Сабақ тақырыбы: Екі өрнектің квадратының айырымы.
Сабақтың мақсаты: а) Көпмүшені көпмүшеге көбейту арқылы қысқаша көбейту формулаларын мысалдар арқылы түсіндіріп, қорытып шығару, түсіндіру.
б) Дамыта - тереңдетіп топтық әдіспен тақырыптың мәнін түсіндіру, қысқаша көбейту формуласын қорыту, ережені жатқа айту.
в) «Математикалық диктант», «Жекпе - жек», «Күш сынасу», «Бәйге» ойыны арқылы топтық, ұжымдыққа, батылдыққа, жинақтылыққа тәрбиелеу.
Математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету.
Сабақтың типі: жаңа білім беру сабағы.
Сабақтың түрі: топтық сайыс сабағы.
Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, дидактикалық тапсырмалар, электронды оқулық.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру, үй тапсырмасын тексеру.
2. Оқушылардың білімдерін тексеру.
3. Жаңа сабақты түсіндіру;
4. Түсінгендерін тексеру;
5. Бекіту;
6. Үйге тапсырма беру.
Сабақ үш кезеңді қамтиды:
Бірінші кезең – жаңа білімге ие болу және оны қолдану;
Екінші кезең – алған білімді түрлендіру.
Үшінші кезең — жаңа білімді өздігінен меңгеру.
Сынып үш топқа бөлінеді.
І. Білімдерін тексеру үшін әр топ өз аттарын қорғайды.
«Бірмүше», «Көпмүше», «Ұқсас мүше»
ІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
Үш топтан бір - бір оқушы шығып көпмүшені көпмүшеге көбейту амалын орындайды.
(а - в)(а+в) = а²+ав - ав – в²= а²- в²
(х - у)(х+у) = х²+ху - ху – у²= х²- у²
(m - n)(m+n) = m²+mn - mn – n²= m² - n²
Ереже: екі өрнектің айырмасы мен олардың қосындысының көбейтіндісі сол өрнектердің квадраттарының айырмасына тең болады.
1) (5а - 4в)(5а+4в) = 25а²+20ав - 20ав – 16в²=25а²- 16в²
2) 57*63= (60 - 3)(60+3)= 60² – 3² =3600 – 9=3591
Ауыспалы ҚР туы жеңімпаз топта.
1. Математикалық диктант (Әркімнің өзі шығар биігі бар)
1.(а - 3)(а+3) = а²- 9 2.(m - n)(m+n) = m²- n²
3.(1+c)(1 - c) = 1 – c² 4. (10x - 7y)(10x+7y)= 100х²- 49y²
2. Бәйге (Шапқан озар, жатқан қалар)
1.(а - 5)(а+5) =
2.(2х - 1)(2х +1) =
3. (8с - d)(8c+d) =
4. (7 - 3y)(7+3y)=
5.(a2 - 3)(a2+3)=
3. Жекпе – жек (Білекті бірді жығар, білімді мыңды жығар )
1.(3m - *)(3m+ *) =9 m²- 4n²
2.(*+4х)(*- 4х) =25а² – 16х²
3.(144а²- 4в²) =(12а -*)(12а+*)
4. (100 - 1)(*+1)= * - 1
4. Күш сынасу. (Жұмыла көтерген жүк жеңіл)
№158 есеп
5. Сабақты бекіту:
1 өрнек 2 өрнек Екі өрнектің айырмасын оның қосындысына көбейту Екі өрнектің квадраттарының айырмасын жаз
3а b
0, 3 4а
аb 5
Үйге тапсырма: 8 - тарау №152(жұп нөмірлері) №154
Оқушыларды бағалау.
Жансен Кереев атындағы орта мектебі.
Математика пәнінің мұғалімі: Жанбауова Маруан Сакеновна
Екі өрнектің квадратының айырымы
- maruan
- 28 қазан 2015
- 4253
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика пәні бойынша сайыс сабақ, көпмүшені көпмүшеге көбейту
Ұқсас жаңалықтар:
Қысқаша көбейту формулалары. Екі өрнектің қосындысының және айырмасының ква ...
Екі өрнектің қосындысының квадраты бірінші өрнектің квадратына, плюс екі еселеген бірінші және екінші өрнектің көбейтіндісіне, плюс екінші өрнектің...Екі өрнектің қосындысының кубы және айырмасының кубы тақырыбына есептер шығ ...
Екі өрнектің кубтарының қосындысы мен айырмасын көбейткіштерге жіктеу формуласын білу, мәнін түсіну, дәлелдей білуі...Екі өрнектің квадраттарының айырымының формулалары
Екі өрнектің квадраттарының айырымы олардың айырымы мен қосындысының көбейтіндісіне тең...Қысқаша көбейту формулаларын есептерді шығаруда қолдану
Білімділік: - тақырып бойынша алған білімін жинап, бір жүйеге келтіру; - қысқаша көбейту формулалары бойынша білімдерін байқау. - ойлау қабілетін...Екі өрнектің квадраттарының айырымы
Екімүшесін екімүшесін көбейтуді, яғни көпмүшені көпмүшеге көбейту ережесін қолданамыз, яғни бірінші мүшенің әрбір мүшесін екінші мүшенің әрбір...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.