Бағдарлама « Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім»
Мақсаты: мектепке дейінгі балаларды аймақтық әлеуметтік мәдени ортамен таныстыру арқылы рухани адамгершілікке тәрбиелеу.
НЕГІЗГІ МІНДЕТТЕРІ
Білім беру:
- Генеалогиялық құрылым арқылы балалардың өз отбасының тарихына деген қызығушылығын дамыту, туыстық қатынас туралы ұғымын қалыптастыру, отбасы туралы түсінігін байыту;
- туған ел туралы білімдерін кеңейту, туған өлке тарихы туралы білімдерін тереңдету және байыту,
- Қазақтың ұлттық әдет - ғұрпы және дәстүрлері туралы білімдерін қалыптастыру;
- Мектепке дейінгі балалардың туған өлке жайлы қарапайым және географиялық шынайы – ғылыми ұғымдарын жүйелеу және кеңейту;
- Туған аймақтағы жануарлар мен өсімдіктер әлемінің айырмашылықтарымен таныстыру, өсімдіктер мен жануарлардың сыртқы құрылымы арасындағы байланыстылықты түсіндіру және олардың өмір сүру жағдайлары туралы түсініктерін қалыптастыру;
- Сәтбаев қаласында тұратын адамдардың еңбегі туралы балалардың түсініктерін кеңейту және нақтылау. Әртүрлі еңбек түрлерінің өзара байланысы, еңбектің қоғамдық мәні туралы балалардың өзіндік қорытындыларын нақтылау.
Дамыту:
- Табиғатты ғылыми тұрғыда түсінуде шынайы - ғылыми ойлау негіздерін қалыптастыру;
- Білімпаздықтарын, шығармашылық біліктіліктерін, қиял мен елестете білу қасиеттерін дамыту;
- Үлкендер мен балалар арасындағы қарым - қатынас әдептіліктерін қалыптастыру, монолог тілін дамыту;
- Тіл ақауын түзетуге бағытталған жалпы және арнайы әдіс - тәсілдерді қолдану арқылы жас ерекшеліктеріне сай сөздік қорымен дұрыс, анық, мәнерлеп айтуды дамыту,
Тәрбиелеу:
- Жақындарына деген қамқорлықты және құрметтеуді, отбасына деген сүйіспеншілік сезімін тәрбиелеу;
- Тарихи және мәдени мұраларды бағалауға, кіші Отанына деген сүйіспеншіліктерін тәрбиелеу;
- Қоршаған ортаны тануда жеке тұлғаның белсенді өмірге деген ұмтылысын тәрбиелеу.
Жұмыс формасы: танымдық, дамытушылық сабақтар, әңгіме, бейнелеу өнерінің әртүрлі формалары, саяхат, дамытушы ойындар, ата - аналармен бірлескен іс - әрекет.
Күтілетін нәтиже:
- өз отбасының тарихын білу, отбасылық салт - дәстүрлерді айта алуы;
- туған қаласының тарихы туралы қарапайым білімдері болуы;
- Сәтбаев қаласының өндірілетін өнімі туралы білімі болуы, өз қаласының өткен еңбек жолдарын білуі;
- Сәтбаев қаласының көркемдік шығармашылығы туралы білімі болуы;
- туған өлкесінің пайдалы қазбалары туралы білуі және оны атау;
- жайлаулы өлкенің жануарлар және өсімдіктер әлемін білуі, табиғат ережелерін білуі;
- табиғи және қолданбалы материалдармен жұмыс істеуде тәжірибелік дағдыларының болуы.
БАҒДАРЛАМА ҚҰРЫЛЫМЫ
«Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім» бағдарламасының курсы
3 жылға жоспарланған
Оқытудың бірінші жылы (3 жастан 4 жасқа дейін - ІІ кіші топ)
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК, тәрбиеші
Сейтжапбарова Гульнар Бухарбаевна
Бағдарлама «Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім» жүктеу
Бағдарлама «Менің отбасым – менің өлкем – менің үйім»
- aiboll
- 17 қыркүйек 2017
- 4685
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Менің отбасым бағдарлама, бардарлама менің отбасым, бағдарлама менің отбасым, менің өлкем, менің үйім
Ұқсас жаңалықтар:
Мен және менің отбасым
«Даулет есіктен, ақыл бесіктен кіреді» - демекші, білім мектептен, тәрбие бесігі отбасынан басталады. Отбасы - махаббатқа, бақытқа, қуанышқа,...Менің отбасым
Отан отбасыдан басталады деп бекер айтпаса керек. Отанның бір кішкентай бөлшегі ол отбасы....Жаратылыстану пәні бойынша ҚМЖ. 5 сынып №5
1. Жануарлардың көп түрлілігі және маңызы 2. Жануарлар арасындағы қарым-қатынас 3. Өсімдіктердің көп түрлілігі мен маңызы 4. Бөлме және дәрілік...Отбасым - бақыт мекенім
Отбасым - менің жүрегім Отбасым - менің тірегім Отбасым – менің Отаным...Ынтымағы жарасқан отбасы
Пән: Көркем әдебиет Сынып: МАД тобы Мерзімі: 16 – қараша Мұғалім: Жиенбаева Л.Ш....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.