Тақырыбы: Дұрыс көпбұрыштар.
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Көпбұрыштар, көпбұрыштардың түрлерін меңгерту. Оқушылардың көпбұрыштар туралы алған білімдерін кеңейте отырып, есепте қолдануды үйрену; бізді қоршаған ортадағы көпбұрыштар туралы білу; көпбұрыштардың өмірде қолданылуы.
Дамытушылық: Оқушылардың ой – өрісін дамыту; ой ұшқырлығын арттыру. Пәнге деген қызығушылығын арттыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың жауапкершілік және өзін – өзі бағалау қасиеттерін қалыптастыру; ұқыптылыққа, сызбаны дұрыс сызуға баулу; ұлттық тәрбие беру.
Сабақтың түрі, әдісі бекіту; білім мен дағдыны тиянақтау; жүйелеу сабағы.
Оқушылар үшін оқу нәтижелері - Құнды пікір айтуға, басқаның ойын сыйлауға үйренеді.
- Топпен жұмыс жасай отырып балалар еркін ойлауға қалыптасады.
- Өздігінен кез - келген көпбұрыштарға берілген есептерді шеше алады.
- көпбұрыштардың қоршаған ортада кездесетіндігіне көздері жетеді.
Оқушылардың қызығушылығын ояту мақсатында төмендегідей «Кроссворд» шешу. (көлденеңнен)
1. Кез келген дөңес n - бұрыштың... бұрыштарының қосындысы (n - 2)*1800 - қа тең. (ішкі)
2. Егер көпбұрыштың кез келген қабырғасының созындысы көпбұрыштың басқа қабырғаларын қиып өтпейтін болса, онда мұндай көпбұрыш... көпбұрыш деп аталады. (дөңес)
3. Жай тұйық сынық сызықпен шектелген фигураны... деп атайды. (көпбұрыш)
4. Тұйық сынық сызықтың төбелері көпбұрыштың... деп аталады. (төбелері)
5. Кез келген сынық сызықтың ұштарын кесінділермен қоссақ... сынық сызық шығады. (тұйық)
6. Тұйық сынық сызықтың буындары көпбұрыштың... деп аталады. (қабырғалары)
7. Егер көпбұрыштың әрбір қабырғасы белгілі бір шеңберді жанайтын болса, онда бұл көпбұрыш шеңберге... сызылған деп аталады. (сырттай)
8. Егер әрбір төбесі белгілі бір шеңбердің бойында жататын болса, онда көпбұрыш шеңберге... сызылған деп аталады. (іштей)
Көпбұрыштардың ішінде дұрыс көпбұрыштармен жеке танысу себебіміз табиғатта және техникада, тұрмыста дұрыс көпбұрыштар көп кездеседі және қолданылады. Оның көп кездесу себебі дұрыс көпбұрыштар симметриялығымен ерекшеленеді. Әсіресе сәндік - әсемдік жұмыстарында, сәндік архитектурада қолданылады. Сондықтан дұрыс көпбұрыштарды білуге және сыза білуге адамдар ертеден құштар болған. Табиғаттың өзі әсемдікпен сәндіктен құралған екен. Химиядан білеміз бензол молекуласы дұрыс алтыбұрышты кристалдар. Алманы қақ ортасынан кесіп бөл де, дәндеріне қара, олар бесбұрыш құрайды. Қар ұшқындары алтыбұрышты мұз кристалдардан тұрады, сонымен бірге әрбір қар ұшқыны қайталанбайды. Бал аралар балды алтыбұрышты қуыстардан тұратын арнайы торда сақтайды, олар карез деп аталады.
Енді тақырыпты жазайық «Дұрыс көпбұрыштар»
Оқулықты ашып жаңа тақырыптағы анықтамаларды оқыңдар.
Топтарға ортақ сұрақ:
Дөңес көпбұрыштардың дұрыс болу шартын айтыңдар.
1. Барлық қабырғасы тең.
2. Барлық бұрыштары тең.
I топқа сұрақ:
Үшбұрыштың түрлерін айт. Қайсылары дұрыс көпбұрышқа мысал болады?
II топқа сұрақ:
Төртбұрыштың түрлерін айт. Қайсылары дұрыс көпбұрышқа мысал болады?
Екі топқа ортақ сұрақ: Ортақ қасиеттерін айт. (Жауап: Тең қабырғалы үшбұрыш және квадрат. Барлық бұрыштары және қабырғалары тең.)
Сұрақ: Қандай дұрыс көпбұрыштың түрлері бар екен? (Дұрыс көпбұрыштарды көрсетеміз.)
Көпбұрыштар қабырғалары көбейген сайын неге ұқсап бара жатыр? (шеңберге). Демек шеңберді сансыз көп қабырғалы көпбұрыш деуге болады екен.
Стереометриядағы геометриялық фигуралар дұрыс көпбұрыштардан жасалған:
Сабақтың толық нұсқасын жүктеу
Дұрыс көпбұрыштар
- ramuk_b
- 5 ақпан 2019
- 4262
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Дұрыс көпбұрыштар, Төртбұрыштың түрлері, математикадан сабақ жоспары
Ұқсас жаңалықтар:
Көпбұрышты салу
Оқушыларға еркін өлшеммен көпбұрыш сызуды, екі таңбалы сандарды оқу, ұзындықтармен амалдар жүргізу машықтарын жетілдіру. Логикалық ойлауын, танымдық...Теңбүйірлі үшбұрыштың қасиеттері мен белгілері
Алматы облысы, Панфилов ауданы, Қоңыр өлең ауылы Қожбанбет би атындағы орта мектеп Абидоллаева Мерует Әшімқызы...Paint графикалық редакторының құралдары
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы, Қазан орта мектебінің информатика пәні мұғалімі Мадиева Назира Кайдарқызы...Өткенді пысықтау
Атырау облысы, Исатай ауданы, Жанбай ауылы Хамидолла Наубетов атындағы орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі: Сұлтанғалиева Күнсұлу Сәменқызы...Үшбұрыш. Берілген үшбұрышқа тең үшбұрыштың бар болуы
Қарағанды қаласы №6 ЖББОМ математика пәнінің мұғалімі Саденова Н.К....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.