Тәні саудың - жаны сау.
Жаным десе, жан семірер.
Жоғалып табылған мал олжа,
Ауырып жазылған жан олжа.
Жақсының жаны - жаннат.
Атамекен аясы - адамның жан саясы.
Тәнім – жанымның садағасы,
Жаным – арымның садағасы.
Жақсыны көріп —
Жан семіреді.
Бітпеген малдан үміт,
Шықпаған жаннан үміт.
Біреуге мал қайғы,
Біреуге жан қайғы.
Кемедегінің жаны бір.
Жалғыз баласы бардың
Шығар - шықпас жаны бар.
Екі баласы бардың,
Өкпе, бауыр, жалы бар.
Үш баласы бардың
Бұқарада пұлы бар.
Жан ауырса тән азады,
Қайғы басса, жан азады.
Мал байдікі,
Жан құдайдікі.
Қай жерің ауырса,
Жаның сол жеріңде.
Жауға жаныңды берсең де, сырыңды берме.
Жан қиналмай жұмыс бітпес,
Талап қылмай мұратқа жетпес.
Ауру өле - өлгенше жаннан дәмелі,
Жалқау жан қиналмай малдан дәмелі.
Өтірікшінің жаны күйер,
Ұрлықшының малы күйер.
Айтулы достың малы бір,
Кемедегінің жаны бір.
Қай қолыңды кессең де,
Жанға батуы бірдей.
Қалған көңіл шыққан жанмен семіреді.
Алтын шірімес,
Дау қалмас,
Жан сасымас.
Тәртіп - тән үшін, ынтымақ - жан үшін керек.
Жауыңа жаныңды бер, сырыңды берме.
Малым - жанымның садақасы,
Жаным - арымның садақасы.
Қараның ашуы келгенде сарының жаны шығады.
Жан тәнге қонақ.
Үргедекпен оттас болсаң,
Сөзіне сенбе,
Жан алқымда өзіне сенбе.
Етігің жаман болса, аяғыңды қажайды,
Жолдасың жаман болса, жаныңды қажайды.
Бір кемеге мінгеннің жаны бір.
Жанын берсе де,
Жабағы тонын бермейді.
Бұқараңмен – жансың,
Бұқарасыз – шаңсың.
Жаман атағың шыққанша,
Жаның шықсын.
Шуақ жасыңды құрғатқанмен,
Жаныңды жұбата алмайды.
Ананың жаны –
Судың толқыны.
Кәріге жаны – дәрі.
Масқараланып ұрлығым шыққанша,
Шыңғырып шыбын жаным шықсын.
Ауруың қайда болса, жаның да сонда.
Екі биелі ел сақтайды,
Бір биелі жан сақтайды.
Жан тартпаса,
Қан тартады.
Жабу астында жал қалады,
Жал қалмаса, жан қалады.
Жан бар жерде – қаза бар.
Қымыз – кісінің қаны,
Ет – кісінің жаны.
Жан бергеннің қасында тұрма.
Жаманның жаны ардақты.
Айдап жүрген мал жақсы,
Мал жақсы емес - ау,
Арыз тыңдаған хан жақсы.
Бәрін айт та, бірін айт,
Аман тұрған жан жақсы.
Жан туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 15 қыркүйек 2019
- 4965
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Жан туралы мақал-мәтелдер, жан, ар, намыс, жақсы, жан жайлы, жаннат
Ұқсас жаңалықтар:
Қайсарлы қызы ем Қазақтың
Сығалай берме, жақсылығыма көз тігіп Кеткенсің ауып, қарайламастан ескі үміт! Енді ғана, тани бастадым пендені Енді ғана, тани бастадым ес кіріп......Өнер дерті
"Не жетпейді саған?" ~ деп, "Неге көңілің алаң?" - деп, таңданады басқалар. "Атағың бар, ақша бар, жаныңды ұғар жас та бар, аялаған халқың бар...Қасиет көп адамда табынардай
Қасиет көп адамда табынардай, (шығара алмай қалмаса бағы жанбай), ең керімі солардың - жат біреуді сүйіп, жақсы көруі жаны қалмай....Өтірік өрге баспайды
Өтірік өрге баспайды. Өтірікшінің жаны күйер, Ұрлықшының малы күйер....Денсаулық, спорт жайлы мақал мәтелдер
Әуелгі байлық — денсаулық Екінші байлық — он саулық, Үшінші байлық — ақжаулық....Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.