасы музыка әуенімен билеп келіп, ханшаға тапсырма салған конвертті береді.
Патшайым тапсырманы алып оқиды.
1 - ші тапсырма: 1 - 2 сынып оқушыларына келіпті. Шарты ән орындау.
«Тұлпарым» әнімен 1 - сынып оқушыларын қарсы алыңдар.
Музыка патшайымы:
Құлпырған еліміздің ұл – қызымыз,
Әзірге үлпілдеген құндызымыз.
Арасын жер мен көктің бағындырар,
Ертеңгі жарқыраған жұлдызымыз – дей отыра келесі кезекте 2 - сынып оқушыларының өнерін тамашалайық. «Спорт - біздің досымыз» әнін орындайды
2 - ші тапсырманы музыка әуенімен, би билеп, ре нотасы тапсырманы береді.
2 - ші тапсырма «Музыкалық жұмбақ»
Тартылған екі арқаны ұзын бойға,
Сөйлеуге сондай шебер тапсаң ойла.
Әр жерде аршындалған балдағы бар,
Ойнайды он бармағың білсе қайда. (домбыра)
Созылған үні,
Сүйкімді тілі.
Үрлесең ойнайтын,
Аспаптың бірі. (сыбызғы)
Бір нәрсе қараңғыда қаймалайды,
Азынаса көмейінде мал жылайды.
Құйрығын қара жерге тіреп алып,
Келеді баяғының әнін салып. (қобыз)
Ел қорғайтын ерлікке,
Батылдыққа ерлікке.
Әуенімен шақырған,
Қандай аспап балалар. (дабыл)
Жеті шектен жеті түрлі үн шығар,
Әуезінен жеті тарау мұң шығар.
Ойнап кетсең, түрлі - түрлі жыр шығар,
Бұл қандай аспап? (жетіген)
Ми нотасы ортаға шығып, тапсырманы береді,
3 - тапсырма: 3 - сыныпқа келіпті, музыка аспабы туралы ән орындап беру.
«Қасиетті домбыра» әнін орындайды.
4 - ші тапсырманы фа нотасы әкеледі.
4 - ші тапсырма: Әнді тыңдап, қай ән екенін тауып жатқа орындап береді. Бұл тапсырма бойынша «Ән сарайына» келдіңдер.
Айтылатын әндер: «Қошақан», «Аяқпененен топ - топ»,
5 - ші тапсырманы соль нотасы әкеледі.
5 - ші тапсырма: «Музыка сан ғылымда» сарайына барып, «Пішіндер», «Санау» әндерін тыңдайды. (видео)
6 - шы тапсырманы ля нотасы әкеледі
6 - тапсырма: «Музыкалық ертегі» сарайынан келіпті.
Ендеше кезекті ертегіге берейік.
3 - 4 - сынып оқушылары орыстың халқының «Үйшік» ертегісін қояды.
7 - ші тапсырманы си нотасы әкеледі
7 - тапсырма: Шық достарым билеуге,
Бір - бірінен қалыспа.
Өнеріңді байқасын,
«Айгөлек» биі
Музыка патшайымы: Осымен біздің тапсырмамыз аяқталды. Сендер менің барлық тапсырмамды орындадыңдар. Сендерге «Музыка патшалығының» есігі әрдайым ашық. Кез келген уақытта сендерді қуана қарсы алуға дайынмын. Өз халықтарыңның музыкасын, өнерін қастерлеп, сақтап жүріңдер. Қазақ халқының музыкасы сендердей ұрпағы барда мәңгі жасай береді!
Жүргізуші: Осымен «Музыка әлемінде» саяхатымыз аяқталды.
Музыка сабағынан алған білімдеріңді саяхат барысында жақсы көрсете білдіңдер. Музыка біздің өмірімізде өте маңызды роль атқарады. Сондықтан да тек музыка сабағында ғана ән айтып, музыка тыңдамай, кез келген уақытта ән айтып, күй тыңдап жүрсеңдер, үнемі көңілді, шаршамай жүріп, өмірде кездесетін кез келген қиындықты жеңетіндеріңе кәміл сенемін!
Бүгінгі ертеңгілікті халқымыздың мынадай дана сөзімен аяқтағым келіп отыр: «Ақылың болса ән тыңда!»
Жас дәуірдің түлегіміз,
Ән салу біздің өнеріміз
Әрқашанда аман бол,
Осы біздің тілегіміз.
«Ән - көңілдің ажары» Музыка әлемінде саяхат
- ramuk_b
- 16 ақпан 2019
- 6638
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ән - көңілдің ажары, музыка әлемінде саяхат
Ұқсас жаңалықтар:
Күнтізбелік жоспар музыка 3 сынып
Күнтізбелік жоспар Музыка 3 сынып Аптасына 1 сағат жылына 34 сағат...Музыка әлемінде
Бағдарламалық мазмұны: Музыка өнері туралы түсінік қалыптастыру; музыкалық өнер құпияларымен таныстыру; музыкалық мәдениет бастауын, рухани мәдениет...Аспаптық музыка
Жамбыл облысы, Тараз қаласы, №36 орта мектептің жоғары санатты музыка пәні мұғалімі Абдикаликова Кульбарам Абенқызы...Музыка әлеміне саяхат
Мақсаты: Балалардың ноталарды тануын, музыкалық аспаптарға деген қызығушылығын ояту, оларды дыбысынан ажырата білуге үйрету...Саз әлемі
Қызылорда облысы, Қазалы ауданы, Басықара ауылы, № 182 мектептің аға тәлімгері Жаппасбаева Гаухар Нурмухамедовна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.