Мақсаты: 1. Оқушыларға өз бетімен жұмыс жасату арқылы "Жай бөлшектерді бөлу" туралы топтастырылған теориялық ұғым қалыптастыру және есеп шығаруда білімдерін толықтыру.
2. Оқушылардың есеп шығару әрекетімен шұғылдану арқылы теориялық ойлау, сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3 Оқушыларды ұйымшылдыққа, шапшаңдыққа, әдептілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: тапсырма мазмұнына қатысты суреттер, тірек - сызба, кеспе қағаздар.
Әдістері: қызығушылығын ояту, сұрақ - жауап, ойын, талдау, өз бетінше жұмыс.
Сабақтың барысы:
І. Бағдарлау - мотивациялық кезең.
Қызығушылығын ояту.
«Кенгуру»
Кенгуру - 1. 100 санының әр түрлі бөлгіштерінің саны (1 - мен 100 - ді қосып есептегенде) нешеу?
А) 3; В) 6; С) 7; Д) 8; Е) 9
Тірек - сызба. Жарайсыңдар, балалар! Енді мына тірек - сызба арқылы сөз құрастырып көрейік? Қайсыларың шапшаң екенсіңдер! Ендеше, тірек сызбадан бастайық!
- Қандай сөз құрастырдыңдар? Бөлу.
Сонда бүгінгі тақырыбымыз – бөлу амалы.
1 - тапсырма. Өз бетімен.
1. Көбейтуге кері амал қалай аталады?
2. 35: 7-ні бөлшекпен жаз.
3. Бөлгішті (7 санын) кері санымен алмастырып, бөлу амалын көбейту амалымен жаз.
4. Бөлу амалын көбейтумен алмастыру үшін қандай түрлендіруді пайдаландың?
5. Түрлендіріп бөлу амалын (көбейту арқылы) орында: x=51: 3; y = 75: 0, 6;
6. Қандай қорытынды шығаруға болады?
Күтілетін нәтиже: Бөлу – көбейтуге кері амал.
Мұғалім жетелеуімен. Ережеге назар аударайық:
1. Жай бөлшекті жай бөлшекке бөлу үшін бөлінгіш бөлшекті бөлгіш бөлшекке кері санға көбейту керек. Әріп түрінде жазсақ, а/b: c/d=a/b * d/c
Мысалы, 2/7: 3/5=2/7*5/3=10/21
2. Бөлінгіш немесе бөлгіш аралас сан болған жағдайда аралас санды бұрыс бөлшекке айналдырып, содан кейін ғана бөлуді орындау керек.
3. Бөлінгіш немесе бөлгіш натурал сан болған жағдайда, натурал санды бөлімі 1 болатын бөлшек түрінде жазып, бөлшекті бөлшекке бөлу ережесін қолданамыз.
ІІ. ОПЕРАЦИЯЛЫҚ - ОРЫНДАУШЫЛЫҚ КЕЗЕҢ.
Оқулықпен жұмыс.
№ 794/1 - 3/, № 795/2 - 4/, №797/1 - 3/
1. Бөлшекті бөлшекке бөлу ережесі қалай тұжырымдалады?
2. Аралас санды аралас санға қалай бөледі?
3. Натурал санды бөлшекке бөлуді түсіндір.
Оқулықтан тыс тапсырмалар.
“Бағытпен жалғастыр” ойыны. Оқушылар, енді сіздер мына терминдер мен бөлшектерді сәйкестендіріңдер.
Бірлік бөлшек 4/4
Ең кіші жай сан 5
Жұп цифр 2/5
Дұрыс бөлшек 3
Тақ цифр 2
Бұрыс бөлшек 11/4
2. Торға 4 қоян орналастыруға болады. 38 қоянды орналастыру үшін неше тор қажет?
9 тор; 2) 10тор; 3) 9 тор (қалдық 2); 4) 152 тор.
2. Қазыналы математикалық терминдер.
Мына кестедегі әріптерден көлденеңінен математикалық терминдер құрастыру керек. Тапсырма тез құру әрекетімен есептеледі. Олай болса, тез орындайық:
1 Е Т Е Ң У Д
2 Ө І Б Г Ш Л
3 Р А С А А Л
4 А У З А Й Т
5 Б Е Ш К Л Ө
6 Е Б Е Р Ш Ң
( теңдеу, бөлгіш, аралас, азайту, шеңбер, бөлшек, )
ІІІ. РЕФЛЕКСИЯЛЫҚ - БАҒАЛАУ КЕЗЕҢІ.
Білімді бекітуге арналған сұрақтар:
1. Амалдарды орында: 14/15: 2/5* 1/10.
А) 30/7; В) 1; С) 7/30 Д) 7/31.
2. Зерттеу есебі. Кестені толтырыңдар:
ӨЗІН - ӨЗІ БАҒАЛАУ ПАРАҒЫ
р/с ----- Тапсырмалар ------ Мұғалім берген ұпай саны ----- Оқушының жинаған ұпай саны ------ Баға
Бағалау критерийі:
35 - 40 ұпай – «5»
22 - 34 ұпай – «4»
13 - 21 ұпай – «3»
Үйге тапсырма:
№ 800/1 - 4/, № 801 /2 - 4/, № 802.
Жай бөлшектерді бөлу
- даригуль
- 6 сәуір 2013
- 17352
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жай бөлшектерді бөлу, математика, 5 сынып
Ұқсас жаңалықтар:
Бұрыс бөлшекті аралас санға және аралас санды бұрыс бөлшекке айналдыру
Батыс Қазақстан, Казталов ауданы, Қарасу орта жалпы білім беретін мектебінің Математика пәнінің мұғалімі Дуйсенбаева Арнагул Имангазиевна...Ондық бөлшектер
ОҚО, Шымкент қаласы №27 «Мәртөбе» жалпы орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі: О. Даулетбаева...Бөлігі бойынша санды табу
Ақтөбе облысы, Хромтау ауданы, Аққұдық орта мектебінің математика пәнінің мұғалімі Сагидуллина Даригуль Саиновна...Жай бөлшектерді және аралас сандарды көбейту
Петропавл қаласы, №20 орта мектеп математика пәнінің мұғалімі Айгүл Тұрсынбайқызы...Ондық бөлшек. Ондық бөлшектерді оқу және жазу
Қарағанды қаласы, № 6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Канторбаева Шану Ракишевна...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.