Сайтқа кіру Тіркелу

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

Математика сабағында ойын элементтерін пайдалану

Қазіргі күн тәртібіндегі өзекті болып табылатын мәселелердің негізгісі – оқушылардың әрқайсысының өзіндік қабілетін, мінезін танып, жетілдіріп, сол бағытта жеке тұлғаларды тәрбиелеу.
Орта мектеп бағдарламасындағы пәндердің бірі – математика. Математика сабағында оқушылардың осы пәнге деген қызығушылығын арттыру, алдына қойылған есеп шешімін өз бетінше табуын жетілдіру, ойлау деңгейін, қабілетін шыңдау ұстаздың басты міндеті.

Математика сабағын жүргізгенде әр түрлі тәсілдерді тиімді пайдалана білу керек. Білім беруді ізгілендіру, оқыту әдістерін жетілдіруді, дамыта оқыту әдістері мен тәсілдерінің тиімді пайдалануын талап етеді.
Білімді меңгерту, біліктілікті қалыптастыру үрдісінде бақылаудың алатын орны ерекше. Бақылау - білім, біліктерін айқындау, есепке алу, бағалау, тексеру.
Егер берілетін білім мен оны меңгертудің арасында үйлесімділік болмаса, тиісті нәтижеге қол жету мүмкін емес.

Білім берудегі шамаға лайықтылық тиісті кедергілер мен қиындықты жеңе отырып, меңгерілсе, ұғым – түсінік тиянақты болады.
Жүйелі түрдегі әрекет мақсат еткен нәтижеге жеткізеді және одан шәкірт рухани қуат алып, ақыл - ой еңбегінің дағдысын қалыптастырады.
Берілетін білімнің беріктігі шәкірттің шамасына лайықтылығы мен жүйелілігіне байланысты, оқушының көңілін әр нәрсеге алаңдата бермей, олардың зейінін нақты бір мәселеге тиянақты бағдарласа, математиканы игерту нәтижелі болмақ.

Оқушыларды математиканы оқытуға қызықтырып тарту үшін қолайлы жағдайлар туғызу қажеттілігі, оқуға қызықтырудың басты шараларының бірі – нәтижеге жетуге ынталандыру.
Математика сабақтарында дидактикалық ойын элементтерін қолданып сабақ өткізу өте пайдалы. Ойынсыз ақыл ойдың қалыпты дамуы да жоқ және болуы да мүмкін емес. Ойын дүниеге қарай ашылған үлкен жарық терезе іспеттес. Ол арқылы баланың рухани сезімі жасампаз өмірімен ұштасып, өзін қоршаған дүние туралы түсінік алады.

Математикалық ойын дегеніміз тынысы кең, алысқа меңзейтін, ойдан ойға жетелейтін, адамға қиял қанат бітіретін ғажайып нәрсе, ақыл - ой жетекшісі. Сабақта ойын элементтерін пайдалану оқушылардың ой - өрісін, танымдық белсенділігін арттырады. Теорияны практикамен ұштастыруға жол ашады. Алайда ойынды үнемі оқу процесінде пайдалануға, ұзақ уақыт созуға болмайды. Ойын белгілі бір уақыт аралығында жүзеге асырылып, сабақ кезеңдеріне де нұқсан келтірмейтіндей жымдасып жатуы тиіс.

Ойынға педагогикалық басшылық жасау дегеніміз оқушыларды ұйымшылдыққа, шығармашылық дербес қызметтерін алмастыратын, балалардың ұжыммен қарым - қатынасын жетілдіре түсуі болып табылады. Ойын барысындағы қарым - қатынаста педагог басты назарды достыққа, жолдастық қарым - қатынас, өзара түсіністікке көңіл аударады. Ұжымдық ойындағы оқушының алар орны күнделікті өмірден айтарлықтай өзгеше. Ол ойындағы атқаратын рөлінен туындайтын мазмұнмен сипатталады.
Ойын оқушылардың қарым - қатынасын орнықтырады, бір - біріне сенімін, түсінігін арттырады. Ойын мектеп оқушыларын тәрбиелеудің тиімді жолы, сабақтың барысын өзгертіп жаңалықтар енгізіп отырсақ, оқушылардың білімге деген құштарлығы артары сөзсіз.

Көрнекті педагог В. Ф. Сухомлинскийдің «егер мен сабақ беруші ғана болсам, педагогтік деңгейде көтеріле алмас едім, шәкіртімнің жүрегі мен үшін қақпасын мәңгі ашпас тас қамалдай болып қала берер еді» деген сөзін өз санамызға сіңіріп, бұл тұжырымға көп мән беруге болады. Мысалы, мектеп оқушыларының көпшілігі математика пәнін меңгеруде көптеген қиыншылықтарға ұшырайды.

Қайсыбір оқушы болмасын одан осы пән туралы сөз қозғасаң, оны дұрыс түсіне алмай жүргенін, оған деген құштарлығының жоқтығына көз жеткізуге болады. Әрине, басқа пәндерге қарағанда бұл пәннің қиыншылығы да бар. Бірақ кез келген пәнді жақсы меңгеру үшін оқушылардың сол пәнге деген қызығушылығын арттыру мұғалімнің шеберлігіне келіп тіреледі.
Математикалық ойындар сыныпта жүргізілетін жұмыстардың ең қызықтысы. Ойынның қандай түрі болмасын, балаларды өзіне тартады. Мұның өзі мұғалім үшін өте қажетті жағдай.

Мұғалімде әрбір ойын элементтерін қолдану оқушылар арасында саналы жарыс туғызған жағдайда жүргізілуі тиіс. Мұғалім де әрбір ойын жөнінде терең толғанып, оның оқу және тәрбиелік маңызын түсіне білуі керек. Оқушыларға қойылған сұрақ қысқа, түсінікті болуы шарт. Ойын процесінде мүмкіндігінше ойынның бірнеше түрін кезектестіріп отыруы керек, әйтседе бізде көбіне бағдарламаға байланысты бір сарынды оқыту әдетке айналған.

Мысалы; үлестірме екі бөлініп, біреуінде сұрақ, екіншісінде басқа сұрақтың жауабы жазылады.
Оқушылардың міндетті сұраққа жауапты дұрыс тауып, үлестірме қағазын дұрыс құрастыру. Егер тапсырма орындалса, үлестірме қағаздың екінші жағынан белгілі бір сурет немесе мақал - мәтел шығуы керек.

Қорыта айтқанда, дидактикалық ойындардың математика сабақтарында атқаратын рөлі ерекше. Ол оқушылардың қызығушылығымен қатар, оқушыларды белсенділікке, тез ойлауға, ауызша есептеулерге, логикалық ойлау қабілетін арттыруда ерекше маңызы зор. Сондықтан математика сабақтарында ойын элементтерін неғұрлым жиірек пайдалансақ, соғұрлым сабағымыз қызықты тартымды өтер еді.
Кері қайту
Ұқсас жаңалықтар:
Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары

Оқушылардың математикалық ойлау жүйесін дамыту жолдары

Егеменді еліміздің жарқын болашағы болар жас ұрпақ - бүгінгі мектеп оқушысы. Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен жоқ....
Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Физика сабағында ақпараттық технологияны қолдану

Астана қаласы, М. Тынышпаев атындағы ҚазККА Ақмола колледжінің физика пәні оқытушысы Тулегенова Сабиткул Кожахметовна...
Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арт ...

Ойын элементтерін пайдалану арқылы оқушылардың шет тіліне қызығушылығын арт ...

Ағылшын тілін үйренуде рольдік ойындардың пайдасы зор. Ролдік ойындарда барлық балаларға роль беріледі де, бір – бірімен міндетті түрде қарым –...
Мектеп жасына дейінгі балаларға қолданылатын ойындардың тиімділігі

Мектеп жасына дейінгі балаларға қолданылатын ойындардың тиімділігі

Ортақшыл ауылы, «Балақай» балабақшасының психологы Кулмагамбетова А. С....
Сабақ сапасы - ұстаз білігінде (баяндама)

Сабақ сапасы - ұстаз білігінде (баяндама)

Қазіргі заман талабына сай білім беру – бұл қоғам мүшелерінің адамгершілік, интеллектуалдық, мәдени дамуының жоғары деңгейлік және кәсіби...
Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Абайдың қара сөздері, Ашық сабақ, Бастауыш, Информатика, Мақала, Мұқағали Мақатаевтың өлеңдері, Ресей, Русский язык, Сабақ жоспары, Тәуелсіздік, Физика, Химия, абай құнанбаев қара сөздері, абай құнанбайұлының қара сөздері, ана тілі, ағылшын тілі, бала-бақша, балабақша, бастауыш сынып, баяндама, биология, география, дүниетану, жыр, математика, нақыл сөздер, презентация, сайыс, сайыс сабақ, сценарий, тарих, тақпақ, технология, тәрбие сағаты, Қазақ әдебиеті, Қазақстан, қазақ тілі, қазақ тілінен сабақ жоспары, қысқа мерзімді жоспар, өлең

Барлық тегтерді көрсету
×