Сайтқа кіру Тіркелу

«Қызықты математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысы

«Қызықты математика әлемінде» атты көңілді тапқырлар сайысы
Мақсаты:
1. Білімділік: оқушылардың алған білімдерін өмірде, математикалық есептеулерде практикалық іс - әрекеттерде қолдана білу.
2. Дамытушылық: Қабілетті оқушыларды шығармашылыққа баулу, олардың ізденушілік қасиеттерін, ойлау қабілеттерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Еңбек сүйгіштікке, өзін - өзін басқаруға, ұйымшылдыққа және дәлдікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, команданың эмблемасы, таратпа материалдар.
Армысыздар, ұстаздар мен оқушылар!
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді.
Би билеп, ән де бүгін шырқалар - дегендей, қош келіпсіздер бүгінгі ойынымызға.
Әркімнің өз бақыты талғамы да
Қасиетті де, бойдағы арманы да
Дана халқым қабыл ал сәлемімді
Математика сүйер жас қауым алдарыңызда!

Сайысуға келдік біз қуанышпен,
Өнер, білім көрсетіп жарысуға
Сынау үшін өздерінің бақтарын
Шықсын кәне, өнерімен ортамызға.

Ортаға «Әл - Фараби» және « Әл - Хорезми» топтарын шақырамыз. Қошеметпен қарсы алыңыздар!

Мінеки залда тыныштық,
Естілмейді дыбыс түк,
Мұны бізде қоштаймыз,
Кешіккенді тоспаймыз.
Ғылымдардың ғылымы
Математика жайында
Сайысты біз бастауға,
Әділ қазы сайлаймыз.
------------------------------------------
Сайыс барысы:
1. Топтың таныстыруы
2. Сұрақ - жауап сайысы
3. «Кім алғыр?» ойыны
1. Шырпымен ойын.
2. Сөз құрастыру
3. «Адымда - ойлан» ойыны (математикалық терминдер)
1. Ойнайық та, ойлайық «Мақал - мәтелді жалғастыр»
2. Математикалық фокус.
1. Сиқырлы сандар.
2. Сиқырлы шаршылар.
1. Сәйкестілік тест
2. Көңілді көбейту
3. «50 ұпай кімге бұйырады?» ойыны
4. Математикалық лото ойыны
5. Топ басшылар сайысы
6. Семантикалық карта
Бүгінгі шәкірт ертеңгі азамат. Сол азамат бойында тапқырлықты, алғырлықты қалыптастыру мектеп қабырғасынан басталады.
«Білімді азамат – ел ертеңі», «Білікті бірді, білімді мыңды жығар» деген халықтың даналық сөзі бар - дей отырып сіздерге Ақ жол тілейміз.

1. Топтың таныстыруы
Енді бірінші сайысымызда топтарға сәттілік тілеп, таныстыру сайысын бастаймыз. Алғашқы болып өзін таныстыратын « Әл - Фараби» тобы.

« Әл - Фараби» тобы
Ұраны:». «Қандай болса – дағы беріспе, әрқашанда ұмтыла біл жеңіске»
Әні:
Егеменді қазақтың біз ұланы
Өз туы бар, елтаңба, әнұраны,
Үмітін ақтайтын біз аға ұрпақтың
Самғайтын биіктерге тау қыраны.
Бабамыз Әл - Фараби өзің қолда
Жеңіс тек біздер болар осы жолда
Достар - ау, сендер де бір қолпаштаңдар
Отырған дәл алдыда, оң мен солда.

Амандасуы:
Бастары компьютердей
Бойлары бәрі бірдей.
Жастықты бірге өткізген
Құрбыларға өрімдей – сәлем!
«Әділқазыларға сәлем»:

Достықпенен бірлікті етіп тұлға,
Жеңіске жеткен едік талай сында.
Қара қылды қақ жарып әділқазым,
Еңбегін «Әл - Фараби»- дың әділ сына.
Жүргізуші: Келесі кезекте «Әл - Хорезми» тобы
Ұраны: «Нақты жауап, сапалы шешім таба біл
Әні:
Өнер қуған математик жастармыз
Есебіңді лезде шешіп тастармыз.
Командамыз өңшең тапқыр қырандар
Ерен туған «Вундер кинд» бастармыз.
Келешектің үмітіміз талапты
Атақ даңққа бөленеміз қарап тұр,
Сегіз қырлы, өнер асып туғандар
Оза шауып бәйге атындай жарап тұр.

Амандасуы:
Құны бір құрдас,
Жаны бір жан дос.
Тілегі бір, жүрегі бір,
Бірге өскен жолдас,
Сендерге де бір сәлем!
«Әділқазыларға сәлем»:

Әділқазы, ақ қазыға бір сәлем!
Әділдікке бас иеді күллі әлем!
Жүйрік озар сайыстарда неше бір,
Сарапқа сап әділдікпен шеше біл!

Білім деген биік шың,
Бақытқа сені жеткізер.
Білім деген ақылшың
Қиындықтан өткізер

1. Сұрақ - жауап сайысы
1 - топтың сұрағы
1. Тәуліктің 1/24 бөлігі?
2. Тік бұрышты үшбұрыштың қабырғалары қалай аталады?
3. 13 санының квадраты нешеге тең?
4. Жердің жасанды емес серігі?
5. Оу осі координаталық жазықтықта қалай аталады?
6. Диаметрдің жартысы
7. 10 мен 15 - тің ең кіші ортақ еселігі
8. Ең кіші натурал сан
9. Қыры 5 дм - ге тең кубтың көлемі
10. Синустың косинусқа қатынасы

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Математикалық поезд

Математикалық поезд

Мақсаты: оқушылардың математика пәніне деген қызығушылығын арттыру, логикасын дамыту, ынталандыру, математика пәнін өмірмен байланыстыру....
Қызықты сағат

Қызықты сағат

Мақсаты: 1. Білімділік: Оқушылардың математикаға қызығушылығын, ынтасын, зейінін арттыру, алған білімдерін тереңдету. 2. Дамытушылық: Ой - өрісін...
Математикалық сандық

Математикалық сандық

Сабақтың мақсаты: 1) Оқушылардың ой - өрісін кеңейтіп есте сақтау қабілетін шыңдау, оқушылардың білімге қызығушылығын арттыру. 2) Оқушыларды...
«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

«Көңілді тапқырлар» математикалық сайысы

ШҚО, Ұлан ауданы, Манат ауылы, Ақжолов атындағы негізгі мектептің математика пәні мұғалімі Нурханова Зульфия Турусбековна...
Тапқырлар сайысы

Тапқырлар сайысы

Сабақтың тақырыбы: Тапқырлар сайысы Сабақтың мақсаты: Оқушылардың математикаға қызығушылығын арттыру, математикалық ойлауын тереңдету....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×