Сайтқа кіру Тіркелу

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауытқуы, модасы

Сабақтың тақырыбы: Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауытқуы, модасы
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сандардың арифметикалық ортасы тақырыбын тиянақтау;
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық: Сандардың өзгеріс ауытқуы, модасын әртүрлі жағдайын дамыта оқыту, өз бетінше жұмыс жасауға баулу.
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, тірек сызба тапсырмалар.
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: білім бекіту сабағы
Сабақтың барысы:
І. Кіріктірілген бөлім
Бағдарлау – мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту.
«КЕНГУРУ»
Тізбектей орналасқан бүтін бес оң санның қосындысы 2005 – ке тең. Осы сандардың ең үлкені қандай?
А) 401; В) 403; С) 404; Д) 405; Е) 2001.
Мұғалім жетелеуімен
Халық шаруашылығындағы қайсыбір шамалардың: егін өнімінің, заттың бағасының, қозғалыс жылдамдығының және т. с. с. сан мәндері әр түрлі болады. Оларды есептеу статистикалық сипаттамалар бойынша жүргізіледі. Статистикалық сипаттамалардың жиі қолданылатын түрлері: арифметикалық орта, өзгеріс ауқымы, мода.
Бірнеше санның арифметикалық ортасын табуды қарастырайық.
1 - есеп. Шахмат ойыны жарысында 5 - сынып оқушылары: 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 ұпай алды. Осы ұпайлардың арифметикалық ортасын табыңдар.
Шешуі. Оқушылардың алған барлық ұпайларының қосындысын тауып, оны ұпайлар санына бөлу керек:(13+13+12+13+10+13+12+10): 8=12
Жауабы: оқушылардың алған ұпайларының арифметикалық ортасы 12 ұпай.
Есептеу нәтижесінде алынған 12 саны - берілген 13, 13, 12, 13, 10, 13, 12, 10 сандарының арифметикалық ортасы.
Бірнеше санның арифметикалық ортасы деп сол сандардың қосындысын қосылғыштар санына бөлгенде шығатын бөліндіні айтады.
Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
1) 5 пен 3; 2) 7 мен 9; 3) 10 мен 12;
Өз бетімен.
1 - тапсырма. Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар:
1) 5, 7, 10, 12, 16; 2) 14, 18, 20, 23;
2 - тапсырма. Сандардың өзгеріс ауқымын табыңдар: 1) 0, 1; 2; 0, 5; 7;
3 - тапсырма. Сандардаың модасын табыңдар: 1) 2, 1; 3, 5; 4, 6; 2, 1; 0, 3;
ІІ. САРАЛАНҒАН БӨЛІМ
Операциялық - орындаушылық кезең
Оқулықпен жұмыс:
№ 1160, 1162(1 - 2)
Оқулықтан тыс тапсырма.
Дене шынықтыру сабағында бір топ оқушылардың 100м қашықтықты жүгірген уақыт кестесі:
Оқушылардың аттары Жүгірген уақыты (секунд есебімен)
Айдос 14, 1
Рустем 18, 2
Нүрсеит 15, 5
Саша 16, 2
Нұрбол 22, 4
Даурен 16, 2
Меирим 20, 4
Кесте бойынша:
1) уақыттардың арифметикалық ортасын табыңдар;
2) уақыттың өзгеріс ауқымын табыңдар;
III. Кіріктірілген бөлім
Рефлексиялық – бағалау кезең.
Бекітуге арналған сұрақтар:
1) Сандардың арифметикалық ортасын табыңдар: 1) 45, 58, 76, 81;
2) Сандардың модасын табыңдар: 1) 5, 1; 7, 5; 8, 3; 10, 2; 20;
Оқушыларды бағалау.
Үйге тапсырма №1260(4), 1261(3)
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысы

Мақсаты: Оқушыларды арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесі қосындысының формуласымен таныстырып, осы формуланы қолдану арқылы оқушыларды...
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер ш ...

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер ш ...

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасы тақырыбына есептер шығару...
Арифметикалық және геометриялық прогрессияның  алғашқы n мүшесінің қосындыс ...

Арифметикалық және геометриялық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындыс ...

Сабақтың мақсаты: Арифметикалық прогрессияның алғашқы n мүшесінің қосындысының формуласы туралы алған білімін есептер шығаруға қолдану дағдысын...
Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n  мүшесінің қосындыс ...

Арифметикалық прогрессия, арифметикалық прогрессияның n мүшесінің қосындыс ...

Шығыс Қазақстан облысы, Үржар ауданы, Үржар ауылы. КММ Крупская атындағы орта мектеп - балабақша Информатика мұғалімі: Рахимова Майра Жексембайқызы ...
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауқымы, модасына есептер шығару

№35 мектеп-гимназиясының математика пәні мұғалімі: Төреханов Қасымхан Алмасханұлы...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×