Сабақтың мақсаты:
Білімділік: оқушылардың жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту тақырыптары бойынша есептер шығару арқылы білімдерін пысықтап, тиянақтау.
Дамытушылық: оқушылардың пәнге деген қызығушылықтарын арттыру, жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу, азайту амалдары бойынша біліктіліктерін дамыту.
Тәрбиелік: оқушыларды жауапкершілік, еңбекқорлық, белсенділік, ізденімпаздыққа тәрбиелеу, табиғатты қорғауға, аялай білуге баулу.
Сабақтың түрі: Біліктілік пен дағдыны игеру және қалыптастыру сабағы
Сабақтың әдісі: ақпараттық технология, деңгейлік тапсырма.
Сабақтың көрнекілігі: слайд - презентация, есептер жазылған плакат, бағалау парақтары, тест тапсырмалары жазылған карточкалар.
Сабақтың жоспары:
1. Ұйымдастыру. Сабақтың мақсатымен танысу.
2. Ауызша есептер шығару арқылы сабақтың эпиграфын анықтау.
3. Үй жұмысын тексеру. Толықтыруды қажет ететін тест.
4. Білімді бекітуге дайындық кезеңі. Графикалық диктант
5. Білімді бекіту. Деңгейлік тапсырмалар
6. Үйге тапсырма
7. Қорытындылау. Рефлексия.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру. Сабақтың негізгі мақсаты мен жоспарымен таныстыру
Мұғалім: Балалар бүгінгі сабақта жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу және азайту амалдарына есептер шығарып, білімдеріңді қорытындылайсыңдар. Бүгінгі сабақтың эпиграфын анықтау үшін мына ауызша тапсырмаларды орындап жауаптарын дұрыстап тауып, кестені толтыру керек. Тақтаға кезектесіп шығамыз.
Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.