Қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс - әрекеттің ғылыми - практикалық негіздерін меңгеруі маңызды мәселелердің бірі болып отыр
Сабақтың мақсаты: Оқушыларды жеке, жұптық, топтық жұмыстар арқылы Д. А. Қонаевтың өмірі мен қызметімен таныстыра отырып, Д. А. Қонаевтың мемлекет және қоғам қайраткері, ғалым және қазақ елінің жанашыр патриоты болғандығын көрсету.
Сабақтың білімділігі: Оқушыларға қазақ елінің біртуар азаматы Д. А. Қонаев туралы жан - жақты түсінік қалыптастыру, кемеңгер тұлғаның қоғамға және мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру.