Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді пайдаланып есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Квадрат теңдеулерді шешудің әртүрлі тиімді тәсілдерін үйрету, олардың ерекшеліктерін танытып, есептер шығаруда қолдана білуге үйрету.
Дамытушылық: Оқушылардың логикалық ойлау қабілеттерін дамыта отырып, ой - өрістерін кеңейтуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге мүмкіндік жасау.
Тәрбиелік: Шапшаңдыққа, өз бетімен жұмыс жасай білуге, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: Практикалық сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, есептер шығару
Көрнекілігі: Интерактивті тақта
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Ой толғау сәті (сұрақ - жауап)
3. «Кім тапқыр?»
4. «Кім шапшаң?»
5. «Біліміңді тексер»
6. «Ойлан, тап!»
7. Қорытындылау
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру ( 2 мин)
Сыныпты ретке келтіру, кезекшімен жұмыс
- “Көтеріңкі көңіл күй”- атты тренинг (Әр бала берілген қасиеттердің ішінде қазіргі уақытта қандай қасиет бойларында бар және жолдастарына бүгінгі сабақта не тілейді?)
Берілген қасиеттер:
Өмірге риза болу
Ұқыптылық
Кеңпейілділік
Өзбетінділік
Ұжымдық
Қарапайымдылық
Бауырмалдық
Сыпайылылық
Төзімділік
Сабырлық
Әділдік
Ашықтық
Шыншылдық
Өзіне сенімділік
Ақылдылық
Сапалылық
Тіл табысушылық
Батылдық
Тұрақтылық
Еңбекқорлық
ІІ. Үй жұмысын тексеру ( 8 мин)
Теңдеуді шешу: Жауаптарын дәлелдеп тексеру.
№ Теңдеу
1. х2 + х – 12 = 0
2. х2 - 12х – 45 = 0
3. у2+ 8у +15 = 0
4. у2 - 5у +6 = 0
Теңдеу түбірлері
3 және - 4
- 3 және 15
- 3 және - 5
2 және 3
ІІІ. Жаңа сабақ ( 20 мин)
Балалар біз квадрат теңдеуді шешуді білеміз. Есептер шығару кезінде формулаларды пайдалануды да білеміз. Бүгін біз алдыңғы сабақтардағы алған білімдерімізді көрсетуіміз керек.
1 кезең. Ой толғау сәті (әр сұрақ 1 ұпай)
Қайталауға арналған сұрақтар:
1. Квадрат түбірдің анықтамасы?
2. Қандай теңдеулер толымсыз квадрат теңдеулер деп аталады?
3. Келтірілген квадрат теңдеу дегеніміз не?
4. Виет теоремасын кім айтып, жазады?
2 кезең. «Кім тапқыр?» (әр жауап 2 ұпай)
3 кезең. «Кім шапшаң?» (әр есеп 5 ұпай)
Оқулықпен жұмыс
№ 363 79 бет ( а - ж)
С деңгей: ( 6 ұпай)
4 кезең. «Ойлан, тап!» Есепті теңдеу құру арқылы шығару
1 қатар 2 қатар 3 қатар
Тікбұрышты үшбұрыштың катеттерінің бірі гипотенузадан 3 см кем, ал екіншісі 6 см кем. Гипотенузаны табыңдар. Кинотеатрдағы бір қатардағы орындардың саны ондағы қатарлар санынан 8 - і артық. Егер кинотеатрда барлығы 884 орын болса, ондағы қатарлар санын табыңдар. Біреуінің екіншісінен 6 ауы артық екі натурал санның көбейтіндісі 187 тең. Осы санды табыңдар.
Д деңгей:
5 кезең. «Біліміңді тексер» ( 6 ұпай)
Теңдеудің түбірін іріктеп алу тәсілімен шешіңдер.
А) х2 – х - 12=0 Б) х2 + 16х + 63=0 В) х2+2х – 48 =0
ІҮ. Сабақты бекіту. ( 3 мин)
Ү. Сабақты қорытындылау ( 5 мин)
(Бес жол өлең стратегиясы)
Зат есім: Не? Теңдеу
Сын есім: Қандай? Квадрат теңдеу
Етістік: Не істеді? Квадрат теңдеу шешіледі
Синоним: Белгісізі бар өрнек, теңдеу
Сөйлем: ах2+вх+с 0 түріндегі теңдеу квадрат теңдеу болады.
Рефлексия ( 2 мин)
А) Бүгінгі орындалған тапсырмаларға баға берулеріңізді сұраймын. Сабақта саған қалай болды:
- жеңіл;
- бірқалыпты
- қиын.
Ә) Берілген материалды қалай меңгергеніңді айт:
- толық меңгердім, қолдана аламын;
- меңгердім, бірақ қолдана алмаймын;
- аздап меңгердім
Б) Бүгінгі сабақта қай кезең ұнады ( кезеңнің атын жазу)
ІҮ. Үй тапсырмасы: № 365, 80 бет. «Квадрат» сөзіне сөзжұмбақ құрастыру
ҮІІ. Оқушыларды бағалау. Үй тапсырмасын орындаған және сабаққа белсене қатысып практикалық жұмыстарды орындаған ұпайларына байланысты бағаланады
Квадраттық теңдеу
- Ардагүл
- 18 қыркүйек 2015
- 4149
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математикадан ашық сабақ жоспары, Квадраттық теңдеу
Ұқсас жаңалықтар:
Квадрат теңдеулерді формулалар бойынша шешу
Шал ақын ауданы, Жалтыр негізгі мектебінің математика пәнінің мұғалімі Әбілова С.А....Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары
Тақырыбы: Квадрат теңдеу түбірлерінің формулалары Мақсаты: Келтірілген квадрат теңдеу және толық квадрат теңдеу түбірлерінің формулаларын пайдаланып...Квадрат теңдеу тарауын қайталау
Қуандықова Әзима Сабақтың мақсаты: Білімділігі: Оқушылардың тарау бойынша алған білімдерін тереңдетіп, жинақтау, жүйелеу; Дамытушылық: Логикалық...Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару
Тақырыбы: Квадрат теңдеулерді шешуге есептер шығару...Квадрат теңдеулер
оқушылардың квадрат теңдеулерді және оған келтірілетін теңдеулерді шешу дағдыларын жетілдіру;...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.