Сабақтың тақырыбы: EYOБ және EKOE табу есептері.
Сабақтың мақсаттары:
Білімділік: EYOБ және EKOE табу есептерін шеше білуі және тиімді тәсілдерді таба білуі; өзара жай сандар мәселе есептер шығаруда қолдана білу.
Дамытушылық: Ауызша есептеу, жалпылау дағдыларын дамыту; логикалық ойлау қабілеттерін жетілдіру; ойын жеткізе білуін және ой - өрісін дамыту.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, ұқыптылыққа, дәлдікке тәрбиелеу; ұжымда, топта, жұпта жұмыс істеуге тәрбиелеу; өздігінше жұмыс істеуге дағдыландыру, оқушыларды өзін – өзі басқаруға, өз мүмкіндігіне сенуге, үлкен жетістікке ұмтылуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ, ойын сабақ
Сабақтың көрнекілігі: Мультимедия, үлестірме материалдар, тест тапсырмалары
Сабақтың әдісі: Топтық жұмыс, СТО
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру бөлімі
2. Ой қозғау – үй тапсырманы тексеру.
Мұнда оқушылар үйге берілген тапсырманы сұрақтар арқылы және есептерді тексеру арқылы алға жылжимыз.
Қызығушылығын ояту (кубизм әдісі)
1. Ең үлкен ортақ бөлгіш
2. Құрама сандарды жай көбейткіштерге жіктеу
3. Ең кіші ортақ еселік.
ІІІ. «Теория және практика»
Оқулықпен жұмыс №738
Кім жылдам?
І топ ЕҮОБ (48, 240, 264)=24
ІІ топ ЕҮОБ (72, 432, 792)=24
ІІІ топ ЕҮОБ (112, 124, 420)=4
Ой қозғау
1. Тіркемесі бар машинамен бірнеше рет қатынап, бірінші күні 35 т, екінші күні 21 т, үшінші күні 14 т кірпіштер әкелінді. Тіркемесі бар машинаға әрбір ретте тиелген кірпіштердің массалары бірдей. Машина бір рет қатынағанда неше тонна кірпіш әкеледі?
- ЕҮОБ (35, 21, 14)=7
2. Әлия мен Дина бір жерден шығып, қадамдарын бірдей бастап, қатар жүрді. Әлияның қадамы 45 см, Динаның қадамы 60см. Қандай ең қысқы қашықтықта олар бүтін санды қадамдар жасайды?
- ЕҮОБ (45, 60)=180
3. 24 қызыл шар, 42көк шар және 30 сары шардан бірнеше тізбе дайындалды. Тізбелердегі қызыл шарлар саны бірдей, көк шарлар саны бірдей, сары шарлар бірдей. Ең көп дегенде неше тізбе дайындалды?
- ЕҮОБ (24, 42, 30)=6
Шығармашылық есеп «Кім алғыр»
Берілген екі санның бөліндісі 35 және 77 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Осы берілген екі санның қосындысы 160 және 96 сандарының ең үлкен ортақ бөлгішіне тең. Берілген сандарды табыңдар.
(28 саны және 4 саны)
Тест жұмысы
1. Қай сан құрама сан болды?
1) 22
2) 23
3) 1
2. 144 санына еселі санды тап?
1) 11
2) 12
3) 14
3. Қай сан жай сан болады?
1) 10
2) 29
3) 54
4. Өзара жай сандардың ең үлкен ортақ бөлгіші
1) 2
2) 7
3) 1
5 ЕҮОБ (10: 15)=?
1) 5
2) 6
3) 7
6 ЕҮОБ (160: 180)=?
1) 16
2) 24
3) 20
7. Қай сан құрама сан болмайды?
1) 21
2) 23
3) 1
Дұрыс жауап сәйкес келетін торкөздегі әріптерді теріп жазсаңдар, «жай сан» ұғымын біздің заманымыздан бұрынғы IV ғасырда енгізген ежелгі грек ғалымының атын оқитын боласыңдар.
1 2 3 4 5 6 7
22 12 29 1 5 20 23
П И Ф А Г 0 Р
Үйге тапсырма беру.
Бағалау.
Ең үлкен ортақ бөлгіш және ең кіші ортақ еселік
- Айжан41
- 10 маусым 2013
- 28716
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, ортақ бөлгіш, ортақ еселік
Ұқсас жаңалықтар:
Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 сандарына бөлінгіштік белгілері
Білімділік: Натурал сандардың 2, 3, 5, 9, 10 бөлінгіштік белгілерін тез есептеуде, мәтін есептерді шығаруда, дәлелдеуде орынды, жүйелі қолдана білуге...Ең үлкен ортақ бөлгіш. Өзара жай сандар
№11 Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Избулова Гүлдана...Математикадан графикалық диктанттар жинағы
Ақтау қаласы, Дайындаған: математика пәні мұғалімі Сарсенова Әдемі Махтумбердіқызы...Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу
Қызылорда қаласы Талдыарал елді мекені № 215 орта мектебінің жоғарғы санатты математика пәні мұғалімі Абдикаримова Гаухар Абдикаликовна...Тест жұмыстары 5 cынып
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Канторбаева Шану Ракишевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.