Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Қарға тамырды қазақпыз.
Сұраса келе қарын бөле болып шығамыз.
Өз жұрттың - күншіл,
Нағашы жұрттың – сыншыл,
Қайың жұрттың міншіл келеді.
Қартың болса, жазып қойған хатпен тең.
Немере етін жеп, сүйегін қалдырады.
Өз балаңды өскенше бағасың,
Немереңді өлгенше бағасың.
Екі аяқтыда бажа тату, төрт аяқтыда бота тату.
Еркек сергек ұйықтаса, ырыс бітеді,
Әйел сергек ұйықтаса, жұмыс бітеді.
Ағасы бардың жағасы бар,
Інісі бардың тынысы бар.
Ұлың өссе, ұлы жақсы мен ауылдас бол
Қызың өссе, қызы жақсымен ауылдас бол.
Ағаның үйі – ақ жайлау.
Қонақ асына емес қабақ – қасыңа риза.
Қонақ жаман болса, үй иесі қалдырады,
Үй иесі жаман болса, қонақ қыдырады.
Келінің жаман болса, ұлыңнан көр.
Күйеуің жаман болса, қызыңнан көр.
Ағадан – ақыл,
Атадан – нақыл.
Ер бала ата - анаға таяу,
Қыз бала үйге жаққан бояу.
Апам үйі – ақ жайлау.
Баланың ұяты әкеге,
Қыздың ұяты шешеге.
Әкесін сыйламаған кісіні,
Баласы сыйламайды.
Інісі бардың тынысы бар
Ағасы бардың жағасы бар.
Өз үйім - өлең төсегім.
Жалғыз ағаш үй болмас,
Жалғыз жігіт би болмас.
Үш ағайынды жігіттің отарда малы бар,
Екі ағайынды жігіттің мойында талы бар,
Жалғыз жігіттің шығар шықпас жаны бар.
Балапан ұяда не көрсе,
Ұшқанда соны іледі.
Балаға байқап сөйлесең,
Ақылға көнер.
Байқамай шайқап сөйлесең,
Көрсетер бір «өнер».
Жасы кіші ініні
Ақылы артса аға тұт.
Жасы үлкен ағаны
Жақсы сыйлап жаға тұт.
Атасыз үй – батасыз,
Анасыз үй – панасыз.
Жақсы ата – орман,
Жақсы бала қорған.
Өсер жастың алдын кеспе,
Өсер ағаштың басын кеспе.
Өзінің шарқын білген,
Өзгенің нарқын біледі.
Ананың ізін қыз басар,
Атаның ізін ұл басар.
Аға әдепті болса, іні әдепті,
Апа әдепті болса, сіңлі әдепті.
Жас жемісті жұлма,
Жас баланы ұрма.
Ағадан – ақыл,
Ініден – ізет.
Әдепсіз бала
Ауыздықсыз атпен тең.
Ақылды қария
Жазып қойған хатпен тең.
Бала тәрбиесі – бесіктен.
Әжемді тыңдағаным –
Өзімді танығаным.
Ана алдында – құрмет
Ата алдында – қызмет.
Әдепті бала ата - анасын мақтатар,
Әдепсіз бала ата - анасын қақсатар.
Анаңа ауыр сөз айтпа,
Атаңа ауыр жүк артпа.
Ата – балаға сыншы.
Атаңа не қылсаң,
Алдыңа сол келер.
Баланың бас ұстазы – ата - анасы
Ата – бәйтерек, бала – жапырақ.
Ата тілін алмаған ұлдан без,
Ана тілін алмаған қыздан без.
Атадан жақсы ұл туса, есіктегі басын төрге апарар,
Атадан жаман ұл туса, төрдегі басын есікке апарар.
Анасын сүйгеннің баласын сүй.
Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.
Ананың көңілі балада, баланың көңілі далада.
Ата көрген оқ жонар, ана көрген тон пішер.
Ана сүтін ақтамағанды, ешкім мақтамайды.
Әкенің қадірін балалы болғанда білерсің.
Ана жақсылығын ауырсаң білерсің,
Қайын жақсылығын қыдырсаң білерсің.
Атадан жақсы ұл туса,
Елінің қамын жейді.
Атадан жаман ұл туса,
Елінің малын жейді.
Адам болатын бала алысқа қарайды.
Әдепті бала арлы бала, әдепсіз бала сорлы бала.
Бала - адамның бауыр еті.
Бала - көңілдің гүлі, көздің нұры.
Жақсы бала - еліне бас болады, Жаман бала - еліне қас болады.
Қарағайға қарап тал өсер,
Қатарына қарап бала өсер.
Қыз ырыс емес пе, ұл қоныс емес пе?
Өз балаң өзекке тепсең де кетпейді,
Кісі баласы кісендесең де тұрмайды.
Тайдың мінгені білінбес,
Баланың істегені білінбес.
Талапты бала – талпынған құстай,
Құмары қанбас аспанға ұшпай.
Ұлың өссе, ұлықтымен ауылдас бол,
Қызың өссе, қылықтымен ауылдас бол.
Ұл – қоныс, қыз - өріс.
Ұяты жоқ - ұл жаман,
Қылығы жоқ - қыз жаман.
Балам – балым, баламның баласы – жаным.
Күнсіз гүл өспес,
Күтусіз ұл өспес.
Атадан ұл қалса - өзі қалғаны,
Қыз қалса – ізі қалғаны.
Адам болатын бала ағайыншыл,
Бай болатын бала айырбасшыл.
Бала күлкіге тоймас, жаман ұйқыға тоймас.
Дүниеде бал тәтті,
Бала балдан да тәтті.
Талапты бала – талпынған құстай.
Қарға баласын аппағым дер,
Кірпі баласын жұмсағым дер.
Жеті атасын білмеген - жетімдіктің белгісі.
Бір жақсы қыз - екі жаман ұлға татиды.
Қыз жоқ жерде - қызық жоқ.
Астың дәмін тұз келтірер,
Ауылдың сәнін қыз келтірер.
Сенің табаныңа кірген тікен менің маңдайыма кірсін.
Алты ұл туған ананы -
Ханым десе болады,
Кезек сыйласқан ағайынды -
Жаным десе болады.
Барлық мақал-мәтелдер
Денсаулық, спорт жайлы мақал мәтелдер
Табиғат туралы мақал мәтелдер
Әдептілік, адамгершілік туралы мақал және мәтелдер
Оқу, білім туралы мақал мәтелдер
Қазақша мақал мәтел (Ата-ана, әке-шеше, ұл бала мен қыз бала)
Еңбек туралы мақалдар мен мәтелдер
Ана тіл туралы мақал-мәтелдер
Қазақ халқының мақал-мәтелдері
Тіл туралы мақал-мәтелдер
Кәсіп, еңбек туралы мақал, мәтелдер
Отан, туған жер, ел туралы мақал-мәтелдер
Отбасы туралы мақал - мәтелдер
- ramuk_b
- 10 қыркүйек 2023
- 350238
- 0
- 100
Ілмек сөздер: Отбасы туралы мақал, мәтелдер, нақыл сөздер, мақал, мәтелдер
Ұқсас жаңалықтар:
Ата, ана, бала, ұл, қыз туралы мақал-мәтелдер
Атаның құны, ананың сүті, Ана алдында — құрмет, Ата алдында — қызмет....Ата-ана туралы мақал-мәтелдер
Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада. Жалғыз баласы атқа шапса, Атасы ауылда тұрып Тақымын қысады....Отбасы туралы мақал-мәтелдер
Балалы үй базар, Баласыз үй қу мазар. *** Бала - бауыр етің. *** Балаға пышақ бермесең бір жылар,...Әке туралы мақал-мәтелдер
Жақсы әке жаман балаға, Қырық жылдық ризық. Шешеге қарап қыз өсер, Әкеге қарап ұл өсер....Отбасы туралы мақал - мәтелдер
Отбасы, туыстық туралы мақал – мәтелдер Қарындасқа бұрмағанның қары сынсын. *** Үй ішінен жау шықса, Тұра қашып құтылмассың....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.