Факультатив: «Ғажайып математика»
Тақырыбы: 7 САНЫН ҚОСУ ЖӘНЕ АЗАЙТУ
Мақсаты:
Білімділік: 7 санын қосу және азайту тәсілдері жайлы оқушылардың білімдерін бекіту. Пәнге деген қызығушылықтарын арттыру. Тіл дамыту, ойлау, қалыпты жауап беру, т. б. қабілеттерін дамыту. Шапшаңдыққа баулу. Дәлдікке үйрету, өз бетінше жұмыс істеуге дағдыландыру. Оқушылардың шығармашылық қабілетін барынша ашып, толыққанды қоғам құруға өзінің бар мүмкіндігін жұмсайтын шығармашылық қабілетті жеке тұлға қалыптастыру;
Дамытушылық: Математикалық есептерді шығару үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілеті бар жеке тұлға қасиеттерін қалыптастыру. Есеп шығару шеберлігі арқылы оқушының математикалық танымының дамуының және ой әрекетінің белгілі бір сапасын анықтау, дамыту;
Тәрбиелік: Жеткіншек ұрпаққа сапалы да тиянақты білім беріп, адамгершілікке, ізгілікке, имандылыққа, инабаттылыққа тәрбиелеу және оларды белгілі бір пән саласына икемдеу;
Міндеттері:
- Факультатив сабақтары баланың қажетті математикалық деңгейін қамтамасыз еткені сияқты баланың ойлауын дамыту үшін де жағдай туғызу;
- Математикалық білім мен практикалық әрекеттерді меңгеру барысында ойлау әрекеттерінің дамуы, шығармашылық мүмкіндіктері, танымдық қызығушылықтарының даму және қалыптасу
- Факультативтің әр сабағы оқушылардың логикалық ойлауларын, шығармашылық мүмкіндіктерін, математикалық тілдерін дамытуды мақсат ету;
- Өз бетімен жұмыс істеуге, өзін - өзі бағалауға, ұжымда жұмыс істей алуға дағдыландыру;
Күтілетін нәтиже:
- Факультатив сабағы математика пәні сияқты оқушының нәтижелі іс - әрекетін қалыптастырады;
- Амалдар ретінің жазылуы бойынша өрнектерді қалпына келтіру, сызба бойынша есептер құрастыру, қалдырылған мәліметтерді толықтырып жаза алады;
- Балалар есептер мен жаттығулардың «бірлескен авторы» бола отырып, өздері ойластырған тапсырмаларды ықыласпен орындайды;
- Өз беттерінше ізденуге, түрлі сайыс, «КВН», олимпиада, ринг т. б. білім, білік, дағдыларын қалыптастыруға арналған тапсырмаларды өз бетінше құрастыру, орындау қабілеттері артады;
Көрнекілік: оқулық, кеспе цифрлар, магнитті тақта, плакат, сызғыш, түрлі – түсті қарындаштар.
Түр: аралас сабақ, ана тілі, дүниетану
Сабақты жүргізу әдісі: сұрақ – жауап, көрнекілікпен жұмыс, түсіндіру.
Барысы:
1. Ұйымдастыру бөлімі
2. Үй тапсырмасын тексеру.
3. Жаңа сабақ + 7; - 7.
Төлдерді өріске шығару (бота, құлын суреті)
а) Балалар, сабақтың негізгі мақсаты 7 санына қосу және 7 - ге азайту. Өткен сабақтан 7 саны туралы алған ұғымдарымызды еске түсірейік.
ә) Плакатпен жұмыс.
7 күн 7 ата
1. дүйсенбі Бала
2. сейсенбі әке
3. сәрсенбі немере
4. бейсенбі шөбере
5. жұма шөпшек
6. сенбі немене
7. жексенбі туажат
Ширату.
Ешкінің төлі -
Жылқының төлі -
Сиырдың төлі -
Қойдың төлі -
Түйенің төлі -
б) Магнитті тақтамен, цифрмен жұмыс, ауызша, жазбаша, кезек орындау.
0+7= 10 - 7=
1+7= 9 - 7=
2+7= 8 - 7=
3+7= 7 - 7=
в) Сергіту сәті: «Мақал – мәтел» жарыстыру
г) Тақтамен, дәптермен жұмыс. №1 тапсырма.
0+7=7 1+7=8 2+7=9 3+7=10
ғ) №2 тапсырманы ауызша, жазбаша орындау.
7 - 0=7 7 - 2=5 7 - 4=3 7 - 6=1 7+0=0+7 5+2=2+5
7 - 1=6 7 - 3=4 7 - 5=2 7 - 7=0 6+1=1+6 4+3=3+4
0+7=7 2+5=7 7+0=7 2+5=7
6+1=7 4+3=7 1+6=7 4+3=7
Сергіту сәті:
Оң қолымда 5 саусақ,
Сол қолымда 5 саусақ,
Екі қолды қосқанда
Болады екен 10 саусақ.
д) Плакатпен жұмыс, оқулықпен жұмыс. №3 тапсырма.
7см - 5см=2см
6см+1см=7см
2см <7см
е) Плакатпен, тақтамен жұмыс. №4 тапсырма
Үлкен қасық – 7
Кіші қасық – 1? артық
Шешуі 7 - 1= 6
Жауабы: үлкен қасықтың 6 - ы артық
ё) Жаңылтпаш оқу, жаттап айту, жарысу
Ұшып кетті үш құс,
Ұшып келді ұшқыш
ж) Өздік жұмыс, карточкамен аударма жұмыс
з) «Тез ойла, көп ойла» ойыны арқылы №5 тапсырманы орындау
7 - 3=4 7 - 4=3 7 - 1=6 7 - 2=5 7 - 6=1 7 - 5=2 7 - 7=0
и) «Гүл теру» ойыны
7+2 3+7 0+7 7 - 7 1+6 7 - 7 65
й) Математикалық диктант.
1. 6 - ның көршісін жаз.
2. 2 мен 5 - тің қосындысын жаз.
3. 7 - мен 7 - нің айырмасын жаз.
4. Бекіту. Балалар! Бүгінгі сабақта бота мен құлынды 1 өріске шығару үшін тағы мына сұраққа жауап береміз. 1 мен 6 - нің қосындысы неше? Тап.
5. Бағалау. Сөзжұмбақ
Жер серігі
Жараға жағатын сұйық зат
Үй құсы
(жауабы: АЙТ)
7 санын қосу және азайту
- Алтынай К.
- 18 мам 2013
- 4555
- 0
- 0
Ілмек сөздер: математика, факультатив, 7 саны, қосу және азайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жай бөлшектер мен аралас сандарды қосу мен азайтуға есептер шығару
Маңғыстау облысы, Ақтау қаласы, «Мектепке дейінгі шағын орталығы бар №3 жалпы білім беру орта мектебі» мемлекеттік мекемесінің математика пәні...Бөлшектерді қосу мен азайту
Көкшетау қаласы ФМБ-ғы Назарбаев Зияткерлік мектебі Шамиганова Райхан Манапқызы...Екі таңбалы сандарды қосу және азайту
Сабақтың тақырыбы: Екі таңбалы сандарды қосу және азайту. Сабақтың мақсаты: Білімділік. Оқушылардың екі таңбалы сандарды қосу мен азайту тақырыбының...4+4 қосу, математика
Ауызша есептер шығару, логикалық сұрақтар, тапсырмалар арқылы ойлау қабілетін, сабаққа деген белсенділігін дамыту;...8 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері
Пәні: Математика Сабақтың тақырыбы: «78 + 16, 94 – 16 жағдайларындағы қосу және азайту тәсілдері». Сабақтың мақсаты: Білімділік: Екі таңбалы санға...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.