Математика апталығы аясында 5 сыныптар арасында өткізілген сабақтан тыс іс - шара дайындаған «Жезқазған қаласының білім бөлімінің №10 жалпы орта білім беретін мектебі» КММ математика пәнінің мұғалімі Есенбаева Элмира Амировна
Сыныптан тыс іс - шараның мақсаты:
1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру.
2) Оқушыларды шапшаңдыққа, ізденімпаздыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Түрі: Топтық сайыс
Қажетті құрылғылар, көрнекіліктер: интерактивті тақта, сурет жасырылған қималар, фигуралар кескінделген парақтар
Жоспары:
1. Топтарды таныстыру
2. І - тур (блиц - сұрақтар 10/10)
3. ІІ - тур (жасырылған есеп)
4. Қызықты үзіліс
5. Қорытындылау, марапаттау
Барысы:
Жүргізуші: - Қайырлы күн қадірменді көрермендер!
Бүгінгі ойын топтық сайыс түрінде өтеді.
Математика сырлары,
Қызықтырды біздерді.
Ойынға бірге қатысуға,
Шақырамыз сіздерді!
Әділқазы алқасымен танысу
Әділ баға беріңіздер! - дей отырып сайыскерлеріміздің сәттілік тілейміз.
- Сайысымызды бастау үшін, алдымен 5 «А» және 5 «Б» сынып оқушыларын құралған екі топты ортаға шақырамыз.
1) Топтарды таныстыру кезеңі. Әр топқа 2 минут уақыт беріледі.
2) І - тур (блиц - сұрақтар 6/6)
1. Сағаттың ¼ - і неге тең? 15 минут
2. Ең үлкен екі таңбалы сан? (99)
3. 1 кг - да неше г бар? 1000г
4. Ридиусы 5 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 10
5. Үш алманы екі әкесі мен екі баласы қалай бөліп алады? (егер ата, әке, бала болса)
6. 2 - нің 2 дәрежесі. 4
1. Тәуліктің 24 - тен 1 - і 1сағат
2. Ең кіші екі таңбалы сан? (10)
3. 1 сағатта қанша минут бар? (60)
4. Ридиусы 3 болатын шеңбердің диаметрі қанша? 6
5. Қолымызда 10 саусақ болса, он қолда неше саусақ бар? 100
6. 16 нешенің квадраты? 4
3) Жасырылған есеп
1 - есеп:
Тіктөртбұрыштың ауданы 24см2, ұзындығы 6см. Тіктөртбұрыштың периметрін тап? Жауабы: 20
2 - есеп:
Тіктөртбұрыштың периметрі 30см, ұзындығы 9см. Тіктөртбұрыштың ауданын тап. Жауабы: 56см
4) Қызықты үзіліс
Әділқазылар алқасы әділ бағаларын санағанша, көрермендерімізбен қызықты үзіліс өткізейік.
Шарты: жасырылған ұғымды немесе іс - әрекетті оқушылар ешбір дыбыс шығармай тек іс - қимылмен бейнелеулеріңіз қажет.
Жасырылған сөздер:
1. Координаталық жазықтық
2. Бұрыш
3. Кітап
5). Қорытынды.
- Қорытынды шығару үшін сөз кезегін әділ қазыларға береміз.
Жеңімпаздар марапатталады.
Кім алғыр
- эля
- 7 қаңтар 2016
- 7952
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Кім алғыр атты математика пәнінен сайыс сабақ, математика апталығы
Ұқсас жаңалықтар:
Математикалық сандық
Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды...Ойнайық та ойлайық (2 сыныптар арасында математикалық сайыс)
Мақсаты: Оқушылардың ойлау қабілетін, ой ұшқырлығын, оқуға ынтасын арттыру ұйымдастырушылық қабілетін дамыту; Оқушыларды ұйымшылдыққа, нақты пәнге...«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы
ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...Шаршының ауданы
Ақтөбе қаласы №1 орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Альсуеуова Гулбану..."Математикалық сандық" сайыс сабағы
Жорықбаева Индира Қызылорда облысы Қармақшы ауданы №105 қазақ орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сабақтың тақырыбы: « Математикалық сандық»...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.