Сайтқа кіру Тіркелу

Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың ауданы

Ақтөбе облысы, Темір ауданы, Шығырлы ауылы
Ә. Молдағұлова негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі
Матбаева Раушан Талгатовна

Сабақтың тақырыбы: Үшбұрыштар мен төртбұрыштардың ауданы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың төртбұрыштар және үшбұрыштар тарауынан алған білімдерін пайдалана отырып, есептер шығару дағдыларын қалыптастыру
Тәрбиелік: өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты дәл айта білуге үйрету, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын, белсенділіктерін арттыру, ой - өрісін дамыту, білуге тиісті міндетті деңгейдегі есептерді шығару, іскерліктерін дамыту, теориялық білімін практикада қолдана білу дағдысын қалыптастыру.
Сабақтың типі: тарауды қайталау, білімді жүйеге келтіру
Сабақтың әдісі: ұжымдық оқыту, есептер шығару, ойын
Сабақтың көрнекіліктері: слайд, кеспе қағаздағы тапсырмалар

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру
 Оқушылармен сәлемдесу
 Сабақты бастамас бұрын өз есімінің бірінші әрпіне байланысты тілек - лебіздерін білдіру қажет.
 Оқушыларды топқа бөлу
 Сабақтың мақсатын хабарлап, сайыстың шарттарын түсіндіру
Оқушыларды төртбұрыш және ұшбұрыш тобына бөліп, оқушылардың бүгінгі сабақтың сайыс түрінде өтетінін түсіндіру.

Сайыстың шарттары:
1. “Алғашқы қадам”
2. Лездік тапсырмалар
3. “Біліктілік” сайысы
4. “Алғырлық кілті”
5. Сергіту сәті
6. “Шешуші сәт”

“Алғашқы қадам” (өткенді пысықтау)
 Үшбұрыштар тобы:
 үшбұрыш анықтамасы, түрлері мен қасиеттеріне тоқталу
 Төртбұрыш тобы:
 төртбұрыш анықтамасы, түрлері мен қасиеттеріне тоқталу
“Лездік тапсырмалар”
 Формуламен жұмыс
 Берілген формулалар кестедегі атауы бойынша дұрыс орналастыру қажет

3. “Біліктілік” сайысы
Берілген фигураларды таңдау арқылы есептерді шешу.
 АВС үшбұрышында А=450, ал ВD биіктігі АС қабырғасын АD=6 см, DC=8см кесінділерге бөледі. АВС үшбұрышының ауданын табыңыз
 Қабырғасы 15, 7 дм тең квадраттың ауданын есептеңіз
 Тең бүйірлі трапецияның табандары 20см және 30 см тең, ал бұрышы 45 градусқа тең. Трапецияның ауданын тап.
 Ромб диоганальдарының біреуі екіншісінен 3 есе артық, ауданы 24 см2. Диоганальдарын тап.
 Тіктөртбұрыштың ауданы 22 дм 2, ұзындығы 5 дм. Оның ені неше дециметр.
 Параллелограмның қабырғалары
 6 және 8 см, арасындағы бұрышы 1500. Ауданын табыңыз.

4.“Алғырлар кілті”(логикалық есептер)
 4 шырпыны жылжытып 3 шаршы құрастыр
 6 шырпыны алып тастап екі шаршы қалдыр

5. «Сергіту сәті» жұмбақтар шешелік
1. Қарсы келіп доғалдар,
Бір - бірне жабысты.
Үш бұрыштың жоғалған,
Сүйірі де табысты.
Жылдар жылжып ағады,
Білгеніңді талқылап,
Білім алсаң жоғары
Белгілі болам жарқырап.
(ромб)
2. Төрт бағытқа жаршымыз
Теңсіздікке қарсымыз
Қанаты мен бұрышы
Тең жаралған жандармыз
(шаршы)

3. Үлкен - кіші болса да,
Бірін - бірі қимастан
Қабырғалар соншама
Өзді - өзімен сыйласқан.
Екі доғал, сүйірге
Алды деме мінгесіп,
Күрке сынды үйінде
Тұрып жатыр бірлесіп
(Трапеция)

4. Тік сызық пен көлденең
Кезек - кезек ерлеген.
Кішілері үлкенге
Қарсы болып көрмеген.
Сыйластықтың досындай
Қандай фигура осындай?
(Тіктөртбұрыш)

5. Тырналардың тізбегі,
Біздерді іздеді,
Өткірлікте бізде еді,
Бар ма біздей қырағы?
Доғал, сүйір, тік бұрыш
Фигурамыз дұп-дұрыс.
(Үшбұрыш)

5. «Шешуші сәт» тест тапсырмаларын орындау

Толық нұсқасын жүктеу
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×