Сабақтың тақырыбы: «Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу және көбейту» Қайталау.
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік: Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша көбейту және бөлу туралы білімдерін қалыптастыру; қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын бекіту; жылдамдық, қашықтық, уақытты табу дағдыларын бекіту.
2. Дамытушылық: оқушылардың танымдық қабілеттерін, логикалық ойын, ойлау қабілеттерін жетілдіру, зейіндерін, ауызша, жазбаша есептеу дағдыларын дамыту.
3. Тәрбиелік: өз бетінше жұмыс жасауға төселдіру, алған білімін пайдалана білуге, тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу.
Сабақтың көрнекілігі: сызба, суретті есептер, ойындар, интерактивті тақта, есеп парақшалары, тест, бақылау және тексеру жұмыстарына арналған дәптер, тест тексеру парақшалары, смайликтер.
Сабақтың түрі: Аралас сабақ
Сабақта қолданылатын әдіс - тәсілдері: Топқа бөлу, «Жетіқарақшы», «Блум» «Ішкі және сыртқы шеңбер», «Кір жаятын жіп»,«Бағдаршам», «Бас бармақ»
Сабақ барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі: Оқушылардың назарын сабаққа аудару.
Түстер арқылы бөліну, Оқушылардың көңіл - күйін сұрау, (бармақпен көрсету.) Сабаққа дайындығымыз қалай? (3 - рет шапалақ)
Балалар, бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болмақ. Өйткені біздің сабағымызға қонақтар қатысып отыр. Қонақтарды білімімізбен, тәрбиемізбен сыйлап жіберуіміз керек. Солай емес пе?
- Еліміз мықты болу үшін, біз қандай болуымыз керек?
- Білімді болу деген не?
- Дарынды тұлға өмірде кездескен қиындықты жеңе алады. Болашаққа қадам басқан еліміз дамыған, білімді болуы тиіс. Бүгінгі сабағымызда біз де «Болашақ баспалдағымен» көтеріліп, білім шыңына шығу арқылы білімімізді көрсетейік. Егеменді еліміздің туын желбірету арқылы өз үлесімізді қосайық.
ІІ. Үй жұмысын тексеру.
Сабақтың мақсатымен түсіндіру. Сабақ 9 - басқыштан тұрады:
1 - басқыш «Болашақ баспалдағы»
2 - басқыш «Ой ұшқырлар»
3 - басқыш. «Тез есепте»
4 - басқыш. «Кім жылдам?»
5 - басқыш. Шығармашылық тапсырма
6 - басқыш. «Бойы сергектің ойы да сергек»
7 - басқыш. «Тез есептеп үйрен!»
8 - басқыш. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл»
9 - басқыш. «Ойлан, тап»
Жаңа сабақ.
а) Кіріспе бөлім: «Жетіқарақшы» әдісі арқылы өткен тақырыпты сұрау
1 - басқыш «Болашақ баспалдағы»
Өткен сабақты қорытындылау сұрақтары:
1) Жылдамдықты, қашықтықты табу үшін не істейміз?
2) Уақытты табу үшін не істейміз? Жұмысты табу үшін не істейміз?
3) Жұмысты табу үшін не істейміз?
4) Өнімділікті табу үшін не істейміз?
5) Радиус дегеніміз не?. Диаметр дегеніміз не?
6) Барлық жұмыс орындалған уақытты қалай табамыз?
7) Екі таңбалы санға жазбаша көбейту, бөлу тәсілі
Дәптерімізді ашып, күн жадын жазамыз.
Қызылорда қаласы,
№112 орта мектептің
бастауыш сынып мұғалімі
Абдирбаева Айткуль
Толық нұсқасын жүктеу
Көп таңбалы санды екі таңбалы санға жазбаша бөлу және көбейту
- ramuk_b
- 6 ақпан 2017
- 3146
- 0
- 0
Ілмек сөздер: қалдықпен бөлуді орындау дағдыларын бекіту
Ұқсас жаңалықтар:
Көбейту және бөлу
Көп таңбалы санды бір таңбалы санға ауызша көбейту және бөлу, оларға амалдар қолдануды, кесіндінің ұзындығын, төртбұрыштың ауданын табу тақырыптарын...Жоғарғы разряд бірліктері осы санға бөлінбейтін үш таңбалы санды бір таңбал ...
Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай кенті, «№4 орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бастауыш сынып мұғалімі Тажимова Дана Мейрбекқызы...Бөліндінің мәнінде нөлі бар болатын үш таңбалы санды бір таңбалы санға жазб ...
Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Нұржау қазақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі Абдуллаева Марта Жұмажанқызының...Үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту
Сабақтың мақсаты: 1. Білімділік. Оқушыларға үш таңбалы санды бір таңбалы санға көбейту тәсілдерін үйрету. 2. Дамытушылығы Оқушылардың ақыл - ойын,...Бастауыш сыныптарына сабақ топтамасы
Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы «№ 22 ЖОББ» КММ бастауыш сынып мұғалімі Габдуллина Асель Толеухановна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.