Сайтқа кіру Тіркелу

Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті

Сабақтың тақырыбы: Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Пропорция ұғымдарын дамыта оқыту;
Дамытушылық: Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабаққа деген қызығушылығын ояту, белсенділігін арттыру.
Тәрбиелік: Ұйымшылдыққа, бірлікке, достыққа тәрбиелеу;
Сабақтың көрнекілігі: мазмұнына қатысты суреттер, интерактивті тақта, слайдтар, электронды
оқулық, тапсырмалар.
Сабақтың әдістері: қызығушылығын ояту, ойын, сұрақ – жауап.
Сабақтың түрі: дамыта оқыту
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау – мотивациялық кезең
Бұл сабақ жаңа ұғымды ашу үшін бейне сөзді шешуден басталады.
1. Қызығушылығын ояту.
,, Бұл сабаққа келмейді ешкім ермек үшін,
Есеп - қисап, сан - цифр термек үшін.
Көрсетіп есептеудің жолын қалай,
Келдім оларды айтып бермек үшін,, - деп сабағымызды бастаймыз.
Бейнесөз шешу арқылы төмендегі сөзді шығарып аламыз
/ПРОПОРЦИЯ/
Мұғалім:- Енді осы жаңа сөздің тарихына шолу жасайық, алғаш рет кім енгізген, қандай сөзден шыққан, қандай мағынаны білдіреді екен.
2. Тарихи мәлімет.
«Пропорция» сөзі латынның proportio сөзінен шыққан, ол «өлшемдес», бөліктер арасындағы өзара қатынас мағынасын білдіреді. Қатынастар мен пропорциялар теориясы Евклидтің «Бастамалар» (Біздің заманымызға дейінгі ІІІ ғасырда) кітабында баяндалған.
Евклид өзінің осы еңбегінде пропорцияның негізгі қасиетін де дәлелдеді.
Біздің заманымызға дейінгі ІV ғасырда пропорцияның жалпы теориясын ежелгі грек ғалымдары жасаған, олардың ішінде аса көрнекті орын алғандары Теэтет пен Евдокс болған еді.
Пропорционалдық тәуелділік архитектура мен өнерде жиі пайдаланылады.
Себебі құрылыстың, кескіннің көрнекті, үйлесімді әсем болуы ондағы пропорционал үндестіктің сақталуымен байланысты.
Моцарт шығармаларының, Бетховеннің бесінші симфониясының, музыкалық шығармаларының белгілі бір қатаң тәртіпке бағынатынын құрылымдары пропорцияны көрсетеді
Әр түрлі кезеңдерде пропорцияны әр түрлі жазған.
Орта ғасырдадағы ислам елдерінің математиктері еңбектерін араб тілінде оңнан солға қарай жазып, қазіргі түрдегі 8: 15=96: 180 пропорциясын 180 ∴ 96 ∴ 15 ∴ 8 түрінде жазған, ал XVII ғасырдағы француз математигі Рене Декарт осы пропорцияны 8/15/96/180 түрінде жазған.
Пропорцияны қазіргіше жазуды 1693 жылы неміс физигі, өнертапқыш әрі математик Г. В. Лейбниц енгізген.
3. Жаңа ұғымды түсіндіру электронды оқулықтан көрсетіледі.
Оқулықтың түсіндіру кезіндегі тапсырмаларды сол жерде орындатып, тексеріліп отырады
ІІ. Операциялық – орындаушылық кезең.
1. Оқулықпен жұмыс:
№ 53/1, 2/ пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
№55/1, 3, 5/ пропорцияның белгісіз мүшесін табу.
2.,, Ойлан, тап,,
Электронды оқулықтағы тапсырмаларды шығару.
3. Ой – тұжырымдамасы:
Екі қатынастың теңдігі пропорция деп аталады. Пропорцияның шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.

ІІІ. Рефлексиялық - бағалау кезең.
Білімді бекітуге арналған тест сұрақтары.
1. 125 қаздан 4 кг мамық алуға болады. 875 қаздан неше килограмм мамық алуға болады?
а\21, 8кг в\57, 4кг с\28кг д\25кг.
2. Пропорцияның белгісіз мүшесін тап: 7, 5: 3, 5 =x: 14
а\ 19, 6 в\7 с\ 3 д\30
3. 1, 75 т алтынды өзек құмынан орташа есеппен 0, 7 г алтын жуылады. 2170 т алтынды өзек құмынан неше алтын жууға болады?
а\ 642г в\564, 5 г с\ 542, 5 г д\ 868 г
4. тура пропорцияны көрсет:
а\ 5: 10=8: 4 в\ 2: 3=10: 15 с\ 2: 3=5: 10 д\ 12: 18=3: 2
Үйге тапсырма: № 57, 58, 59
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар интеллектуалды ойын

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар интеллектуалды ойын

Оқушыларды өзара жолдастық көмек көрсете білуге, ойын тиянақты айта білуге үйрету; шапшаңдыққа, алғырлыққа, тапқырлыққа тәрбиелеу...
Сызықтық функция және оның графигі

Сызықтық функция және оның графигі

Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, №244 Ы.Жақаев атындағы орта мектептің математика пәнінің мұғалімі Жагипбарова Асель Сейтмаганбеткызы...
Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауытқуы, модасы

Сандардың арифметикалық ортасы, өзгеріс ауытқуы, модасы

Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сагидуллина Даригуль Саиновна...
Пропорция туралы түсінік

Пропорция туралы түсінік

Атырау облысы, Қызылқоға ауданы, Сағыз селосындағы №9 орта мектебінің бейнелеу пәні мұғалімі: Жумагалиева Бактыгул Зейновна...
Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару.

Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару.

Сабақтың тақырыбы: Пропорцияның көмегімен пайыз есептерін шығару. Сабақтың мақсаты: Білімділік:Пайыз тақырыбы бойынша алған білімдерін жинақтау....
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×