Пәні: Математика
Сынып: 5 "Ә"
Пән мұғалімі: Жумаева Ф. А
Тақырыбы: Арифметикалық амалдар. Қайталау
Түрі: Аралас, Сайыс сабағы
Көрнекілігі: плакат сөзжұмбақ, стикер, маркер, балық суреті, ағаш суреті, сиқырлы квадрат кестесі
Әдіс - тәсілдері: топтық жұмыс, сұрақ - жауап, жұппен жұмыс, балық сүйегі әдісі
Қош келдіңіздер әділ қазы қонақтар. Сіздерді біздің бүгінгі "Арифметикалық амалдар" деген қайталау сабағына келгендеріңізге рахметімізді айтып "білімді мыңды жығар"- деп ой мен білім сайысын бастаймыз
Бүгінгі сайыс сабағының мақсаты
Білімділік: 5 сынып оқушыларына "Арифметикалық амалдар" тақырыбын қайталау арқылы білімдерін жетілдіру
Дамытушылық: Оқушыларды жарыстыру арқылы логикалық ойлау қабілеттерін, ой өрісін дамыту, белсенділігін, математикаға деген қызығушылықтарын арттыру
Тәрбиелілік: Топпен бірлесе жұмыс жасауға, әдептілікке, ұйымшылдыққа, көпшілік алдында өздерін ұстай білуге тәрбиелеу.
Сабақтың барысы
Ұйымдастыру бөлімі:
- Құрметті ұстаздар, оқушылар сіздер сынып арасында өтетін «Арифметикалық амалдар» атты қайталау ойын, сайыс сағатына қош келдіңіздер!.
Сайысымыздың негізгі мақсаты әртүрлі математикалық ойын тапсырмаларды орындау арқылы білімдерін, одан әрі тереңдету. Алған білімдерін
пысықтау.
Сайыс сағатымызда:
Сарапшыларды сайлау.
1.
2.
3.
4.
Шаттық шеңбер құру(Оқушылар бір - біріне тілек айтады)
Кері байланыс (Оқушылар өздерінің көңіл - күйін білдіруі)
Сайысқа 2 топ қатысады
Сайыс 7 кезеңнен өтеді
1. Таныстыру. (Әр топ өздерін таныстырады)
2. Кім жылдам? Өткенге шолу(Әр топ басы 8 сұрақтан қояды, сұраққа жылдам дұрыс жауапқа 1 ұпайдан және жылдамдық ескеріледі)
3. Математикалық сөзжұмбақ. (Сөзжұмбақтың әр сөзі 1 ұпайдан)
4. Сиқырлы квадрат(Ережеге сай сандарды қосу)
Сергіту сәті
5. Баспалдақ шыңы(Амалдарды орындау)
6. Балық проблемасы (Теңдеуді шешу )
7. Ұшқыр ой! (Логикалық тапсырмалар шешу).
Үйге тапсырма!
Кері байланыс (Мұғалімді бағалау) - тан тұрады. Берілген тапсырмалардың жауаптарын дұрыс айтуларыңыз керек. Әр дұрыс айтылған жауаптарға, бір ұпайдан қосылып отырады. Сайыста ұпайды көп жинаған топ «Жас математик» номинациясына ие болады. Ал ұпайды аз жинаған топ сайысқа белсенді қатысқаны үшін «Алғыс хатпен» марапатталады.
Уа, халайық, халайық
Бәріне жар салайық
Бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Есеп шешіп жарысып
Жұмбақ шешіп аңдысып,
Шабыт тасып, шалқысып
Көңілді кеш жасайық
Жұмбақ шеру шашайық
Мұнда қызық табылар
Жұмбақ, есеп бәрі бар
Ал, сайыскер балалар
Білімдеріңді сынайық.- деп, бүгінгі сайыс сағатында сынға түсетін екі топпен таныстырып өтейін.
«Үшбұрыш» тобы немесе «Көбейту және бөлу» тобы
«Төртбұрыш» тобы немесе «Қосу және азайту» тобы
1. Енді сөз кезегін топтарға берейін, өз топтарын өлең жолдары арқылы таныстырып өтсін.
«Үшбұрыш»: Армысыздар ұстаздар
Біз көбейту - бөлуміз
Бүгінгі бұл сайыста
Талпынуға әзірміз
Таудай біздің талабымыз
Озып шығып бәйге аламыз
Келешекте өскенде
Үлкен ғалым боламыз
«Төртбұрыш»: Қосу менен азайтудан тұратын
Топтың атын таныстыру мұратым
Уа достарым бүгінгі кеш төрінде
Математика елінде
Ойымызды жинақтап
Есеп шешіп алайық
Жеңімпаз болуға ұмтылып
Бір қуанып қалайық
Толық нұсқасын жүктеу
Слайдын жүктеу
Арифметикалық амалдар
- zh.f.a
- 6 қаңтар 2016
- 2378
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Арифметикалық амалдар, қосу, азайту, көбейту, бөлу
Ұқсас жаңалықтар:
Қызықты математика
Математика Тақырыбы: Қызықты математика...Қызықты математика
1. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең -...Жас математик танымдық сайыс сабақ
1. Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың математикалық білім қабілеттерін тексеру, алған білімдерін пысықтау. Дамытушылығы: Мұндағы өлең -...Ойнайық та, ойлайық!
Ақтөбе қаласы, №8 орта мектептің бастауыш класс мұғалімі Кенжебаева Самал Алдабергеновна...Көңілді тапқырлар.
Нұрмашева Шарбану Насырқызы. Х.Наубетов атындағы орта мектептің жоғары санатты мұғалімі. Тақырыбы: Көңілді тапқырлар. Мақсаты: Білімділігі:...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.