Сайтқа кіру Тіркелу

Жыл құстары

Білім беру саласы: таным
Ұйымдастырылған оқу іс - әрекеті: экология негіздері
Тақырыбы: «Жыл құстары»
Мақсаты: Құстар тіршілігі, табиғатқа келтіретін пайдасы туралы түсініктерін қалыптастыру. Қыстап қалатын құстарға қамқорлық жасауға үйрету.

Бүгін жыл құстары туралы айтамыз. Жыл құстары және қыстап қалатын құстар туралы әңгімелейді: Күннің суытып, жәндіктердің көпшігі қырылып қалады, кейбір жәндіктер ағаштардың қуыстарына тығылады. Осылайша құстардың жемі азаяды. Осыған байланысты құстар жылы жаққа ұшып кетеді. Ол құстарды жыл құстары деп атаймыз. Құстардың бір бөлігі күзде ұшып кетпей, сол жерде қыстап қалады. Оларды қыстап қалатын немесе отырықшы құстар деп атайды. Құстардың суреттерін көрсетіп, сипаттама береді.

Сергіту сәті:
Күнде аспанға қараймыз,
Қайтқан құсты санаймыз.
Үшбұрыш болып тырналар,
Көк жүзінде сырғанар.

Дәптермен жұмыс:
Суреттерді көрсетеді. «Орман дәрігері» тоқылдақ туралы мәлімет береді.
«Құстар» дидактикалық ойыны. Шарты: суреттер бойынша құстарды екі топқа топтастыру. Жыл құстары және отырықшы құстар.

Ақтөбе облысы, Әйтеке би ауданы, Северный орта мектебінің
мектепалды дайындық класының тәрбиешісі
Байменова Индира Доспановна

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×