Орманшы ағаш кесе алмас, ақ балтаны қайрамай.
Жорыққа батыр аттанбас, жау жарағын сайламай.
Бір тал кессең,
Он тал ек.
Аялы ағаш —
Саялы.
Тұт ағаштың тұтын же,
Тұтын жесең, күтіп же!
Қалың ағаштың
Қисығы болмайды.
Қу ағашқа ну ағаш — сүйеу.
Қайтқан күнде қайыр жоқ,
Қу ағашта шайыр жоқ.
Жемісті ағашқа тас атпа,
Буаз биеге тас артпа.
Алтын балтаның да сабы ағаш.
Бір жылдығын ойлаған халық бидай егеді,
Жүз жылдығын ойлаған халық ағаш егеді,
Мың жылдығын ойлаған халық саналы ұрпақ тәрбиелейді.
Ағаш қаншалықты биік болса да, жапырақтары жерге түседі.
Ағаш айғайға құламайды.
Іздеген іскер ағашын табады.
Қарағайға сүйеніп тал өсер,
Басқа сүйеніп мал өсер.
Еменнен қатты ағаш жоқ,
Көп жатса жерде дерт ілер.
Болаттан қатты темір жоқ,
Тасқа салса кертілер.
Емен ағаштың иілгені - сынғаны,
Ер жігіттің екі сөйлегені - өлгені.
Қисық ағашқа тез, қисық мінезге сын бар.
Ағаш жапырағымен, жер топырағымен.
Қанша жуан болса да,
Жалғыз ағаш үй болмас,
Қанша жақсы болса да,
Жалғыз жігіт би болмас.
Жалғыз ағаш орман болмас,
Жалғыз кірпіш қорған болмас.
Сайлау жердің ағашы,
Сабырсыз елдің сазасы.
Жаман ағаштың жемісі де кеміс.
Ағаш ат аяңдамайды.
Дар да – ағаштан,
Мінбар да ағаштан жасалады.
Ағаштың құрты –
Ағашты құртты.
Жемісі көп ағаштың бұтағы төмен.
Құрғақ ағаш иілмейді.
Талдың жұмсақтығы өзіне жарасар,
Қайыңның қаттылығы өзіне жарасар.
Ағаш шешінгенде,
Адам киінер.
Алма ағашынан алыс түспейді.
Қанатсыз құс –
Жапырақсыз ағаш.
Ағашқа мәуе біткен сайын, төмен салбырайды.
Адам көркі шүберек,
Ағаш көркі жапырақ.
Жалғыз ағаш орманға қарайды,
Жалғыз бала қорғанға қарайды.
Ағаш — жапырағымен,
Жер — топырағымен.
Кәрі ағаш — бұтағымен,
Кәрі адам — ұрпағымен.
Асылсаң,
Асыл ағашқа асыл.
Жаңбыр бір жауса,
Терек екі жуады.
Ағаш екпей жеміс бермес,
Іс бітпей жеңіс келмес.
Ағаш туралы мақал-мәтелдер
- ramuk_b
- 19 қыркүйек 2018
- 20047
- 0
- 0
Ілмек сөздер: Ағаш туралы мақал мәтелдер, жеміс, ағаш, бұтақ, парсы мақалы
Ұқсас жаңалықтар:
Қисық туралы мақал-мәтелдер
Қисық ағаш үй болмас, Қыңыр жігіт би болмас....Киім туралы мақал-мәтелдер
Кісінің кісілігі, Киімінде емес, білімінде. Көне киім жаңаны сақтайды, Кәрі кемпір баланы сақтайды....Адам туралы мақал-мәтелдер
Ағаш көркі — жапырақ, Адам көркі — шүберек. Кісі аты тершіл, Кісі киімі кіршіл....Табиғат туралы мақал-мәтелдер
Жаңбыр бір жауса, Терек екі жуады. Су табиғаттың ажары....Рухани жаңғыру. Шеберлердің құрал - жабдықтары
Рухани жаңғыру Шеберлердің құрал - жабдықтары ▪ Ара – ағаш, темір кесетін тісті аспап. ▪ Асқақ темір – бір аяғы ұзын, бір аяғы қысқа циркуль тәрізді...Пікірлер: 0
Пікір білдіру
Ақпарат
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.
Қонақтар,тобындағы қолданушылар пікірін білдіре алмайды.