Сайтқа кіру Тіркелу

Ондық бөлшектерді қосу және азайту

Сабақтың тақырыбы: Ондық бөлшектерді қосу және азайту
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың ондық бөлшектер, оларды қосу және азайту тақырыптары бойынша алынған білімдерін тиянақтау.
Дамытушылық: Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Ұқыптылық пен жауапкершілікке баулу, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.
Сабақ типі: Пысықтау сабағы.
Сабақ түрі: Іскерлік дағдысын дамыту.
Сабақтың көрнекілігі: түрлі - түсті конверттер, сабақ жоспары, бағдаршам.

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру
Тренинг «Сыйлық» оқушылар дөңгеленіп тұрады да кезекпен бір - біріне «Мен саған күн шуағын сыйлаймын»,«Мен саған үлкен гүл сыйлаймын»т. с. с.
Бұдан кейін оқушылардан бүгінгі сабаққа дайындығын тексеремін. Ол бағдаршам бойынша тексеріледі. Оқушылардың әрқайсысында үш түрлі / қызыл, сары, жасыл / карточкалар болады. Жасыл түс - «Мен сабаққа дайынмын. Өзіме сенімдімін», сары түс - «Мен өзіме сеніңкіремей отырмын.», қызыл түс – «Мен дайын емеспін. Маған көмек қажет.» Көмек қажет еткен оқушыларға көмек көрсетіледі. Бұл жағдайда сабаққа дайындалып келген оқушыларда көмектеседі.
Оқушылар екі топқа бөліп, жоспары таныстырылды.

Сабақ жоспары:
1. «Ой толғау» /сұрақ - жауап/
2..«Кім жүйрік»
3.. Қайсысын қалайсың? /деңгейлік тапсырмалар/
4. Сергіту сағаты
5. «Ойлайық, кім ойшыл» /шығармашылық/
6. Қорытынды

Бүтінге келсек жұлынып
Алдына еш жан салмассың
Бөлшекке келсек бұғынып,
Жауабын таба алмассың
Есеп мықты демелік
Бөлшекке көңіл бөлелік.

І. Екі топқа сұрақ қойылады: /әр сұраққа 1 ұпай/ Қай топ бірінші жауап берсе ұпай сол топқа беріледі.

1. Ондық бөлшек деп қандай сандарды атайды?
2. Ондық бөлшектер қалай қосылады?
3. Натурал саннан ондық бөлшекті қалай азайтады?
4. Ондық бөлшектер қалай салыстырылады?
5. Ондық бөлшектер қалай азайтылады?
6. Жай бөлшекті ондық бөлшекке қалай айналдырады?

ІІ. «Кім жүйірік»
1 топ /5 ұпай/
1. Кестедегі қосындылармен бір бағанға оның тұсындағы әріптерді қойыңдар. Сонда ХV ғасырда ондық бөлшектерді енгізген Самарқандтық ғалымның атын оқисыңдар:
0, 25+0, 46= И 9, 004+13, 8= К
13, 123+5, 024= Ә 0, 251+47, 749= Ш
38, 4+2, 06778= А
0, 83+1, 6079= —
5, 607+0, 193= Л
2 топ /5 ұпай/
Мына ондық бөлшектерді өсу ретімен орналастырғанда есептеулерде ең алғаш ондық бөлшектерді пайдаланған орта азиялық ғалымның аты шығады:
6, 33 /А/ 4, 77 /К/ 1, 4 /-/ 1, 25 /Л/ 34, 56 /И/ 0, 3 /Ә/ 19, 7 /Ш/
А К - Л И Ә Ш
Әл – Каши

ІІІ. Қайсысын қалайсың /деңгейлік тапсырма, жеке жұмыс/
Әр түрлі конверттерге салынған
1 деңгей: А /әр есепке 1 ұпай/
А) Есепте: 0, 35+7 7, 75
ә) 4, 3+(у - 1, 5)=7. 2
/ 4. 4 /
2 деңгей: В /әр есепке 2 ұпай/
Теңдеуді шеш:
а) 9, 85 - x=4. 95
/4. 9/
ә) 15+0, 72
3 деңгей: С /5 ұпай/
Шаруа қожалығы бірінші күні 13, 3 га, ал екінші күні 15, 5 га жердің шөбін шапты. Екі күнде қанша гектар жердің шөбі шабылады? /28, 8 га/

ІV. Cергіту сағаты «Қара жорға»
V.«Ойланайық, кім ойшыл» /шығармашылық, топтық жұмыс екі топқа да беріледі /
/ 5ұпай/
1. Шопанның барлық қойларының 320 - сы су ішіп жатыр, қалғаны жайылып жүр. Жайылып жүрген қойлар су ішіп жатқан қойлардың ширегіндей. Шопанда барлығы қанша қой бар? /400/
2. Жұмбақ /2 ұпай/
Бүтін мен бөлшекті
Үтірмен айырған.
Әп - әдемі жазылар
Бұл қандай сан? /ондық бөлшек/

VI. Сабақты бекіту. Екі топқа бірдей.
Столда «Бөлшек», «Ондық бөлшек», «Аралас сан»,«Дұрыс бөлшек»,«Бұрыс бөлшек» сөздері жазылған қағаздар жатады. Оқушылар осы сөздерден кластер құрастыру керек.

Назар аударыңыз! Жасырын мәтінді көру үшін сізге сайтқа тіркелу қажет.
Кері қайту
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×