Сайтқа кіру Тіркелу

Сабақ сапасы - ұстаз білігінде (баяндама)

Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби біліктілігін қамтамасыз етуге бағытталған тәрбие беру мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі белгілі. Осы орайда оқушылардың танымдық қабілетін дамыту, білім сапасын арттырумен қатар ақыл - ой шығармашылық белсенділіктерін жетілдіру үшін жеке пәндерді оқытудың тиімді әдістері мен тәсілдерін іздестіру қазіргі білім беру саласының алдындағы өзекті мәселелердің бірі болып отыр.

Сондықтан жалпы білім беру саласының алдына қойылған осы мақсаттарды іске асыруда бірінші кезекте мектеп оқушыларының математикалық сауаттылығын арттыруға келіп тірелетіні мәлім. Ал оқушылардың математикалық мәдениеттілігі тек берілген білімге ғана емес, оның деңгейін анықтау критерийіне тексеру құралы емес, тәсіліне де тәуелді.
Қазіргі таңда еліміздің барлық ғылым мен білім саласында қайта құру яғни технологияландыру, жаңа үрдістерге көшу процесі жүріп жатыр. Оқушыларға сапалы білім беру де осындай қажеттілікті керек етуде. Мұғалімнің негізгі мақсаты – математикалық ойлауды қалыптастыру арқылы оқушыны өздігінен оқытуға үйрету, ол үшін оқушылар білім негіздерін мұғалімнің басшылығымен іздестіре отырып, өздері жаңадан ашулары керек. Оқу процесі осылай ұйымдастырылған жағдайда оқушылардың ойлау қабілеті кеңейіп, сабаққа ынтасы артады.

Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинский «Егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейге көтеріле алмас едім, шәкірттерімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді»-, деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды. Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оның дұрыс түсіне алмай жүргеніне, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да баршылық. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру керек. Оқушылардың қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.
Жас ұрпаққа жан - жақты білім беру әрбір ұстаздың басты міндеті. Қай әдісті пайдалансақ та алға қойған мақсат біреу. Ол оқу бағдарламасының материалдық мазмұнын оқушы бойына сіңіру. Сыныптағы оқушының ойлау қабілеті бірдей болмайды. Сондықтан математика сабағында әр сыныптағы оқушының жас ерекшеліктеріне қарай және білім деңгейіне сай сабақтың түрін тауып, сол тақырыптарды игеруді мақсат ету керек. Бұған оқушылардың қызығушылығын, сабақ сапасын арттырудың бір көзі – математикалық ойын элементтерін қолдану. Бұл айтып отырған мәселе оқушылардың ойлау қабілетін арттырады.

Математикалық ойындар – сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болса да балаларды өзіне тартады, теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажет жағдай. Математикалық ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс.

Білім беру процесінде оқытудың инновациялық технологиялары жедел қарқынмен енгізіліп жатқан қазіргі дәуірде оқу материалын меңгеру үшін Б. Блум ұсынған төмендегідей жүктемесін пайдалану үлкен нәтижелерге қол жеткізгендігін педагогикалық тәжірибелер көрсетуде: танып - білу - түсіну - анализ - синтез - қолдану - бағалау. « Білім болмаса, ойлау да болмайтындықтан» әрбір оқу пәнін меңгеру процесінде оқушы сол пәнге сәйкес ойлау тәсілдерін де меңгере бастайды.
Танымдық - диалектикалық заңдылықтарына сүйене отырып, математикалық ұғымдарды меңгеруде, ұғымға сәйкес термин - сөздермен, символдармен жүйелі түрде мақсатқа бағытталған жұмыс жүргізу керектігін, оқушылардың математикалық ұғыммен білімдерді саналы және белсенді меңгерулерін басқару мүмкіндігін ескере отырып, ұғымдарды қалыптастырудың төмендегі ғылыми - әдістемелік деңгейі көрсетілген.

1. Оқыту процесінде енгізілетін математикалық ұғымдардың бейнелері болып табылатын жеткілікті объектілерді оқушыларға көрсетіледі және олардың өмірдегі тәжірибесін есепке алып, жаңа ұғым туралы алғашқы елестетулер туғызады. Мәселен іргелес екі көршіні бір - бірінен бір қабырға бөліп тұрады. Бұл мысал іргелес (сыбайлас) бұрыштар туралы ұғымның пайда болуына әкеледі.
2. Енгізілетін математикалық ұғымның сипаттық қасиеттерін ажырату. Бұл оқытылатын ұғымдағы заңды байланыстар мен қарым - қатынастарды анықтауға байланысты. Мұндай сипаттық қасиеттер ұғымды қалыптастыруға, оны дамытуға және қолдануға жеткілікті болу керек.
3. Математикалық ұғымның анықтамасын тұжырымдау. Мұнда жаңа ұғымның аты - жаңа термин айтылады. Ол термин оқушылар жадында сақталып қалуы үшін оқушылар көңілі жаңа терминнің мағынасына аударылады.
4. Оқушыларда жаңа енгізілген термин және символдың тарихи - генетикалық құрылыммен таныстыру. Бұл оқу мазмұнын адамгершілікке, оқушылардың « Неге бұл ұғым осындай атпен аталады, неге басқаша аталмайды?» - деген сияқты сұрақтарына жауап берудің тәрбиелік және ғылыми мәні бар.
5. Оқытылған математикалық ұғымды жалпылау, оны оқу процесіндегі ұғымдарын оқып білуіне қиын болатындығы туралы оқушылар сенімін қалыптастыру.
6. Жаңа енгізілген ұғымның практикалық қолдануларын көрсету, яғни сол ұғымды практикада қолдану.
Пәннің негізін меңгертуде пән мұғалімдері өз пәнін терең білетін, оқытудың дәстүрлі және ғылыми жетілдірілген әдіс - тәсілдерін меңгеруі қажет. Сабақта оқытудың әр түрлі әдіс - тәсілдерін пайдалана отырып, оқушының ойлау қабілетін арттыру, өз бетімен жұмыс істеуін шығармашылық қызметке баулуды әр түрлі деңгейде пайдалануға болады.
Оқушылардың математика пәнін игеруде қызығушылықтарын арттыру мақсатында « Жұлдызды шақ», « Бақытты кезең», « КВН», « Жарыс сабақ», « Сайыс сабақ» түрлерін жүргіземін ( қайталау сабақ).
Оқушыларға тиянақты білім беруде сабақты түрлендіріп өту әр мұғалімнің көп ізденуін талап етеді. Дәстүрлі емес сабақ түрлерін қызықты өткізу оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттырып, білім сапасын көрсетеді. Бүгінгі шәкірт - ертеңгі күнгі әр түрлі саланың маман иесі. Ұлы ағартушы Ы. Алтынсариннің « Егер балалар бірдеңе түсінбейтін болса», оқытушы оларды кіналауға тиіс емес, оларға түсіндіре алмаған өзін кіналауға тиіс» - деген қанатты өсиетімен аяқтамақпын.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...

5 – сыныпқа арналған «Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын ...

Оқушылардың ойлау қабілетін дамыту және қызығушылығын арттыру үйірменің бағдарламасы (5 сынып)...
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары

Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен жоқ....
Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Ғылыми-жаратылыстану сауаттылық құзіреттіліктерін қалыптастыру жолдары

Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің...
Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

Жаңа технологиялар бойынша оқушылардың білімдерін жетілдіру

ШҚО, Семей қаласы, «№3 жалпы орта білім беретін мектеп - кешені» КММ Батырханова Гульнар Абугалиевна...
Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

Қызылорда облысы, Қазалы ауданы Майдакөл ауылы, №98 орта мектептің физика – математика пәнінің мұғалімі Иманов Айдос Жаметұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, ертегі, жыр, математика, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сауат ашу, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×